72 э к олог и я әож 631. 9: 574. 42 Еспергенов Ж. К



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата27.03.2017
өлшемі1,46 Mb.
#10564
  1   2   3   4

ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2006, № 4



 

 

72



Э К ОЛОГ И Я

 

 



ӘОЖ 631.9:574.42 

 

Еспергенов Ж. К. 

ШҚМТУ, Өскемен қаласы 



Умутбаева Д.А. 

ШҚМУ, Өскемен қаласы 



 

ШЫҒЫС   ҚАЗАҚСТАНДА  АСТЫҚ   ШАРУАШЫЛЫҒЫН   АУДАНДАСТЫРУДЫҢ  КЕЙБІР 

ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ   МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Шығыс  Қазақстан  облысының  оңтүстік  аудандарында    өндірілген  өсімдік  майы,  ұн 

сияқты негізгі өнімдердің сапасы төмен, ал өзіндік құны жоғары болғандықтан нарықтық 

ортада  сұранысы  аз.  Өнімнің  өзіндік  құнын  төмендетудің  негізгі  тегершігі  –  шаруа 

қожалықтарын  тереңдете  мамандандыру  негізінде  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің 

технологиясын  жетілдіру.  Қазіргі  уақытта  кәсіпорындар  егіншілікпен  де,  мал 

шаруашылығымен  де  айналысуда.  Нәтижесінде  шектеулі  өндірістік,  қаржылық 

қорлардың  бөлшектенуінен  көптеген  шаруа  қожалықтарында  егіс  көлемі,  мал  саны 

экономикалық тиімді деңгейде емес.  

Демек, Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде  орналасқан ауыл шаруашылығының 

өндірістік нысандарында астық өндіру саласының қалыптасуына себепші болатын келесі 

істерді ғылыми негіздеп жүзеге асыру қажет: 

-  аймақтың  топырақ–климат  ерекшеліктеріне  бейімделген,  агроэкологиялық  және 

экономикалық  тұрғыдан  тиімді  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  технологиялық  жүйесін 

жасау; 

-  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеу,  ұқсату  кәсіпорындарының  жүйесін 



қалыптастыруға    мүмкіндік  беретіндей  жергілікті  жерде  ауыл  шаруашылығы  шикізатын 

өндіру; 


-  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің    орналасуы,  мамандануы  және  еңбеккерлерінің 

біліктілігіне  сәйкес  экономикалық,  геоэкологиялық,  технологиялық  мөлшерлеудің 

аумақтық жүйесін қалыптастыру. 

Аталған  мәселелерді  шешуде  Шығыс  Қазақстан  облысының  табиғи-географиялық 

жағдайы  мен  осы  аумақта  орналасқан  ірі  Зайсан  қазаншұңқыры  агроэкологиялық 

мәселелерді  туындатады.  Ол  осы  аймақты  Қазақстанның  басқа  аймақтарымен 

салыстырғанда  топырақ-климаттық  жағдайлары  мен  белдеулерінің  вертикальды 

аймақтануымен ерекшелендіреді.  

Шығыс  Қазақстан  облысының  географиялық  орналасқан  өңірі,  территориясында 

кездесетін  көптеген  әр  түрлі  биіктікті  таулардың,  тау  алдындағы  жазықтың,  кең  көлемді 

қазаншұңқырдың,  су  қорларының  молдығы  мен  таралуы  топырақ  жамылғысының  әр 

түрлілігін сипаттайды. Зайсан қазаншұңқыры облыс территориясының оңтүстік бөлігінде 

жатыр.  Қазаншұңқырдың  ортасында  облыстағы  ең  ірі  Зайсан  көлі  орналасқан. 

Қазаншұңқырдың  оңтүстігінде  Сауыр,  Маңырақ,  Шығыс  Тарбағатай,  батысында  Семей 

жоталары мен Қалба тауы, ал солтүстігінде Алтай таулары бар. Қазаншұңқыр облыстағы 


ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2006, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

73

аса ірі Алтай және Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерін бөліп жатыр. Сауыр тауынан Зайсан 

көліне  қарай  Кендірлік,  Үйдене;  Шығыс  Тарбағатайдан  -  Қандысу,  Ұласты;  Оңтүстік 

Алтайдан  -  Қалғұтты,  Тақыр  өзендері  ағады.  Бірақ  осы  өзендердің  сулары  суармалы 

егіншілікке  пайдаланылуына  байланысты  және  құрғақшылық  жылдары  булану  әсерінен 

көлге  құюға  жете  бермейді.  Облыстың  негізгі  су  артериясы  -  Ертіс  өзені.  Ол  Моңғол 

Алтайынан  басталып  (Қара  Ертіс)  Зайсан  көліне  құяды,  одан  шығып  (Ертіс)  Шығыс 

Қазақстанның солтүстік территориясы арқылы Сібірге бағытталады. 

Зайсан  қазаншұңқырының  рельефі  ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  егуге  қолайлы, 

ылғалмен  қамтамасыз  етілу  деңгейі  бойынша  суармалы  және  тәлімі  егіншілік  дамыған. 

Егіншілікке  жарамды  жерлердің  ауданы,  кейбір  деректер бойынша, шамамен 187,7  мың 

гектар болады. 

Зайсан  қазаншұңқырының  ауыл  шаруашылығында  егістік  мақсатта  пайдаланылатын 

жерлерінің  топырақ  жамылғысы,  негізінен,  жусанды-бетегелі  өсімдіктердің  астында 

пайда  болған  қоңыр  және  ашық  қоңыр  топырақ.  Олардың  гумус  қабатының  орташа 

қалыңдығы  30-45  см,  гумус    мөлшері  1,5-2,5  %.  Топырақтың  құрамында  азот,  фосфор, 

калий  сияқты  негізгі қоректік заттардың мөлшері жоғары деңгейде. Топырақтағы жалпы 

фосфордың  мөлшері  елеулі  деңгейде  болғанымен,    өсімдіктер  оңай  сіңіретін  қозғалмалы 

фосфор  өте  аз.  Ауыл  шаруашылығы  дақылдарынан  өндірістік  шығындарды  қайтаратын, 

қанағаттанарлықтай  өнім  алу  үшін  топыраққа  азотты,  фосфорлы  тыңайтқыштарды 

берген тиімді. 

Шығыс  Қазақстан  облысының  климаты  ерекше  континентальдығымен,  ауа  темпера-

турасының  күндік  және  жылдық  ауытқу  амплитудасының  үлкендігімен  сипатталады. 

Қысы  қатал,  жазы  салыстырмалы  түрде  ұзақ  және  ыстық,  ал  Зайсан  қазаншұңқырында 

жаз  өте  ыстық  және  ылғалдың  тапшылығы  байқалады.  Ең  суық  ай  қаңтардың  орташа 

температурасы  -13–15 

0

С,  қыс  айларында  кейбір  жылдары  суық  -40–45 



0

С-ға  дейін 

төмендейді.  

Жаздың  ең  жылы  айы  шілдедегі  ауаның  орташа  температурасы  +22–23 

0

С,  кейде  ауа 



температурасы  +40 

0

С  дейін  көтерілуі  мүмкін.  Жылдың  орташа  ауа  температурасы 



облыстың солтүстігінде +1–2 

0

 С болса, ал осы көрсеткіш оңтүстік өңірде +3–4 



0

С. 


Аязсыз  кезеңнің  ұзақтығы  (187  күн)  жылу  сүйгіш  жүгері,  көкөністер,    майбұршақ 

сияқты дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Облыс территориясында атмосфералық жа-

уын-шашынның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай елеулі азаяды. Өскемен қаласын-

дағы  жылдық  жауын-шашын  мөлшері  шамамен  491  мм,  Зырян  ауданында  –        537  мм 

болса,  бұл  көрсеткіш  Зайсан  ауданында  тек  293  мм.  Жауын-шашынның  негізгі  бөлігі 

жылдың  жылы  мезгілінде  түседі.  Аймақтардың  ылғалмен  қамтамасыз  етілу  деңгейін 

сипаттайтын  көрсеткіш  –  гидротермиялық  коэффициент.  Ол  Зайсан  қазаншұңқыры 

аумағында  әр  жылдардың  ерекшелігіне  байланысты  0,1–0,5  аралығында  ауытқиды. 

Шығыс  Қазақстанның  астық  өсірілетін  егістік  жерлерінің  негізгі  бөлігі  суарылмайтын, 

астық дақылдары тек атмосфералық жауын-шашынның есебінен өсіп жетілетін жерлерде 

орналасқан (1-кесте). 

Сонымен бірге Шығыс өңірдің жазы ыстық, қысы суық. Осы аймақта ауыл шаруашылығы 

дақылдарының бірнеше агробиологиялық топтарын өсіруге болады. Бірақ олардың өнімділігін 

шектеуші  негізгі  фактор  –  ылғал  тапшылығы.  Зайсан  қазаншұңқырының  оңтүстік-шығыс 

бөлігінде  ауыл  шаруашылығы  дақылдарынан  экономикалық  тиімді  өнімді  тек  суармалы 

егіншілік  жағдайында  ғана  алуға  болады.  Аталған  мәселелерге  сәйкес  осы  аймақта  ауыл 



ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2006, № 4



 

 

74

шаруашылығы  дақылдарының  қоршаған  ортаның  агроэкологиялық  жағдайына  бейімделген 

егіп-өсіру  әдістерін  зерттеу,  өндіріске  ұсыну  келелі  мәселе.  Ондай  ауыл  шаруашылығы 

дақылдарын  егіп-өсіру  әдістері  қоршаған  ортаның  өнімділікті  шектеуші  факторларын 

мүмкіндігінше тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс. 

1  -  кесте.  Шығыс Қазақстан аудандарының егістік жерлері, мың  га 

р/р 


Аудандар 

жалпы ауданы 

егістік жерлердің ауданы 

суарылмайтын 

егістік жерлер 

суарылатын 

егістік жерлер 





Абай 


0,3 

0,3 



Аягөз 


12,4 

6,77 


5,63 

Бесқарағай 



37,5 

20,4 


17,1 

Бородулиха 



220 

216,9 


3,1 

Глубокий 



105,4 

102,3 


3,1 

Жарма 



19,7 

4,0 


15,7 

Зайсан 



13,8 

5,3 


8,5 

Зырян 



72,7 

72,1 


0,6 

Катон-Қарағай 



64,4 

60,3 


4,1 

10 


Көкпекті 

88,5 


72,3 

16,2 


11 

Күршім 


27,9 

7,9 


20,0 

12 


Тарбағатай 

9,4 


3,8 

5,6 


13 

Ұлан 


69,8 

58,7 


11,1 

14 


Үржар 

150,3 


107,1 

43,2 


15 

Шемонайха 

141,4 

139,3 


2,1 

Барлығы 


1033,5 

877,17 


156,33 

 

Қазақстан  жағдайында  астық  дақылдарын  егіп-өсіру  әдістерін  зерттеуге  арналған 



ғылыми 

жұмыстардың 

нәтижелерін 

Шығыс 


Қазақстанның 

топырақ-климаттық 

ерекшелігіне байланысты қолдану  мүмкіншілігі өте  аз. 

Ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  негізгі  түрлерін  қысқа  қарай  егу  танаптық 

жұмыстарының күзде және көктемде атқарылатын негізгі технологиялық операцияларын 

орындалу  мерзімдерін  өзгерту  арқылы  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  табиғи 

факторларға  тәуелділігін  азайтып  және  шектеулі  уақытты  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік 

береді.  Алдын  ала  жасалған  ғылыми  жұмыстың  қорытындылары  бойынша  зерттелген 

ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  өнімділігі  артып,  сапасы  жақсаратыны  анықталған. 

Дәстүрлі 

егу 

мерзімдерімен 



салыстырғанда 

ұсынылатын 

ауыл  шаруашылығы 

дақылдарын егу мерзімі өндірістің экономикалық тиімділігін елеулі мөлшерде арттырады 

деп күтілуде. 

Шығыс Қазақстан жағдайында соңғы 5–6 жыл ішінде астық өндіру көлемінің жылдық 

мөлшері  400  мың  тоннадан  650  мың  тоннаға  дейін  жетті.  Соған  байланысты  астықты 

өңдеп, ұн және жарма өндіру көлемі де арта түсуде. Бірақ саудаға шығарылған ұнның әр 

түрлі  сорттарының  тұтынушылық  сапасы  мемлекеттік  талаптарға  сай  келе  бермейді. 

Оның  негізгі  себебі  -  Шығыс  Қазақстанның  әр  түрлі  топырақ-климаттық  жағдайында 

өсірілген астықтың технологиялық сапасы бірдей емес. 

Біздің  жүргізген  зерттеулеріміз  көрсеткендей,  дәнді  дақылдарды  өңдеу  технологиясы 

оларды өсіру аймағының топырақ-климаттық жағдайына байланыстырыла жүргізілгенде 


ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2006, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

75

тиімді болмақ. Мысалы, астықтың дән маңызының (клейковина) мөлшері Шығыс Қазақ-

станның  ылғал  тапшы  оңтүстік  аудандарында  жоғары,  28-32  %  дейін  жетеді.  Сонымен 

бірге  орылған  астықтың  ылғалдылығы  да  төмен  болғандықтан  себепті  қосымша  кептіру 

жұмыстарын  қажет  етпейді.  Ұн  тарту  зауыттарының  шамамен  50–60  %-да    астықты 

тазалау  жұмысы  өте  төменгі  деңгейде  атқарылады.  Ал  астықты  гидротермиялық  өңдеп, 

өңдеуге дайындау кәсіпорыннан елеулі мөлшерде қаржы жұмсауды талап етеді. Мысалы, 

Өскемен  қаласындағы  «Балқаш-ұн»  кәсіпорнында  тазаланған  астық  шамамен  5-6  сағат 

жылы сумен өңделіп, тек содан кейін ғана ұнтақтауға жіберіледі.  Ал осы технологиялық 

әдісті дұрыс қолданбаған жағдайда дән жақсы ұнтақталмай, ұнның күлділігі артып, оның 

наубайханалық–технологиялық  сапасы  төмендейді.  Соған  байланысты  соңғы  жылдарда 

ауылдық  жерлерде  құрылған  астық  өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық процестері 

аумақта өсірілетін астықтың сапалық көрсеткіштеріне сәйкестендірілуі қажет. 

Өскемен  қаласының  аумағында  орналасқан  ұн  өндіретін  кәсіпорындардың 

технологиялық  құрал-жабдықтарының  қолданылуын  талдау кәсіпорындарда ұн тартушы 

технологтардың  жоқтығынан  тиімсіз  пайдаланылып,  өндірілген  ұнның  сапасын 

төмендетіп 

қана 

қоймай 


қымбат 

тұратын 


құрал-жабдықтардың 

да 


тиімсіз 

пайдаланылатынын  көрсетті.  Нәтижесінде  өндірісті  ұйымдастыру  мен  технологиялық 

құрал-жабдықтарды алу, орнату және қолдану шығыны елеулі деңгейге көтерілген.  

Соған байланысты осы мәселені шешудің келесідей бағыттары болуы мүмкін: 

1)  наубайхана  тұтынатын  ұнды  өндіретін  өндірісті  наубайхана  кәсіпорнында 

ұйымдастыру.  Осы  бағыт  әлбетте  сапасы  технологиялық  тұрғыдан  жақсы  бидай  және 

қара  бидайды  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарынан  уақытында  алуды  көздейді.  Ол  өз 

кезегінде 

ауыл 

шаруашылығы 



кәсіпорындарының 

өсімдік 


шаруашылығының 

технологиясын  агротехникалық  талаптарға  сай  ұйымдастырып,  атқаруды  талап  етеді. 

Мысалы,  Шығыс  Қазақстанның  негізгі  астық  өндіруші  солтүстік  аймақтарында 

топырақтың  табиғи  құнарлылығы  жоғары,  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарының  да 

қанағаттанарлықтай 

мөлшерде 

техника, 

құрал-жабдықтармен 

жабдықталуына 

қарамастан    көптеген  агрономиялық  мәселелер  туындайды.  Солардың  ішінде  астықтың 

технологиялық  сапасын  шектейтіндердің  (дән  маңызының  сапасы  мен  мөлшерін 

төмендететін)  қатарына  минералды  тыңайтқыштардың  берілмеуі  мен    екі-үш  жылда  бір 

қайталанып  отыратын  вегетация  кезінде  жауын-шашынның  елеулі  мөлшерде  түсуін 

атауға  болады.  Нәтижесінде  астық    тұқымдас  дақылдардың  өнімділігі  жоғары,  бірақ 

сапасы  төмен  болады.  Осы  аталған  мәселені  шешудің  түйіні,  біздің  ұсынысымыз 

бойынша, мүмкіндігінше ұн тартуды сапалы астық өндіретін аймақтарда ұйымдастыру.  

2) нан зауыты жағдайында наубайхана өндірісінің  талаптарына сәйкес ұнның сапасы 

жақсы  да  біртекті  болуы,  қамырдың  шығын  мөлшері  жоғары,  ұн  негізінен  ақ  түсті  және 

тартылғаннан  соң  кемінде  қоймада  алты  тәулік  сақталғандығын  қамтамасыз  ететін  

диірмендік  өндірісті  құру.  Осы  талаптарға  сай  ұн  тарту  өндірісі  үшін  сапалы  астық 

өндіретін  Өскемен  қаласынан  шамамен  5-15  км  қашықтықта  орналасқан  ауыл 

шаруашылығы  кәсіпорындарынан  тікелей  астық  алу.  Әлбетте  ауыл  шаруашылығы 

кәсіпорындары  жауын-шашын  мөлшерін  реттей  алмағанымен  де    астықты  ору,  кептіру, 

тазалау барысында бидайдың технологиялық сапасын жақсарта алады.  

Сонымен,  мақалада  келтірілген  астық  шаруашылығын  аудандастырудың  кейбір 

геоэкологиялық  мәселелерін  талдау  оның  экономикалық,  ұйымдастырушылық  және 

технологиялық жағдайлармен тығыз байланысты екенін көрсетеді. 

 


ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2006, № 4



 

 

76

Получено: 14.11.06. 

 

 



 

 

 



 

 

 



УДК 629. 331 

 

А.Т. Кайназарова, Т.П. Чернова  

ВКГТУ, г. Усть-Каменогорск 

 

РАБОТА ГОРОДСКОГО ПАССАЖИРСКОГО АВТОТРАНСПОРТА И ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ РИСКИ 

 

Воздействие  человека  на  окружающую  среду  приняло угрожающие масштабы. Чтобы 



в  корне  улучшить  положение,  понадобятся  целенаправленные  и  продуманные  действия. 

Ответственная  и  действенная  политика  по  отношению  к  окружающей  среде  будет  воз-

можна лишь в том случае, если мы накопим надежные данные о современном состоянии 

среды,  обоснованные  знания  о  взаимодействии  важных  экологических  факторов,  если 

разработаем  новые  методы  уменьшения  и  предотвращения  вреда,  наносимого  Природе 

Человеком. 

В Казахстане, как и в других экономически развитых странах, проблема охраны при-

роды  и  рационального  использования  природных  ресурсов  имеет  весьма  важное  значе-

ние. Наибольшее загрязнение атмосферного воздуха поступает от энергетических устано-

вок, работающих на углеводородном топливе (бензин, керосин, дизельное топливо, мазут, 

уголь,  природный  газ  и  другие).  Количество  загрязнений  определяется    составом,  объе-

мом сжигаемого топлива и организацией процесса сгорания.  

Общее количество вредных веществ, выбрасываемых стационарными источниками, по 

предварительным расчетам составляет около 2,3-2,4 млн т, автотранспортом – 1,1 млн т. 

Загрязнение  воздуха  превышает  норму  в  15  городах:  Риддере,  Усть-Каменогорске,  Актобе  и 

Алматы - более чем в 2,5 раза; повышенный уровень загрязнения наблюдается в Зыряновске, 

Актау, Темиртау, Таразе, Петропавловске, Шымкенте и др. городах. 

Как  видно,  одним  из  основных  источников  загрязнения  атмосферы  являются  транспорт-

ные средства. По мере развития общества, с ростом промышленного и сельскохозяйственного 

производства,  расширением  жилищного  и  культурно-бытового  строительства,  повышением 

материального  благосостояния,  возрастают  потребности  населения  в  поездках  и  передвиже-

ниях, которые удовлетворяются различными видами транспорта: автомобильным, железнодо-

рожным, водным, воздушным и специальными видами транспорта.  

Отрицательное воздействие автомобильного  транспорта (как самого максимально исполь-

зуемого  в  городах)  в  наибольшей  степени  проявляется  загрязнением  атмосферного  воздуха 

токсичными компонентами отработавших газов автомобилей; транспортным шумом и вибра-

цией;  электромагнитными  излучениями;  загрязнением  городских  водоемов  и  подпочвенных 

вод и др. 

Все виды загрязнений, имеющих место в городской среде, взаимосвязаны между собой, и 

каждый из них может явиться толчком для возникновения других видов загрязнений. 



ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2006, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

77

В  городе  Усть-Каменогорске  за  последнее  десятилетие,  как  и  в  большинстве  городов 

Республики Казахстан, наблюдается  значительное увеличение парка  автомобилей, при-

надлежащих  населению,  ведомственным  предприятиям  и  частным  фирмам.  В  городах, 

где  отсутствует  метрополитен,  наибольшая  доля  внутригородских  перевозок  осваивается 

автобусами.  Поэтому  перед  нашим  городом,  как  и  перед  всей  республикой,  остро  стоят 

экологические проблемы, решение которых требует принятия неотложных мер. 

Экологическая безопасность транспорта и качество  перевозок грузов и пассажиров  во 

многом  зависят от технического состояния подвижного состава, вида применяемого топ-

лива,  режима работы двигателей транспортных средств, организации движения подвиж-

ного состава, интенсивности движения транспортных средств и других факторов. Техни-

ческое  состояние  транспортных  средств  подразумевает  не  только    качество  выполнения 

технического  обслуживания  и  ремонта,  но  и  моральное  и  физическое  старение  транс-

портных средств [1, 2]. 

На  улично-дорожной  сети  городов  автобусное  движение  существует  не  отделимо  от 

потока  других  автотранспортных  средств.  В  настоящее  время  маршрутная  сеть  г.  Усть-

Каменогорска,  сформированная  на  основе  проекта  реорганизации  маршрутной  сети  го-

родского  транспорта,  представлена  49  автобусными  маршрутами  и  13  маршрутами,  об-

служиваемыми  микроавтобусами. На тендерных условиях маршруты распределены меж-

ду  11  перевозчиками.  Общий списочный парк  подвижного состава составляет 495 авто-

бусов различной вместимости и 136 микроавтобусов. Распределение подвижного состава 

по сроку эксплуатации представлено в табл. 1. 

 

Т а бли ц а   1.  Структура подвижного состава по сроку службы 



 

Срок службы 

Количество подвижного состава 

автобусы 

микроавтобусы 

единиц 


единиц 


до 5 лет 

12 

2,4 


74 

54,4 


от 5 до 10 лет 

0,4 



35 

25,7 


от 10 до 15 лет 

87 


17,6 

2,2 



от 15 до 20 лет 

364 


73,5 

23 


16,9 

свыше 20 лет 

30 

6,1 


0,8 


Всего 

495 


100 

136 


100 

 

У  перевозчиков  существует  множество  проблем,  связанных  с  их  эксплуатацией  и  ре-



монтом. Вот некоторые из них: 

- высокие цены на ГСМ заставляют задуматься, как сократить эти расходы; 

- возраст 97,6 % автобусов всех перевозчиков превышает 5 лет (это оптимальный срок экс-

плуатации, принятый в развитых странах). Перевозчики, как правило, не могут купить новые 

автобусы  и  ищут  способы  восстановления  работоспособности  своих  машин  и  защиты  их  от 

дальнейшего износа либо приобретают подвижной состав, бывший в эксплуатации; 

- по оценкам Российских экологов, от 30 до 80 % загрязнений воздуха в городах при-

ходится  на  выхлопные  газы  автомобилей,  в  том  числе  автобусов.  В  автобусах  с  повы-

шенным  износом  выхлопные  газы  более  токсичны,  чем  у  новых  и  малоизношенных  ма-

шин.  Поэтому  перевозчики  должны  систематически  контролировать  уровень  выбросов 

отработавших  газов автобусами в атмосферу и принимать меры для их снижения, защи-


ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2006, № 4



 

 

78

щая экологическую среду [1]. 

Из данных табл. 1 можно сделать вывод, что наибольшее количество автобусов - 97,2 % - 

это автобусы со сроком службы от 10 до 20 лет и выше. Темп обновления парка микроав-

тобусов достаточно высокий, около 55 % - это транспортные средства до 5 лет эксплуата-

ции,  на  замену  морально  устаревшей  модели  РАФ-2203  приходит  ГАЗ-3221  (ГАЗель). 

Средний  срок  службы  всех  автобусов,  имеющихся  на  балансе  предприятий,  составляет 

16,5 лет, а маршрутных такси - 6,7 года.  

Пять  транспортных  фирм  г.Усть-Каменогорска  являются  достаточно  крупными  пред-

приятиями (они организованы на базе действующих автобусных парков), которые имеют 

хорошую  ремонтную  базу  и  осуществляют  полный  объем  технического  обслуживания  и 

ремонта  транспортных  средств,  остальные  предприятия  качественного  технического  об-

служивания и ремонта дать подвижному составу не могут.  

Стареющий парк транспортных средств требует полного и своевременного диагности-

рования и предупреждения неисправностей, наибольшая часть из которых негативно ска-

зывается  на  экологической  обстановке  в  городе.  Анализ  марок  автобусов,  имеющих 

большой срок службы, представлен в табл. 2. 

 

Т а бли ц а   2.  Структура марок автобусов со сроком службы свыше 15 лет  



 

Показатели 

Марка автобуса 

 

ЛАЗ-695 



 

ЛиАЗ-677 

 

ПАЗ- 672 



Скания, Вольво, 

Ман, Икарус, 

Мерседес 

Количество автобусов, ед 

88 

124 


72 

110 


Структура, % 

22,3 


31,5 

18,3 


27,9 

 

Из  394  автобусов  со  сроком  службы  свыше  15 лет третью часть составляют автобусы 



производства стран Швеции, Венгрии, Германии (27,9 %), количество которых из общего 

числа  подвижного  состава  ежегодно  увеличивается.  Данная  группа  транспортных 

средств,  ранее эксплуатировавшихся в странах Европы, была приобретена местными пе-

ревозчиками  уже  с  критическим  сроком  эксплуатации.  При  этом  перевозчиками  пресле-

довались две цели – низкая цена автобусов и высокие эксплуатационные качества.  

Существующий подвижной состав работает на таких видах топлива, как бензин и ди-

зельное топливо, которые были и остаются не самыми лучшими.  

Наибольшей  токсичностью  обладают  выхлопы  карбюраторных  ДВС  за  счет  больших 

выбросов  окиси  углерода  СО,  углеводородов  СН,  окислов  азота  Nox  (в  данный  момент 

пассажирские  предприятия  имеют  в  своем  составе  72,7  %  автобусов  с  карбюраторными 

двигателями). Дизельные ДВС (в данный момент их насчитывается 27,3 % всего подвиж-

ного  состава)  выбрасывают  в  больших  количествах  сажу,  которая  в  чистом  виде не ток-

сична, но ее частицы несут на своей поверхности частицы токсичных канцерогенных ве-

ществ, особо опасных для человека [3]. 

В  настоящее  время  наиболее  перспективными  альтернативными  видами  топлива,  с 

точки  зрения  минимальной  токсичности  выбросов  отработавших  газов,  признаны  ком-

примированный  (сжатый)  природный  газ  –  метан,  сжиженный  природный  газ  –  метан, 

сжиженный нефтяной газ – пропан-бутан и водородные топливные элементы. Масса вы-

бросов отработавших компонентов газа почти в 3 раза меньше, чем бензина [4]. 

Многие  государства  постсоветского  пространства  переходят  на  применение  газовых 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет