8-билет Репликацияға қатысатын негізгі ферменттердің қызметтері



бет2/3
Дата06.06.2022
өлшемі3,34 Mb.
#36402
1   2   3
НҚ алу кезеңдері

  • Клеткалардың лизисі, 

  • Ядролық лизис,

  • Нуклеазалардың инактивациясы,

  • жасуша массасынан қажетті нуклеин қышқылдарының бөлінуі,

  • ДНҚ тазарту және концентрация

НҚ бөлу және тазартудың сұйық және қатты фазалы әдістері бар. Сұйык фазалы әдістер:
1.Классикалық әдістер
1.1 Органиқалық экстракциялау
1.2 Бейорганикалық экстракциялау
2. ДНҚ және РНҚ –ны бірге бөлінетін әдістер
Қатты фазалы әдістер
1.Силика арқылы бөліну әдісі
2. Магнитті сепарация
3.Ион алмасу шайырлары
4. FTA (Flinders Technology Associates) - карталар.
5. Шыны негізіндеДНҚ бөлу жәнетазарту әдісте
НҚ бөлу және тазарту әдістерінің кезеңдері:
Сұйык фазалы әдіс мына кезеңдерден тұрады:
1.Лизис
2. Тұңбаға түсу
3. Ақуыздарды тұндыру
4. Преципитация
5. ДНҚ молекуласын тазарту
6.Элюция, элюирование
Ал, Қатты фазалы әдістертер:
1.Лизис
2. Үлгіні қолдану
3.ДНҚ молекуласын тазарту
4.Элюция, элюирование- кезеңдерінен тұрады.


9-билет.

  1. Трансляцияға жалпы сипаттама, анықтамасы, кезеңдері.

Ақпараттың РНҚ формасынан белок формасына қайта өзгеруі дегеніміз «тасымал» немесе трансляция болып табылады,ол кезде ақпарат басқа тілге өзгеріп, мүлдем басқа белгілер қолданылады.
МРНК тізбегі 3 нуклеотид бойынша оқылады. Осындай әр топты біз кодон деп айтамыз. Трансляция 3 кезеңнен тұрады.

  • Инициация

  • Элонгация

  • Терминация

Трансляция инициациясы – бұл фазада старттық кодонды іздестіру және полипептидті тізбектің синтезінің басталуымен қатар, рибосомалардың матрицалық РНК қосылуы іске асады. Эукариоттық мРНК – ның көпшілігін басатын трансляция инициациясы кэп-тәуелді тетік бойынша жүреді (~97%).
рибосоманың кіші 40S суббірлігі трансляция инициациясының факторлары (eIF, eucaryotic initiation factor) – белоктар жиынтығы көмегімен мРНК– ның 5’-соңындағы кэп-құрылымына қосылады. 
•Әр түрлі факторлар кешенімен бірге 40S суббірлік комплекс түзе отырып, мРНК бойымен 3’-бағытына қарай қозғалып , AUG старттық кодонды іздестіру мақсатында трансляцияға тәуелді емес 5’ аймақтарды тексереді .
•Сол кодонды тапқаннан кейін, кіші суббірлікке үлкен 60S суббірлік қосылады, яғни бүтін 80S рибосома пайда болады және полипептидті тізбектің синтезі басталады.
Рибосоманың кіші 40S суббірлігі трансляция инициациясының факторлары (eIF, eucaryotic initiation factor) – белоктар жиынтығы көмегімен мРНК– ның 5’-соңындағы кэп-құрылымына қосылады. Әр түрлі факторлар кешенімен бірге 40S суббірлік комплекс түзе отырып, мРНК бойымен 3’-бағытына қарай қозғалып , AUG старттық кодонды іздестіру мақсатында трансляцияға тәуелді емес 5’ аймақтарды тексереді .Сол кодонды тапқаннан кейін, кіші суббірлікке үлкен 60S суббірлік қосылады, яғни бүтін 80S рибосома пайда болады және полипептидті тізбектің синтезі басталады. Бактерияларда тек үш инициация факторы белгілі - IF1, IF2 және IF3, эукариоттарда - 9 канондық және қосалқы мРНК қатары өзара байланыстырушы белок трансляцәия инициациясын іске асырады.
Элонгация факторы трансляцияны алға жүргізеді және оның. нақтылығын арттырады. Элонгацияның екі факторы рибосомаға кіреді және әр циклдың басында одан босап шығады: олардың әрқайсысы конформациялық өзгеріске ұшырай отырып, GTP-ны GDP-ға дейін гидролиздейді. Бактерияларда бұл факторлар EF-Tu және EF-G деп аталған, ал эукариоттарда — EF1 және EF2 деп аталған.
Стоп-кодон трансляцияның аяқталуын белгілейді. Стопкодондардың біреуінің болуы кодтаушы белок хабарламасының аяқталғандығын айтады (UAA, UAG немесе UGA). Олар тРНҚ арқылы танылмайды және ешқандай амин қышқылын кодтамайды, бірақ оның орнына трансляцияның аяқталғандығын білдіретін сигнал ретінде табылады. А - участогында стоп кодон кездесетін кез келген рибосомамен белоктар байланыса алады, олар трансляцияның терминация факторлары деп аталады, олар амин қышқылының орнына су молекуласының пептидил-тРНҚ-ға байланысуын катализдеуді рибосомалық пептидилтрансферазаға мәжбүрлейді. Бұл реакция өсіп жатқан полипептидтік тізбектің карбоксилдік ұшын тРНҚ молекуласымен байланысудан босатып жібереді. Осы байланыс рибосомада өсіп жатқан полипептидті ұстап тұрған кезде аяқталған белоктық тізбек жылдам цитоплазмаға босап кетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет