8 дәріс. Адамның ішкі жан дүниесі позитивті ойлауды дамытудың факторы ретінде



бет1/2
Дата21.04.2023
өлшемі20,14 Kb.
#85052
  1   2
Байланысты:
КМН.Лекция-8


8 дәріс . Адамның ішкі жан - дүниесі позитивті ойлауды дамытудың факторы ретінде


Жоспар
1. Қоршаған орта мен өз - өзіне қатынасын танытатын тұлғалық ерекшеліктері. Өзін - өзі бағалау адамның өзіне қатынасы ретінде.
2.Өзін – өзі бағалаудың түрлері. Өзін - өзі бағалаудың адам іс - әрекеті мен мінез – құлқына әсері. Өзін - өзі тану мәдениеті жеке тұлғаның қалыптасуын анықтаушы фактор ретінде. «Өзін - өзі жүзеге асыру» және «Өзін - өзі өзектендіру» түсініктері.
3.Э.Кант өзін - өзі жүзеге асыру құрылымы туралы. Замануи ғылымдағы өзін - өзі жүзеге асыру, өзін - өзі өзектендіруі түсініктері.
4.Позитивті ойлауды дамытудың әдістері мен тәсілдері
«Өзін өзі тану» түсінігі адамның обьективті өмірден ерекшеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі, өмірде өзінің орнын білуі оған деген қарым қатынас, өзінің әрекеті, ойы, қызығушылығы.
Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде темперамент жөнінде пікірлер айтылған. Темпераменттің ерекшелігі мінез- құлықтың белгілі жақтарының дамуына оңды немесе кері әсерін тигізуі мүмкін.
Темперамент түрлері:
Холерик-ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң, ұстамсыз, күйгелек, кейде істі аяғына дейін жеткізбейтін адамдар.
Сангвиник-қуатты, тұрлаулы, ширақ, ойнақы, еті тірі, кез-келген істі бастап, кейін тастап жүре беретін, жұмысқа қабілетті, беріліп істейтін, адамдармен тез тіл табысатын, ұжым арасында өзін көңілді ұстайтын, ақкөңіл, қызу істің адамы, осал жері-сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінездікке салынады.
Флегматик-салмақты, сабырлы, баппен жүріп тұратын, сезімдерін сыртқа шығармайды, осал жері-қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайды, ұстамды, салқын адам.
Меланхолик-тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық, өзге адамдармен көп жұғыспайды, бірақ айтайын дегенін айтады.
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез –құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әртүрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым –қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Мінез-адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Тұрақты, бірқалыпты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез- құлқы болады. Мінез қабілет. Темпераментпен тығыз байланысты. Табандылық, уақытша мойымау, еңбек сүйгіштік сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор.
Адамның мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы т.б.) тығыз байланысты.
Әрбір адамға туа біткен немесе кейіннен пайда болған мазасыздық пен ашуланшақтық деңгей тән. Адам алдында мазасыздық пен ашуланшақты тұлғааралық қарым-қатынастың қандай күрделі деңгейі туғызады. Біріншіден, артық әсерленгіштік пен өкпелегіштік, болмашы нәрсеге бола эмоционалды стресс пайда болады. Екіншіден, мұндай адам ұрыс пен дауды ұзағырақ уайымдайды, оның «өзін-өзі қолға алуы» қиын. Үшіншіден, ол жиі жабырқанғы, ренжулі, тынымсыз қорқыныш оны қалжыратады. Төртіншіден, оның достары аз, және «қарым –қатынас молшылығына» ол сирек қол жеткізеді. Мінез-құлықтың қалыптасуы жоғары даму деңгейі сатысында жүзеге асырылады, әртүрлі мінез-құлықтың жағымсыз жақтарын жойып, едәуір қолайлы жағдай жасайды.
Мінез-құлық –көбіне өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі. Мінез –құлық адам қызметінде көрінеді, және сонда қалыптасады. Мінез –құлық адамға табиғаттан бетілмеген. Әрбір адам өзінің мінез –құлығының шығуына не жауап береді және оны өзгерту үшін өзін-өзі тәрбиелеуге жағдайы жетеді.
Мінез-құлық адамның тәртібі, қоршаған орта және өз-өзіне деген белгілі қарым-қатынасты көрсететін жеке тұлғаның тұрақты едәуір маңызды ерекшеліктерінің байланысын білдіреді. Ол бірінішіден, басқа адамдармен қарым-қатынаста (индивидуализм немесе коллективизм, эгоизм немесе альтруизм, жауыздық немесе мейірімділік, талғаусыздық пен сақтық, дөрекілік немесе сыпайылық); екіншіден өмірдің факторлары мен оқиғаларына (әлемге) қарым-қатынас; үшіншіден, өзіне деген қарым-қатынас (өзін-өзі бағалау, талғампаздылық, сыншылдық т.б.).
Бұл қарым-қатынас профессор Л.А.Петровскаяның ойынша үш позициямен көрсетіледі.

басқаға
Мен өзіме


әлемге

басқадан
Мен өзімнен


әлемнен

басқаға
Мен қарсы өзіме


әлемге
Сонымен қатар, Л.А.Петровская әрбір позицияда қарым- қатынастың үш деңгейі бар екенін айтады: дені сау, дені сау емес және патологиялық.
Тұлғааралық қарым -қатынаста әрбір адам өзі психолог болуы қажет, бірінші жағынан дұрыс табиғи философиялық тәртіп, екінші жағынан өзіңді басқара білуді үйрену керек. Адамның белгілі бір тәртіпке дайындығы, кейбір жағдайлар, оқиғалар, құбылыстар мен фактілерге оңды немесе теріс әрекет ету дайындығы, қарым –қатынастың кедергісі облып табылады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас негізінде белгілер арқылы жүзеге асады.Сөз сөйлеуден бастап-сыртқы келбетінің элементтері белгілеріне дейін адамның барлық тәртіптік көрінісі белгі ретінде көрсетіледі. Белгілердің әрбір типі әртүрлі ақпаратты беруде үлкен мүмкіндікке ие.
Адам тілінің байлығы қандайда бір ой мен сезімді жеткізуге мүмкіндік береді. Белгілі жесттер, костюм, ерекшелік белгілері сияқты белгіленген әлеуметтік символдар негізінде қарым- қатынасқа қатысушылардың әлеуметтік статусының ара- қатынасын демонстрациялауға пайдаланылады.
Интонация, әсіресе пантомимика, мимика, көзқарас, негізінде адамның сезімін жеткізуге: оның ішкі жан дүниесінің жағдайы және басқа адамға деген қарым-қатынасын жеткізеді. Күнделікті өмірде басқа адамның бейнесін және әрекетін белгілердің жиынтығы емес, интонация, жест, костюм және тәртіп элементтерін кіргізетін тұтастай образ ретінде қабылдаймыз. Жас кезде біз тәжірибесіз болғандықтан өз –өзімізге сенімді боламыз, бірақ өзіміздің жұмысымыздың талаптарын, мансапты, жеке тұлғалықтың қалыптасуын сезіне отырып, біз өзімізді анағұрлым ұстамды ұстаймыз.
Сенімсіздіктің байқалуының өзіндік ерекшелігі бар. Көптеген адамдар өзіне деген сенімділікті жоғалтқанда, өздерін қорғансыз сезінетіндері туралы мойындайды. Бұл әртүрлі жағдайда болуы мүмкін. Мысалы жұмысты жақсы бастап, өзінің адресіне әдепсіз сөздер айтылғаннан кейін қатты күйзеліп, оны драмалы түрде аяқтауы мүмкін, естеліктер көп жылдар бойы есте қалады.
Жамандық туралы ойлау, өзіне деген сенімділікке зиян келітреді. Оптимист болу үшін, өзіңі деген сенімділік артқан сайын, өзіңнің мазасыздығыңды бақылауда ұстау керек. Өзіңнің кемшіліктеріңді көбейту оңай, осы құрыққа түссең, жеңісті жағдайда да жеңіліске жетуге болады.
Өзіңе деген сенімділікке талпынған сайын, оны жаныңдағылар байқайды және бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет