8-Дәріс Бейорганикалық заттардың өндірісі



бет9/13
Дата20.12.2023
өлшемі401,64 Kb.
#141351
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
5-сурет. Тазалау бөлімінің сызбанұсқасы:
1, 2 – бірінші жəне екінші жуғыш мұнаралар, 3 – ылғал электрофильтр, 4 – кептіретін мұнара, 5 – қышқылды мұздатқыш.
Газ температурасы 30-400С-қа дейін төмендейді, осының əсерінен газ құрамындағы мышьяк, селен, т.б. қоспалардан тазартылады. Сонымен қатар, салқындату нəтижесінде күкірт ангидридінің біразы бу қалпында күкірт қышқылын түзіп, газ құрамында тұман түрінде болады. Газды тұманнан тазарту үшін ылғалды электросүзгішке (3) жібереді. (3)-те мышьяк, селен қосындыларымен тұман қалпында күкірт қышқыл газдан толық бөлінеді. Тазартылған газды толық құрғату үшін, газ құрғатқышта (4) 93-95% күкірт қышқылымен жанастырады. Осылай тазартылып құрғатылған газ контакт бөліміне келеді.
Күкірт диоксидін контакт əдісімен тотықтыру. Күкірт диоксидін катализатордың қатысуымен тотықтыру күкірт қышқылын өндіру үдерісінің негізгі сатысы болып есептеледі. Контакт əдісі аталуы осы сатыға байланысты. Күкірт диоксидінің гидроксидке тотығуы гетерогенді экзотермиялық үдеріс. Тотығу қайтымды үдеріс:
2SO2 + O2 2SO3 + 189 ɤȾɠ (5000ɋ)
Ле-Шателье принципіне сəйкес тепе-теңдікті оңға жылжыту үшін температураны төмендетіп, қысымды жоғарылату керек. Бірақ газ қоспасының құрамындағы SO2 жəне O2 аз, ал азот өте көп болғандықтан қысымды көтерудің тигізетін пайдасынан, оны көтеруге жұмсалатын энергияның, аппараттың құны басым болғандықтан, қысымды көтеру пайдасыз.
Үдеріске температураның тигізетін əсері ерекше. Оптималды температура қолданылатын катализаторға байланысты. Ванадийді катализатор ретінде қолданғанда бастапқы температура 580-6000С-тан соңында 450-4000С температураға дейін төмендейді.
Күкірт диоксидінің тотығу жылдамдығы қолданылатын катализатор активтілігіне тəуелді. Катализатор ретінде: Pt, темір оксиді, ванадий (V) оксиді қолданылады. Ең активті катализатор – Pt, бірақ құны өте жоғары жəне тез уланады.
Темір оксидінің құны төмен, мышьякпен уланбайды, каталитикалық активтілігі тек қана 6250С температурадан басталады, активтілігі басқалардан төмен.
Ванадий катализаторының активтілігі платинадан төмен болғанымен, құны төмен, мышьяктан улануы платинадан мыңдаған есе аз.
Күкірт қышқыл зауыттарында промоторланған 7% V2O5-ді, промотр ретінде сілтілік металдар оксиді (К2О) қолданылады. Катализатор мөлшері – 5 мм.
Өндірісте ванадий катализаторында реакция жылдамдығын есептеп шығару үшін шамамен алынған Г. К. Боресков теңдеуі қолданылады:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет