Эмоциялар біздің ақыл-ойымызды ғана емес, физикалық жағдайымызды да қалыптастырады. Осылайша, олар бізге қауіптерге де, оң әлеуметтік өзара әрекеттестікке де жедел ден қоюға көмектеседі. Тиісті дене өзгерістерінен хабардар болу кейіннен саналы эмоционалды сезімдерді, мысалы бақыт сезімін тудыруы мүмкін, дейді Аальто университетінің доценті Лаури Нумменмаа. Алынған мәліметтер эмоциялармен дененің өзара әрекеттесу функцияларын түсіну үшін маңызды.
Нәтижелер бізге әртүрлі эмоционалды бұзылыстардың табиғатын түсінуге және оларды диагностикалаудың жаңа құралдарын жасауға көмектеседі.  Зерттеу он-лайн режимінде жүргізілді, оған Финляндия, Швеция және Тайваньдан 700-ден астам адам қатысты. Ғалымдар финдік және тайвандық қатысушылар арасында түрлі эмоционалды жағдай туғызды. Осыдан кейін фотосуреттерде сенсорлардың әртүрлі өзгерістерін сезінетін дененің бөліктерін бояу ұсынылды
Аалто Университеті психологтарының зерттеу нәтижесінде құрған эмоциялық картасы 1.Ашу 2.Қорқыныш 3.Жиіркену 4.Бақыт 5.Мұң 6.Таңдану 7.Бейтарап