8- сынып оқушысы Нұртілеу Нұрбақыт «Менің Отаныма- менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауы



Дата06.10.2023
өлшемі38,25 Mb.
#112982

Жетісу обылысы Қаратал ауданы Көкпекті ауылы «Ж.Молдағалиев
атындағы орта мектебі Қожбан бастауыш мектебімен» КММ-нің
8- сынып оқушысы Нұртілеу Нұрбақыт

«Менің Отаныма- менің бастамам» облыстық шығармашылық
жобалар байқауы
«Жақсылық керуені» номинациясы
Мақсаты: Қолдауды қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласының жақсылыққа қадам бастайтынын үйрету.
Міндеттері:
  • Қоғамда қарт адамдарға, әлеуметтік осал топтағы адамдарға қол үшын созуға шақыру.
  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге дағдыландыру.
  • Оқушыларды , жасөспірімдерді валентор жұмыстарға тарту.

  • Өзектілігі: Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асырғанда жүрек жылуы қайырымдылық, мейірімділік қасиеттері көрніс береді. Мейірім – адам көркі!

Жақсылық дегенде,кез-келген адамның қуанышты күлкісі езуіне келіп,тек жақсы жағдайлар мен жақсы істерді, жақсы сөздерді ойлайтыны рас. Жақсылық-адамның көңілін көтеріп. Қуанышқа бөлейтін әсерлі сәттерің бірі.
Жақсылық жасау дегеніміз – адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды атауға болады. Жақсылық жасау-оларды жақындастырады, достасырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмтылмайды.
«Ізгілікте жарысайық» еріктілер клубы
    • Әлем бойнша 7,091миллиард адам

1 миллиардты
    • Қазақстан 19 765 004 адам

680 000 адам
    • Көкпекті ауылы 639 адам

14 адам
Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қайырымды адам қашанда тура жолда, адамгершілік қасиетте жүреді. Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған, жандары жаралы, мүгедек жандарды өмір атты тайғақ жолдан құлатпаған кемеңгер, парасатты халық. Қайырымы кең қазақ сынды халықтың әр баласы мен әр ұрпағы қол ұшын тигізіп, көмек беруге дайын тұрған. Осындай игі істі, ізгі жолда жүрген жандардың бірі біздің мектептің оқушылары. Әр жыл сайын мектеп жанынан ауылымыздың жалғыз басты қариялары мен мүгедек адамдарға қыс уақыты кезінде аула қарларын күреп, жаз айларында сыпырып, тазалық жұмыстарын жүргізеді.
“Жақсылық отқа күймес, суға батпас,
 Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас,
 Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,
Жақсылықты еткендер жаман таппас”.
Майлықожа 
Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы, жақсылықты шын ниетімен, адал пейілімен жасаса болғаны. Қазақта «Кең болсаң, кем болмайсың»- деген сөз бар. Ұлы жазушы М.Әуезов: «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі», – деп айтқан екен.
Жақсылық жасау үшін сіз міндетті түрде бай, ақшасы көп адам болуыңыз қажет емес. Бастысы, сіздің тілек- ниетіңізде деп ойлаймын. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Бүгін сол қамқорлыққа мұқтаж болған жанға біз «Ізгілікте жарысайық» кулбының мүшелері барынша қолдан келгенінше көмек қолдарын созудамыз.
Қорытынды: жақсы істер жасап, адамдарға шын жүректен және риясыз көмектесу арқылы біз өзімізді, ішкі болмысымызды және айналамыздағы әлемді өзгертеміз, оларды қуаныш пен шаттыққа бөлейміз. Игі істер жасауға асығыңыз! Әлемдегі адамдардың барлығы бақытты болсын! Өз жылуыңмен өзгелердің жүрегін жылыт! Жақсылық жасаудан жалықпайық! Ізгілікте жарысайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет