72 сұрақ түсініксіз: Мәтін мазмұны бойынша тезис жазыңыз дейді, бірақ ешқандай мәтін берілмеген????????‍♀️



бет1/4
Дата25.09.2024
өлшемі31,76 Kb.
#145673
  1   2   3   4
Байланысты:
72-78


72 сұрақ түсініксіз: Мәтін мазмұны бойынша тезис жазыңыз дейді, бірақ ешқандай мәтін берілмеген🤷🏻‍♀️


73.Тілдің эстетикалық қызметін меңгерту арқылы оқу мотивтерін қалыптастыруды жазыңыз

Ана тіліне оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір жолы – тілдің эстетикалық қызметіне көп көңіл бөліп отыру. Тілге деген эстетикалық сезім, эстетикалық қатынас қалай тәрбиеленеді? ол үшін бала өз тілінің әсемдігін, мәнерлілігін, байлығын сезіне білуі қажет. Әр бір тілдік единицаны оқытқанда, оқу мативтері негізінде біз оның осы қырларына да назар аударып отырдық.


Эстетикалық талғам – әсемдікті ажыратудағы адамның сезімталдығы. Бұл тіл сабақтарында да көркем өнер туындыларын қажетті жерінде дұрыс пайдаланудың тиімділігіне көрсетеді. Өнер туындысындағы сұлулықты сөзбен суреттеу, оның жетістіктерін сөзбен сомау арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру да мүмкін болады. Ал ең бастысы, баланың дүние танымы кеңейе отырып, тілдік қабілеті де артады. Қажетті сөзді сұрыптау барысында тілдік талғамы жетілдіріледі. Мұндай жұмыстар пәнге матив қалыптастыруға ықпал етті. 
Эстетикалық талғам қалыптастыруға негіз болатын практикалық жұмыстардың ажырамас үш қыры бар: / орфографиялық және пунктуациялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; 2/ оқушыларға әдеби тіл нормасын игерту; 3/ оқушының өз ойын нақты , дәл байланыстыра айта білу қабілетін дамыту.
Сауатты жазу – жазба тіл мәдениетінің маңызды бір элементі болғандықтан, оған қажетті іскелік дағдыларды: практикалық тұрғыдан сөздерді дұрыс пайдалан білуге баулу бір тұтас жүйелі жұмыс үстінде жүзеге асырылды. Әдеби тіл нормасын игеру де фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларды танумен, игерумен байланысты. Солар арқылы оқушының байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға жол ашылды.
Тіл мәдениетін жетілдіру үшін орфография мен орфоэпияның мәнін білу қаншалықты маңызды болса, сөздің лексикалық мағынасын білумен бірге сол сөздің грамматикалық, стильдік қолданыстарын дөп басып ажырата алу соншалықты мәнді. 
Оқушының осы түсінік-ұғымдарының нақты жұмыс, әрекет үстінде жүйелі практикалық дағдыда айналуы үшін олардың әдеби тіл нормаларымен сәйкестігіне үнемі назар аударылып отырылды. Әрине, бұл нормалар жеке-дара қолданылмайды, олар бір обьектіге әртүрлі қырынан қойылатын талаптарды ұштастыруға қолайлы. Оқушылардың тілдік қабілеттерін шыңдауда бұл жүйе жан-жақты жүргізіліп, анық, айқын түсіндірілді. Өйткені қазақ тілінің ой-пікір білдіруінің пішіндік, мазмұндық құрылымында өзіндік ерекше сипат бар. Баланың сөйлеген сөзінде, иә жазған жұмысында бір сөздің әлденеше қайталануы, ойдың жалаң формация түрінде жеткізілуі, тіл көркемдігінің ескерілмеуі сөздің әсерлілігін төмендетеді. Сондықтан айтар ойдың нақтылығы мен жүйелілігіне қоса оның мазмұндық сипаттарының ажарлы тілмен берілуін ескерген ләзім.
Балаға пәннің қажеттілігін сезіндіруде біз Ж.Аймауытов ұсынған әдістерді де қолдандық. Мәселен, «оқушының» пәнге көзқарасын өзгертетін, оларды белсенді жұмыс істеуге жұмылдыратын бір жол – баланың қытығына тиіп, тентектігін қоздыру секілді оны қиын халдан жеңіп шығуға итермелейтін күштерді/ мотивтерді/ ояту» [3, 74-б]. Бұл жердегі жеңістің оқушының өз мүмкіндігін шамалап, бағалауына, өз әрекетін ұйымдастыруына түрткі болатыны ескерілуі тиіс. Оқыту үдерісінде мұндай әдістің орынды қолданылуы ерекше серпін туғызды. Ана тіліміздің қадірі арқанмен, оның әлі де кең қанат жая алмай отырғандығы жасөспірімдердің өз тіліне деген немқұрайлылығының тууына соқтырып отырғаны ащы шындық. Ол, әсіресе қала мектептерінде белең алған келеңсіз құбылыс. Сондықтан бұл тәсіл балалардың намысын жонуға әсер етті. Бұл әрдайым грамматикалық тақырыптарды бекіту барысында мысалдарды балалардың өзіне ойлатуды әдетке айналдырдық. Сонда тек тіл объектісін қамтуды көздеген қарапайым мысалдарға дер кезінде ескеру жасалып, түзетіліп отырды. Қай ортада, қандай жағдайда болмасын ойыңды анық, жүйелі, көркем тілмен айтудың тек білімділік нышаны емес, парыз екенін ескерте отырып, «Ендігі жерде – қазыналы тіліміздің иесі де, жоқтаушысы да сендерсіңдер» дегендей ой салмағын оқушының өзіне қарай аудару, ары қарай жүргізілетін жұмыстарға игі әсерін тигізді. Балалрдың дамуына осындай әрекеттердің мәніне назар аудару арқылы ден қойғызу маңызды шарт. /4/
Тіліміздің көркемдігі туралы қайта-қайта айта беру де ұтымды емес. Мұндай әдіс жиі қайталана берсе де бала құрғақ уағыздан шаршап, қайта жерініп кетеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар түрлендіріліп, бір-біріне сабақтасып, ойын элементтерімен де үйлестіріліп, жалғаса жүргізілгенде нәтиже бермек. Ең әуелі әсерлі әңгімеден есті бала біршама ой түйеді. Одан кейінгі сабақтарда ана тілінің құдіреті, сұлулығы, байлығы, өзіне тән ерекшеліктері туралы даналар айтқан сөздерді дидактикалық материал ретінде орынды кірістіру және тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарының мазмұны арқылы саналы түсінікке қол жеткізуге болады. Балаларға сөйлем құратқанда екі-үш тірек сөздерді ұсынып, соны кеңейтіп жазуды тапсыру – олардың ойлау қабілетін, әсем сөйлеуге құштарлығын өсірудің шарты. Мысалы, «етістікті» өткенде «Болат», «көл жағасы» деген сөздерді қатыстырып, өзі қалаған етістіктермен тіркестіріп, сөйлем құрауға тапсырма берілді. Оқушылар бұл тапсырманы аса ыждағаттылықпен, қызығушылықпен орындады. Олардың құраған сөйлемдерінің құрылысы да, айтатын ойы да күрделеніп дамығандығы аңғарылады. 
Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу мәселесі тәуелсіз елдің болашағы, ана тілімен де қатысты екендігін оқушының қаншалықты түсінуімен байланысты. Оқушы өз тілін сүю, құрметтеу арқылы Отанын, елін сүюге, қорғауға үйренеді. Өз тілінің қасиетін таныған ұлан ғана өзге халықтың да тілін құрметтей алады, барлық тілдің теңдігін түсіне алады. Бұл ұғым да оқушының білім, көзқарасының үзілмес тініне айналу шарт. 
Мұның қай-қайсысы да ана тілінің жекепәндік, арнайы міндеттеріне қатысты болса, екіншіден, сол міндеттер арқылы тілдің жалпыдидактикалық мақсаты айқындалады. Оқушыларды тәрбиелеу олардың логикалық ойлауын дамыту ана тілінен білімдерін өз беттерінше толықтыруға үйретуге негізделді. Мұнда сөйлеудің тамаша үлгілерін, шешендік сөздерді таңдаттық. Мәтіндегі ой ағымы мен сөз өрнегінің бірлігі неде, осы сөздердің әсерлілігі қандай? Олардың қарапайым сөз түріндегі нұсқасын қалай түзуге болады? Екі нұсқаның қайсысы несімен артық деп ойлайсыңдар?деген тұрғыда талдау жасатып, талқылау баланы еріксіз ойландырады, оның тіл туралы түсінігі кеңейе бастайды. Бұл мұғалімдердің ізденіп, қосымша ақпарат көздерін тауып отыруын қажет етеді. Мәселен, мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерге дұрыс талдау жасауға үйрету үшін «Б.Адамбаевтың «Халық даналығы», С.Мұқановтың «Қазақ қауымы» т.б секілді еңбектері, сөз тарихынан хабардар ету барысында Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді», еңбектерін, сөйлеу, тіл мәдениетін жетік меңгеруге септесетін М.Балақаевтың «Қазақ тілінің мәдениеті», Н.Уәлиевтің «Сөз мәдениеті» т.б. қосымша материалдармен танысу тек мұғалімдердің емес, оқушының да қажеттігін өтейтін маңызды дүниелер.
Қазіргі оқытудағы жаңа талап – оқушыны іздендіру, өздігінен білім алуға үйрету. Оқулықта берілген мағұлматтарды, әсіресе, ана тілінің айрықша қасиеттерін тереңдей тануға көмектесетін, оқушы ойына қозғау салып, пәнге қызықтыратын танымдық пайдасы мол мұндай еңбектердің берері көп. 
Оқушының танымдық белсенділігін арттырудың негізгі факторы ретінде оқушыларға қойылатын талап пен олардың қабілеттерінің сәйкес болуы; оқу үдерісінде баланың өз әрекетіне қанағаттануы; мұғалімнің энтузиазмы; оқушылардың өз мүмкіндігін сезінуі; оқушылардың өз таңдауымен жұмыс істеуі т.б. аталады. Сонымен қатар, бұл факторлар оқу мативтерінің өрісін де кеңейтіп, шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Мотивтің тууы бала бойындағы қабілетті оятуға алғышарт ретінде қатысады [5, 124-б]. Қабілеттілікті тәрбиелеудің жолдары: 1-жолы – сабақты қызықты беру – оқушыларды ықыластандыру, зейінін аудару, терең ойлауға жетелеу; 2-жолы – оқу үдерісінде жіберген қателерін ескерусіз қалдырмай, талдап-талқылап, оқушының өзіне түсіндіріп көрсету /6/. Бұл оқу әрекетін дамытуда оқушының танымдық, яғни когнетивтік қасиеттері мен мотивациялық алғышарттың бір-бірінен тығыз байланыста жүзеге асатынын айғақтайды. 
Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың бір жолы – «пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалдың оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып табылады» /36, 149/. Мұнда білімді меңгертуде баланың ынта-ықыласын жұмылдыру арқылы грамматикалқыы ережелер мен анықтамаларды, оның заңдарын балаға өзіндік ой қорытындылары арқылы түйіндету мақсаты көзделді. Мұндай сабақтар алдын-ала жоспарланып, онда мынадай міндеттер белгіленеді:
-​Грамматикалық материалды оқушыға түсіндіру жолын ықшамдып,
өнімді әрі баланың қабылдауына, ақыл-ойына қонымды болуын қарастыру;
-​Меңгерілуге тиіс материалдардың түйінді мәселелерін 
оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру, олардың түсіну дағдыларын қалыптастыру. Бұл жағдайда – «мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, оның жолын көрсету» /Эльконин/, «оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу» /Гальперин/ болып табылады. Ал, оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері тапты. Бұл олардың ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталды. 
Тіл сабақтарында эвристикалық мұндай тәсілдерді тілдік атау – терминдерге көңіл бөліп, оның мағынасын, мәнін ашу арқылы түсіндіруде, тілді саналы меңгертуде қолдануға мүмкіндік мол. 
Бақылау эксперименті нәтижесінде қазақ тілі сабақтарының көбінде формальді түрде өтуінің, оқушылар үшін қызықсыз да жалаң күйге түсуінің бір себебі балардың пән объектілерін дұрыс түсінбеуінде екені анықталды. Көбінесе, тілдік терминдер мен атауларды түсіндіруде мұғалімдердің оқулықта берілген дайын ережелерді жаттатудан аспай, ал сол терминдердің ішкі мәнін назардан тыс қалдаратыны байқалады. Қазақ тілі әдістемесінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсыновтардан бері қарай жалғасып келе жатқан төл терминдердің өзі анықтайтын тілдік құбылыстармен табиғи байланысы жөнінде оқушыға дұрыс бағы берілмеуінің салдарынан балалардың тілдік фактілерді жиі шатастыратыны, тіпті кейде мүлде ұғына алмауы да бой көрсетіп қалады. Сондықтан қазақ тілін саналы меңгетудің бір жолы ретінде /оқушына қызықтырудың негізгі факторы/ осы терминдердің мағынасы мен сол арқылы анықталатын тілдік ұғымның ішкі ерекшеліктерін сабақтастырып игерту алынды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет