3-сурет . Азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы:
1 – ауа мен аммиакты тазарту, 2 – катализаторда аммиакты тотықтыру,
3, 4 – нитрозды газдарды суыту, 5 – азот оксидін тотықтыру жəне азот қышқылының түзілуі, 6 – газдарды тазарту.
Бірінші операцияда аммиак пен ауа араластырылып сүзгіленеді.
Екіншіде аммиактың тотығу раекциясы жүреді:
4NH3 + 5O2 4NO + 6H2O + 1105 ɤȾɠ
Осыдан бөлінетін жылудан газ қоспасы қызады, сондықтан (3) жəне (4)-ке салқындатуға жібереді, бұл жерде жартылай азот оксиді диоксидке дейін тотығады:
2NO + O2 2NO2 + 1240 ɤȾɠ
Азот оксидінің аяғына дейін тотығуы азот қышқылын алумен, яғни диоксидтің суға абсорбциялануымен бірге жүреді. Осы жерде таза азот қышқылы бөлініп алынады. Шыққан газдар (6)-да тазаланып, атмосфераға жіберіледі.
Тотығу мұнарасынан шыққан газ қоспалары (NO, NO2, N2O, N2O4,
O2, N2, су буы) атмосфераға шықпастан бұрын азот оксидтерін сода ерітіндісімен сорып, нитрит-нитрат сілтісіне айналдырып, мұнараның төменгі жағынан шығарып алады. Сода ерітіндісінің орнына көбінесе күйдіргіш натр немесе сөндірілген əк қолданады:
NO + NO2 + Na2CO3 2NaNO2 + CO2 2NO2 + Na2CO3 NaNO2 + NaNO3 + CO2 Шыққан натрий нитритімен жəне нитратын əрі қарай өңдеуге жібереді.
Азот қышқылын концентрлеу
Сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін буландыру арқылы
68,4%-дық азот қышқыл ерітіндісін алуға болады. Осы себептен сұйытылған азот қышқылын концентрлеу суды өз құрамына жақсы қосып алатын концентрлі күкірт қышқылы-ның қатысуымен тарелка тəрізді барботаждау колоннасында іске асады. Барботаж – газды немесе буды сұйықтық қабаты қысым күші арқылы өткізе отырып бөлшектеу.
Күкірт қышқылы сұйытылған азот қышқылындағы суды өзіне байланыстырып, 100% азот қышқылынан қайнау температурасы жоғары күкірт қышқылының гидратын түзеді.
Сондықтан азот жəне күкірт қышқылдарының қоспасын қыздырғанда, бу қоспасында тек қана азот қышқылы шығады.
Концентрлеу колоннасына берілетін сұйытылған азот қышқылы екіге бөлінеді. Бір бөлігі (2) буландырғышқа, екіншісі (1)-ге барады. Концентрациясы 92-94% күкірт қышқылын колоннаның жоғарғы жағынан береді. Қоспаны жылытуға төменгі жағынан 2500С бу жіберіледі.
Азот қышқылының буы (аз мөлшерде) су буы жəне азот қышқылының ыдырауынан пайда болған азот оксидтері колоннадан (3) тоңазытқыш конденсаторға жіберіліп, азот қышқылы конденсацияланады, ал нитрозды газдарын бөліп алып, азот қышқылын өндіретін цехта жартылай шикізат ретінде қолданады.