8-Дәріс Бейорганикалық заттардың өндірісі



бет7/13
Дата20.12.2023
өлшемі401,64 Kb.
#141351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Күкірт қышқылы

4-сурет. Сұйытылған азот қышқылын концентрлейтін қондырғы:
1 – концентрациялық колонна; 2 – сұйытылған азот қышқылын буландырғыш; 3 – тоңазтқыш конденсатор; 4 – концентрлі азот қышқылын тоңазтқыш.
Концентрленген азот қышқылы (4) тоңазытқыш арқылы алынады. Пайдаланылған сұйытылған 68%-дық күкірт қышқылы ректификациялау колонасының төменгі жағынан шығарылып, ыстық қалпында буландырылып, 92-94%-ті концентрлі қышқылға айналады. Əр тонна азот қышқылын концентрлеуге 3-4 т күкірт қышқылы шығындалады.
Қазіргі кезде концентрлі азот қышқылын тура синтездеу жолы жүзеге асырылады:
2N2O4( c)+ 2H2O (c ) + O2 ( ɝ) 4HNO3 (c )+ 595ɤȾɠ
Бұл операция автоклавта 900С температурада жəне 5МПа қысымда жүреді, 97-99% HNO3 алынады. Бұл реакцияның ең қиыны азоттың сұйық оксидін алу (димерді) болып табылады.
Бақылау сұрақтары

  1. Азот қышқылы өндірісінің шикізаты не? Оған қойылатын талаптар қандай?

  2. Сұйытылған азот қышқылын алудың химиялық жəне принципиалдық сызбанұсқаларын құрыңдар.

  3. Аммиактың тотығу реакцияларының термодинамикалық сипаттамаларына сəйкес қандай реакция термодинамикалық мүмкін?

  4. Жанасу уақыты деген не? Ол неге тəуелді?

  5. Аммиакты тотықтыру үшін қандай катализаторлар қолданылады? Газдық қоспада қандай бөгде заттар катализаторлардың улары болып табылады?

  6. Нитрозды газдардың абсорбциялану сатысында сұйытылған азот қышқылының түзілу механизмі қандай? Азот диоксидінің сіңірілу дəрежесі қандай технологиялық параметрлерімен анықталады?

  7. Сұйытылған азот қышқылы өндірісінде абсорбциялық аппаратқа қойылатын талаптар қандай?

  8. Су тартқыш заттарды қолдану арқылы азот қышқылын концентрлеудің негізі неде?
КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН ӨНДІРУ
Күкірт қышқылының қасиеті, қолданылуы жəне өндіру əдістері

Таза күкірт қышқылы (100%) түссіз май тəрізді сұйық зат. Ол 10,40C температурада кристалдық зат болып қатады. Ал 296,20C температурада қайнайды. Күкірт қышқылы суда ерігенде 1 моль 36 кДж жылу бөліп шығарады, өйткені ол сумен гидрат түзеді. Кейбір гидраттар ерітіндіден қатты күйде бөлініп шығарылған:
H2SO4•2H2O, H2SO4•4H2O
Құрамындағы қоспаларға жəне концентрациясына байланысты күкірт қышқылы үш түрге бөлінеді:

  1. Техникалық Н2SO4 (купорос майы) – 92,5 %.

  2. Олеум 18,50% SO3 моногидрат құрамында бос қалпында болады, мұнара қышқылы 75% H2SO4 (нитроза əдісімен өндірілген).

  3. Аккумулятор күкірт қышқылы 92-94% H2SO4.

Қышқыл құрамында Mn, Fe, As, CІ иондары, азот оксидтері жəне
т.б. қоспалар болмауы керек, егер аз мөлшерде болса аккумуляторды зарядтағанда тотығу-тотықсыздану үдерісі жүреді, электродтар бұзылады жəне электр тогы артық мөлшерде жұмсалады.
Реактивті күкірт қышқыл маркалары: «ХЧ», «ЧДА», «Ч» 92-94% күкірт қышқылы контакт əдісімен платина немесе кварцтық аппараттарында өндіріледі.
Қолданылуы: H2SO4 химия өнеркəсібінде ең көп өндірілетін реактив. Күкірт қышқылы активті жəне құны төмен болғандықтан, өнеркəсіп орындарында əртүрлі мақсатта қолданылады. Құрамында сутек жəне оттек бар органикалық қосылыстардан (клетчатка, қант) суды тартып алу үшін техникада пайдаланады.
Минералдық тыңайтқыштар, металл өңдеу жəне қопарылғыш заттар өндірісінде көп қолданылады. Осы сияқты керосин, мұнай майларын коксохимия өндірісінің өнімдерін тазартуға (бензол, толуол), түрлі купоросты жасауда, бояу өндірісінде жəне т.б. қолданылады.
Күкірт қышқылын өндіру əдістері. Х ғасырда алғаш рет 940 л күкірт қышқылын табиғи купорос сланцесымен темір купорос қоспасын қыздыру арқылы өндірген, осы себептен өндірісте техникалық купорос майы деп аталады. ХV ғасырда күкірт қышқылын камерада күкірт пен селитра қоспасын өртеу арқылы өндіре бастады. Осы əдісті «камера» немесе «нитроза» əдісі деп атайды.
Қазіргі кезде күкірт қышқылын: контакты жəне нитроза əдістері сияқты негізгі екі əдіспен өндіреді .
Күкірт қышқылын өндіру үшін өнеркəсіпте, алдымен күкірт ангидридін (SO3) алады. Өнеркəсіпте өндірілетін газ күкіртті ангидрид (SO2) күрделі қоспа, құрамында күкірт ангидридтен басқа: азот, оттек жəне т.б. қоспалар болады.
Күкіртті газды өндіру. Күкіртті газды өндіуге шикізат ретінде құрамында күкірті бар табиғи минералды немесе өндіріс қалдықтары қолданылады. Концентрациясы 45% күкірт қышқылын колчеданнан, 25%-ы күкірттен, 25%-ы əртүрлі өндірістен шығатын күкіртті газдан, 5% əртүрлі шикізаттан алады.
Күкірт табиғатта негізінен үш: 1) бос түріндегі күкірт (самород), 2) сульфидтік кендерінде, 3) сульфаттар: CaSO4 2H2O – гипс, CaSO4 – ангидрид, Na2SO4•10H2O – мирабиллит жəне т.б. түрде кездеседі
Қазіргі кезде күкіртті газды өндіруге негізгі шикізат ретінде күкірт колчеданын (FeS2) қолданады. Күкірт мөлшері 35-50%-ға дейін болады. Кен орындары: Орал, Кавказ жəне Орта Азия республикаларында орналасқан.
Күкіртті газдың басқа да көздері бар, олар: түсті металлдар сульфидін күйдіргенде күкіртті газ бөлінеді. Мұнай өнімдерін өңдегенде, көмірді кокстегенде жəне генератор газдарын өңдегенде көп мөлшерде күкіртті сутек бөлінеді. Күкірт сутек – күкіртті газдың ерекше көзі.
2H2S + 3O2 2H2O + 2SO2
Элементарлы күкірт – күкіртті газ өндіруге өте құнды шикізат. Элементарлы күкірт табиғатта бос күйінде кездеседі немесе мыс өндіргенде, газдарды тазартқанда жартылай өнім ретінде өндіріледі. Элементарлы күкірт колчеданнан қымбат жəне басқа да өнеркəсіптерде құнды шикізат ретінде қолданылады.
Күкірт колчеданын күйдіріп күкіртті газды өндіру. Күкірт оксидін алу үшін күкірт колчеданын күйдіреді:
4FeS2 + 11O2 2Fe2O3 + 8SO2 +Q ɨɝɚɪɨɤ
Колчеданды күйдіру үдерісі – тізбекті жəне параллельді химиялық реакциялардан тұратын күрделі үдеріс. Колчедан 5000С температураға дейін қыздырғанда пирит диссоцияланып, темір(ІІ) сульфидін жəне күкірт түзеді:
2FeS2 2FeS + S2
Күкірт газ фазасында тез күйіп, күкіртті газға айналады:
S2 + 2O2 2SO2 + Q
Температура одан əрі жоғарылағанда темір сульфиді тотығады:
4FeS + 7O2 2Fe2O3 + 4SO2 + Q
Флотацияланған колчедан өртенгенде пириттен басқада оның құрамындағы металл сульфидтері тотығып, сол металдардың оксидтерін түзеді. Мысалы, мышьяк жəне селен (Al2O3, SeO2) газ қалпында күкіртті газ құрамында «күйдіргіш газ» араласады. Күкіртті газ құрамында: 79%-ын N2; 5,1%-ын Н2О; 2%-ын О2; 0,1%-ын SО3 жəне огарок тозаңы болады.
Пириттің жануы – ішкі диффузия саласында жүретін гетерогенді үдеріс, сондықтан пириттің жану жылдамдығы мына теңдеумен сипатталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет