Физикалық химия пәнінің емтиқан сұрақтарының тізімі
Реакция жылу эффектісінің температурадан тәуелділік теңдеуінің дифференциалдық түрін көрсетіңіз. Кирхгофф заңы.
Меншікті электр өткізгіштігінің концентрацияға тәуелділік жолын түсіндіріңіз.
Идеалды газдар үшін мольдік жылусыйымдылықтары Сv және СР қатынасы қалай?
Стандартты жағдайда реакция жылу эффектісін түзілу және жану жылулары арқылы қалай есептейміз?
Эквивалентті электрөткізгіштіктің әлсіз және күшті электролиттер үшін сұйылтуға тәуелділік жолын түсіндіріңіз.
Сулы ерітінділерде қандай иондар барынша қозғалғыштыққа ие болады және неліктен?
Жүйе энтальпиясы мен ішкі энергияға анықтама беріп арасындағы байланысты Термодинамиканың 1-ші заңының қандай анықтамаларын білесіз. Жүйе күйінің соңғы өзгерісі үшін термодинамиканың бірінші заңын теңдеумен көрсетіңіз көрсетіңіз.
Иондардың тәуелсіз қозғалысын Кольрауш заңы қалай сипаттайды?
Қандай гальваникалық элементтер концентрациялық деп аталады, олардың ЭҚК қандай теңдеу бойынша есептеледі?
Изобаралық процесс ( p = сonst )және изохоралық процесс (V= сonst) үшін термодинамиканың 1-ші заңының математикалық теңдеуінің жазылуын көрсетіңіз
Қандай электродтар тотығу-тотықсыздану электроды деп аталады, олардың потенциалы қандай теңдеу бойынша есептеледі?
Жүйені Т1 - дан Т2 температураға дейін қыздырғанда немесе суытқанда тұрақты көлем мен қысымда Гиббс және Гельмгольц энергиялар өзгерісін теңдеумен өрнектеңіз.
Қайтымды және қайтымсыз процестер үшін термодинамика заңдарының (1-ші және 2-ші ) біріккен математикалық теңдеуін жазыңыз.
Бірінші текті электродтарды екінші текті электродтармен салыстырыңыз, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын салыстырыңыз.
Фазалық ауысу (булану, балқу, возгонка) процестері үшін энтропия өзгерістерін қалай анықтаймыз?
Заттың диссоциациялану константасы мен диссоциациялану дәрежесінің арасындағы байланысты көрсетіңіз. Формуланы қорытып шығарыңыз және бұл заңдылық кімнің құрметіне аталғанын жазыңыз.
Қандай жағдайда энтальпия өздігінен өтетін процесс бағытын анықтайды? Осы жағдайда оның өзгерісі қандай?
Жабық жүйелер үшін Т=const, р=const жағдайда өтетін процестер бағытын және тепе–теңдік күйін көрсететін белгі – изобаралы-изотермиялық потенциал G (Гиббс энергиясы) сипаттап беріңіз.
Дебай-Хюккель теориясы мен күшті электролиттер арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Жабық жүйелерде тұрақты V мен Т; Р мен Т өтетін процестер бағытын қандай күй функциялары анықтайды?
Ерітінділердің сандық құрамын сипаттаудың түрлерін көрсетіңіз. Мысал келтіріңіз.
Газ фазасында өтетін реакциялар тепе – теңдігіне қысымның әсері
Эбулиоскопиялық тұрақтыны түсіндіріңіз. Эбулиоскопиялық тұрақтыны анықтау формуласын жазыңыз
Қышқылды-негіздік катализге сипаттама беріңіз, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз.
Реакция реагенттер концентрацияларының тепе – теңдікке әсері
Рауль заңын түсіндіріп, оның математикалық теңдеуін жазыңыз
Гомогенді катализбен гетерогенді катализды салыстырыңыз. Ерекшеліктерін атаңыз.
Бір компонентті жүйелер үшін фазалар ережесін жазыңыз. р=f(Т) координатасында судың күй диаграммасын айқындаңыз және фазалардың болу аймағын анықтаңыз.
Рауль заңын қату температурасының төмендеуі үшін көрсетіңіз, оның математиккалық өрнегін жазыңыз
Бірінші ретті күрделі реакциялар: қайтымды, параллель, тізбекті, қосарланған. Әр қайсысына мысал келтіріңіз.
Екі компоненті жүйенің күй диаграммасы. Қарапайым эвтектикасы бар күй диаграммасын сызып, талдау жасаңыз.
Неге ерітінділердің қайнау температурасы таза еріткіштің қайнау температурасынан жоғары?
Электролиттің меншікті және эквивалентті электрөткізгіштігіне сипаттама беріңіз Олар қандай бірлікпен белгіленеді?
Сұйытылған ерітінділер үшін Вант-Гофф теңдеуін жазып, сипаттаңыз
Гомогенді катализдегі реакция қандай сатылардан тұрады және жылдамдықтың өсуі немен түсіндіріледі?
Сыртқы фактордан қысым мен температура әсер ететін жүйеге Гиббстің фазалар ережесін жазыңыз.
Осмос қысымы мен ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының кемуі арасындағы байланысты түсіндіріңіз
Фотохимиялық эквиваленттілік заңынан көрінетін ауытқулар немен түсіндіріледі?
Сыртқы фактордан қысым мен температура әсер ететін жүйеге Гиббстің фазалар ережесін жазыңыз.
Фотохимиялық эквиваленттілік заңынан көрінетін ауытқулар немен түсіндіріледі?
А + В → С реакциясы 20 0 С кезінде 16 минут ішінде, ал 70 0 С кезінде 0,5 минут ішінде аяқталады. Осы реакцияның температуралық коэффициенттерін анықтаңыз?
Температураны әрбір 10 0 С -ге көтергенде реакция жылдамдығы 3 есе артады. Температураны 90 0 С -ден 50 0 С -ге дейін төмендеткенде, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді.
Температура әрбір 10 0 С көтерілген сайын реакция жылдамдығы 3 есе артады. Реакция жылдамдығы 81 есе кемитін болса, температураның өзгеруін көрсетіңіз
298 К және иондардың активтілігі а=0,005 тең болған жағдайда Сu/Cu2+ электродының потенциалы 0,2712 В. Мыстың стандартты потенциалын есептеңіз.
Сыйымдылығы 2 л ыдыста 4,5 моль А газы және 3 моль Б газ араласады. А және В газдары A + Б = 2 В теңдеуіне сәйкес реакцияға түседі. Реакция жүйесінде 2 с өткеннен кейін B зат мөлшері 1 моль болатын газы пайда болды. Орташа реакция жылдамдығын анықтаңыз. А және В газдарының мөлшерін есептеңіз.
Стандартты түзілу энтальпиясы және абсолютті энтропия мәндері бойынша 298К температурада келесі химиялық реакцияның стандартты изобаралық потенциал өзгерісін есептеңіз.
N2 (г) + 3H2 (г) ↔ 2NH3 (г)
ΔS0, Дж /(мольК). ΔН0, кДж/моль
NH3 (г) 192,5 NH3 (г) -46,2
N2 (г) 191,5 N2 (г) 0
H2 (г) 130,6 H2 ( г) 0
Сыйымдылығы 5 л болатын жабық ыдыста: массасы 0,8 г сутегі және хлор бар. 10 с өткеннен кейін реакция нәтижесінде сутектің массасы 0,3 г дейін төмендеді. Реакцияның орташа жылдамдығын есептеңіз.
Температураны 10° С көтерілгенде белгілі бір реакция жылдамдығы үш есе артады. 0°C температурада реакция жылдамдығы 1 моль / (л•с). 30 °C температурада осы реакцияның жылдамдығын есептеңіз.
Есеп.
298 К температурада реакция жылу эффектісін есептеңіз Аl2O3 + 3SO3 ↔ Al2(SO4)3 , кДж/моль
Аl2O3 (қ) -1674
SO3 (г) -395,4
Al2(SO4)3 -3439,3
Есеп
600К температурада газ тәріздес хлороформды алу реакциясының жылу эффектісін есептеңіз.
CH4 (г) + 3CI 2(г) = CHCI3 (г) + 3HCI(г)
, кДж/моль Ср, Дж/(моль·К)
СН4 (г) -74,9 17,5
Сl2 (г) 0 36,7
СНСl3 (г) -100,4 21,4
НСl (г) -92,3 26,5
Есеп.
Стандартты жағдайда химиялық реакцияның жылу эффектісін есептеңіз. N2(г) + 3H2(г) =2 NH 3 (г)
, кДж/моль
NН3 (г) – 46,2
N2 (г) – 0
Н2 (г) – 0
60.Есеп
298 К температурада реакция жылу эффектісін есептеңіз 4HCI + O2 ↔ 2H2O (г) + 2Cl2
, кДж/моль
Сl2 (г) 0
НСl (г) -92,3
О2 (г) 0
H2O (г) -241.82
61 Есеп
Стандартты түзілу энтальпиясы және абсолютті энтропия мәндері бойынша 298К температурада келесі химиялық реакциялардың стандартты изобаралық потенциал өзгерісін есептеңіз.
2CO2 (г) = 2 CO (г) + O2 (г)
ΔS0, Дж /(мольК). Δ Н0, кДж/моль
CO2 (г) 213.74 CO2 (г) -393.51
CO (г) 196.67 CO (г) 110.53
O2 (г) 205.138 O2 ( г) 0
62.Есеп
298 К температурада реакция жылу эффектісін және 4500С температурада жылу эффектісін есептеңіз.
NH4CI (қ) ↔ NH3 + HCI
ΔН0, кДж/моль ΔS0, Дж /(мольК).
NH4CI (қ) -315,39 NH4CI (қ) 84,10
HCI -92,31 HCI 92,12
NH3 -46,11 NH3 35,06