Алдыңғы мойындырық вена қанды мойыннан, иек астының терісінен жинайд. Оң және сол алдыңғы мойындырық веналар- төс сүйегінің мойындырық тілігінің үстінде анастомоз арқылы қосылып мойындырық вена доғасы пайда болады. Кейін алдыңғы мойындырық вена төс- бұғана –емізік бұлшық етінің артқы жағына өтіп, сыртқы мойындырық венаға құяды. Сыртқы мойындырық вена бұғанаға жақындағанда ішкі мойындырық венаға немесе тікелей бұғанаасты венасына құяды.
Бұғанаасты венасы, v.subclavia- қолтық венасының тікелей жалғасы, ол аттас артериядан төмен қарай орналасқан, одан алдыңғы сатылы бұлшық ет арқылы бөлінген, төс-бұғана буыны артында ішкі мойындырық венамен қосылып, иық-бас венасын түзеді.
Қол веналары- терінің астында вена торлары түрінде орналасқан. Олар беткей және терең болып бөлінеді. Қолдың беткей немесе тері асты веналары өзара анастомозданып вена торын түзеді, оның әр жерінен ірілеу сабаулар бөлініп шығады.
Қолдың латералды тері асты венасы, v.cephalica –қол басы сыртының кәрә жілік бөлімінде басталып, білектің кәрі жілік жағымен шынтаққа жетіп, қолдың медиалды тері асты венасымен анастомозданып, шандырды тесіп өтіп қолтық венасымен құяды.
Қолдың медиалды тері асты венасы, v, basilica—қол басы сыртының шынтақ жағынан басталып, білектің алдыңғы бетінің алдыңғы бөлімінде бұлшық ет бойымен шынтақ шұңқырына дейін барып, сол жерде аралық шынтақ венасы арқылы қолдың латералды тері асты венасымен анастомозданады. Одан әрі иықтың ортасында шандырды тесіп өтіп, иық венасына құяды.
Аралық шынтақ венасы, v. intermedia cubiti- шынтақ аймағының қолдың латералды және медиалды тері асты веналарынан қосатын қиғаш орналасқан анастомоз. Оған қол ұшының алақан жағынан және білектен қан әкелетін вена құяды. Аралық шынтақ венасының тәжірибелік маңызы сол, бұл жерге дәрі- дәрмек және қан құяды, лабораториялық зерттеулер үшін қан құяды.
Қолдың терең веналары- әр аттас артериялардың қасында екіден қосарлана жүреді, сонда екуден иық, шынтақ, кәрі жілік, сүйек аралық веналар болады. Екі иық венасы үлкен кеуде бұлшық етінің төменгі жиегінде бір-бірімен қосылып, қолтық венасын түзеді. Ол қолтық шұңқырында қолтық артериясын жауып жатады. Ол бұғананың астынан өтіп, одан әрі бұғана асты венасына жалғасады.