1.«Дезо» таңғышын салу дағдысын бағалау стандарты Көрсеткіштер



бет1/6
Дата06.06.2023
өлшемі50,33 Kb.
#99198
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алгоритм ЛД каз


1.«ДЕЗО» таңғышын салу
дағдысын бағалау стандарты


Көрсеткіштер: Жоғарғы қол бөлімдерінің жарақаты, бұғананың шығуы мен сынуы, мастэктомиядан кейінгі жағдай.
Науқас мәселесі:
Шынайы:ауырсыну,қорқыныш, қозғалыс шектелуі және қарау барысында анықталған мәселелер.
Потенциалды: Жарақаттық шок,сынықшалардың ығысуы, жұмсақ тіндердің нерв бағандары мен ірі тамырлардың зақымы.
Құрал-жабдықтар: жалпақ бинттер-3 дана, мақта-дәкелі жастықшалар, жансыздандырушы заттар ампуласы ( 2%-1 мл промедол, 2 мл 50% анальгин ерт), шприц,стерильді шариктер, 70% спирт,түйреуіштер-8дана.





Іс-әрекет алгоритмі

жауап



1

Науқаспен қарым-қатынас орнату




2

Науқасты өзіңізге қаратып отырғызу, тыныштандыру, алда болатын іс-шара жайында түсіндіру.




3

Зақымданған аймақты қарау.




4

Дәрігер нұсқауымен жансыздандыру (б/е 1 мл 2% промедол ерт немесе 2 мл 50% анальгин ерт енгізу)




5

Қолтық астына марліге оралған мақталы жастықша қою.




6

Зақымданған қолдың шынтақтық бөлімін тік бұрышта ұстап, кеудеге әкелу.




7

Науқасқа бетпе бет тұру




8

Сау жақтан зақымданған жаққа көше отырып, иықты кеудеге орнатып,бекітуші айналым жасау (1 тур).




9

Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде зақымданған иыққа қарай бинтті жүргізу (2 тур).




10

Ауырған иықтың артқы жағымен шынтақ астынан бинтті тусіру.




11

Шынтақ буынды бекітіп, білекке қарай ,білезік буынды бекітіп,сау қолтық астына бинтті апару.




12

Қолтық астынан арқамен ауырған иыққа бинтті жүргізу. Сау жақ қолтық астына арқамен бинтті сырғыту.




13

Иық толық бекітілгенше бинттің турлары қайталанып отырады.




14

Кеудеде 2 бекітетін турмен байламды бітіреді,байламның шетін түйреуішпен бекіту.




15

Травпунтке науқасты тасымалдау.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет