Мұғалім:
Ардақты әжелеріміз, аяулы аналарымыз,
Мейірбан аппақ көңіл даналарымыз.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларыңыз. – деп ортаға сіздерге ыстық лебіздерін білдіруге келген балаларымызға сөз кезегін берейік!
Тақпақтар
Айқын: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Нұрали: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
Бота: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Медина: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әмина: Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз
Дарын: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Аяулым: Үлкен, кіші әркімде
Әже де бар, ана бар
Аналарды әр күнде
Қуантса екен балалар!
Дарина: Жақсы көрем күлкінді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.
Елбинур: Келбетінде ұлылық
Даладай кең пейілі
Ана –деген жылылық
Ана –деген мейірім
Нұрасыл: Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Нұраят: Еркелеткен біз үшін
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!
Мұғалім: Мың бұралған ақ қайындай
Бишілер шықсын ортаға.
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қолқала.
Көрініс: Ерекше күн
Ән Мейрамбек:
Достарыңызбен бөлісу: |