72 сұрақ түсініксіз: Мәтін мазмұны бойынша тезис жазыңыз дейді, бірақ ешқандай мәтін берілмеген????????‍♀️


Диалогтық сөйлесу рөлінің ерекшелігін жазыңыз



бет4/4
Дата25.09.2024
өлшемі203,05 Kb.
#145673
1   2   3   4
Байланысты:
72-78

78. Диалогтық сөйлесу рөлінің ерекшелігін жазыңыз.
Сабақ тақырыбы мен мазмұына сай моноголтық және диалогтық сөйлесу түрлеріне қатысты жұмыстар ұйымдастырылды. Қазақ тілі материалдарын оқыту үдерісінде оқушылардың сөйлеу, жазу дағдысын арттыру мақсатында іске асыру қажеттілігі ескерілді. Диалогтық сөйлесу рөл ыңғайында ұйымдастырылса да, жарыссөз, пікір таласы түрінде өткізілсе де, онда оқу мотивін қалыптастырудың негізгі шарттары - әрбір оқушының өзін танытуға мүмкіндік беру, әр түрлі әрекет үстінде өзін-өзі сынауына жол ашу, оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктеріне қарай жұмыс түрлерін белгілеуге баланың танымдық, әлеуметтік қабілеттерін жетілдіру мақсаты қойылды.
Сөйлеу әрекеті тек қарым-қатынас жүйесінде ерекше мәнге ие болады. Себебі, тіл сөйлеу әрекеті арқылы танылып, іске асады, баланың ойлау дағдысын дамытады. Қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тілдің әлеуметтік, танымдық қызметтері іске асырылады. Тіл мәдениеті дегеннің өзі де "ойды дәл, анық әсерлі беруге септесетін барлық элементтердің жиынтығынан тұратын дұрыс жазу мен айта білу іскерліктерінің нәтежиесі болғандықан, ол - әрі күрделі, әрі айқын құбылыс". Диалогтық сөйлесуде оқушылар өз ойын тез жинақтап, екінші бір адамдармен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығын арттыруға үйретіледі. Бір-бірлеріне сұрақ қоя білуге төселеді. Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана емес, қай нәрсеге сұрақты қалай қоя білуіне де байланысты танылатынын пайымдайды. "Адамның белгілі мәселе жөнінде сұрақ қоя алуы - ойланудың алғашқы баспалдағы, сұрақ қоя білу - сол мәселені шешудің "кілті". Сұрақ - қиялдаудың ең жоғарғы қасиеті".
Диалогтік сөйлесудің тағы бір артықшылығы, оған бүкіл сынып оқушылары куә болатындықтан, бала өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады /жасөспірімнің қай-қайсысы да өз ортасына танылуды қалайды емес пе? /қандай мәселе төңірегінде болмасын бұл жарыс/ой, сөз жарысы десе де сыйымды/ оның есінде ерекше сақталады. Балалардың бірі басым түсіп, екіншісі жеңілуі де мүмкін. Жеңілген бала қатесін түсініп, оны толықтыруға үйренеді, әрі өзін-өзі сынай білуге төселеді, оның "ішкі оппоненті" /Т.А.Матис/ пайда болады. Өз әрекетін алдын-ала жоспарлаудың, ізденудің қажеттігін сезінеді. Бұл да оқу-танымдық мотивтері мен әлеуметтік мотивтердің бір-бірімен тығыз байланысып, өзара әсер ету нәтежиесінде дамып, қалыптасатынын байқатады. Ендігі кезекте бала алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылады. 
"Ең жағымды, тиімді деген мотивтердің өзі де тек оқушы дамуының потенциалдық мүмкіндігін көрсетеді, ал олардың жүзеге асуы оқушының мақсат қоя білуіне, оқу үрдісінде сол мақсатқа жетуге ұмтылдыратын іскерліктеріне тікелей тәуелді" болатынын ескерсек, диалогтық сөйлесудің білімді меңгерудегі өзіндік рөлі айқындала түседі. Баланың танымдық, әлеуметтік позициясының қалыптасуында өз ортасының пікірін біліп отыруының пайдасы аз емес. Әрине, бұл үшін арнайы тәрбие сағаттарын сынып жетекшілері өткізіп те отырады. Дегенемен, ана тілі пәнінің негізі, өзекті мәселелерінің бірі - оқушының өзіндік көзқарасына негізделген сөйлеу тілін дамыту болғандықтан, олардың қарым-қатынас қабілетін арттырудың бір жолы белгілі бір тақырып төңірегінде өзара сынға арналған пікір алысуын ұйымдастыру. Бұл тапсырманың сабақ тақырыбынан алшақ кетпеуі үшін ондағы тілдік объектінің болуын қадағалау керек, ал екінші жағынан, сын айта білудің өзінде әділдік, мәдениеттілік, достық ниет жататынына, сондықтан оны дұрыс қабылдай білудің өзінде де ұлттық үрдістегі сөзге тоқтау, жеңілгенін дер кезінде мойындай алу секілді жағымды адами қасиеттердің қалыптасатынына көз жеткізуге ұмтылдық. Яғни сабақтың білімдік мақсаты мен тәрбиелік міндеті ұштастыра жүргізілді. Ол үшін мұғалім жаттанды, жалаң репликадан бойын аулақ ұстап, баланың көзқарастарына өз ортасы арқылы әсер етуіне күш салынды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет