Эмоцияның қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 ж. жарияланған “Эмоция деген не” атты мақаласынан басталады. У. Джемс және Г. Лангенің пайымдаған теориялары бойынша: сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістері. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады. “Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан; қорқуымыз – қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден” делінген (У. Джемс).