8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы



бет1/4
Дата19.02.2023
өлшемі27,36 Kb.
#69298
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
7-8 д ріс мазм ны 7 та ырып. Этнос ж не лт леуметтануы


7-8 дәріс мазмұны
7 тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы.
Сұрақтары: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік. Ұлтмемлекет. Этникалық топтар мен олардың өзара тіршілік етуі.
Лекцияның мақсаты:
Студенттерге этнос, халық, ұлт, этникалық бірегейлік ұғымдары туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін (идентичності) сақтап қалу мəселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз əлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.
Тəуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едəуір ықпал ете алады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік құрылысында екі бағыт айқын анықталды. Бірақ оларды зерттемес бұрын, біз «ұлт», «этнос» жəне тағы басқа ұғымдардың мəнін жəне мазмұнын ашып, анықтап алуымыз керек.
Этнос жəне ұлт — əр түрлі əлеуметтік құбылыстар. Ю.М.Бородай олардың айырмашылығын жақсы көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып табылады. Егер этноста адамдардың арақатынасы əдет-ғұрып арқылы реттелсе, ұлттық қауымда бұл қатынастарды құқық реттейді. «Ұлттың ең негізгі қасиеті оның алғашқы табиғаты полиэтникалық немесе жоғарғы этникалық болып келуінде. Егер де тайпаны «праэтнос» деп санасақ, онда ұлт этностан кейінгі болып саналады» [1].
Ұлтты зерттейтін тұжырымдамаларға тоқталсақ, М.Вебердің пікірінше, қай жерде адамдар өздерінің бар екендігіне сенсе немесе қауымдастыққа жататындықтарын сезінсе жəне автономиялық мемлекетте өзін танытуға ұмтылса, ол жерде ұлт бар [2]. Ұлттың өмір сүруін нақты бір адамдар тобы басқа топтардың алдында өздерінің тұтастық сезімін білдіргендігімен көрінеді. М.Вебердің ойынша, бұл тұтастық сезімі толығымен субъективті емес, оның тамыры объективті факторларда жатыр, яғни, бір нəсілде, тілде, дінде, əдеттер мен саяси тəжірибелерде, бұлардың əрқайсысы ұлттық сезімді келтіреді. Веберлік тұжырымдамада қай жерде əр түрлі адамдарды байланыстыратын жəне оларды басқалардан айырып беретін бірнеше объективті факторлар болса; қай жерде осы фактор ортақ құндылықтар көзі ретінде саналып, сонымен бірге оларға қатысты тұтастық сезімін тудырса; қай жерде осы тұтастық автономды саяси институттарда өзінің көрінісін тапса, сол жерде ұлт қалыптасады. М.Вебердің пікірінше, адамдардың қауымдастығын, егер ол өзіндік автономды мемлекетінде біріксе немесе бірігуге тілек білдірсе, ұлт деп санауға болады.
Біздің  ойымызша,  ұлтқа  əмбебап  сипаттама  берген  П.Сорокин  болып  саналады.  Ол  өзінің «Основные черты русской нации в двадцатом столетии» деген мақаласында көптеген ұлттық бірегейлік зерттеулеріне тəн қателіктер туралы айтады [3]. Біріншіден, «ұлт, немесе ұлттық бірегейлік, нені білдіретіні туралы» анықталмаған немесе тым көмескі түрде анықтамалар берілген. Мысал ретінде шетелдік еңбектер ұлттық бірегейлік анықтамасына дəлел келтіреді: «Белгілі бір қоғамдағы адамдардың бүкіл өмір барысында жасаған байланыстары кезінде алғандары мен иеленгендері». Осы тəріздес сипаттамалар, Сорокин байқағандай, «кез келген əлеуметтік  топқа келеді, мысалы, қоғамдық топқа, территориялық топқа, діни ұйымға немесе басқа да əлеуметтік жүйелерге». «Ұлт» жəне «ұлттық ерекшеліктер» əлеуметтік топтармен байланысты, бірақ таптардан, діни ұйымдардан, саяси партиялардан, тайпалардан жəне т.б. ерекшеленеді. Сорокин сонымен бірге белгілі бір топтарға жататын жеке адамдарды психологиялық немесе психоаналитикалық жағынан суреттеуге жүгінетіндерді де сынайды.
Зерттеулердің екінші кемшілігі туралы ол былай дейді: «Олар қарапайым «автоматты түрде» жеке адамдардың жинағы мен күрделі түрде əлеуметтік жəне мəдени жүйелермен біріккен жинақтардың  арасында  терең  айырмашылықты  жоққа  шығарады»,  қарапайым  тілмен  айтқанда, «ұлттармен емес, жеке адамдармен» санасады. Ойшылдың ойынша, жеке адамдардың бірегейлік сезімі ұлттың бірегейлік сезімімен бірдей болмайды. Ол жағдайды былай түсіндіреді, мысалы, судың құрамы сутегі мен оттегінің құрамынан өзгеше немесе автомобильдің бөлшектерінің құрамы жинаған машинаның құрамынан өзгеше.
Зерттеулердің үшінші кемшілігі туралы айтқанда, Сорокин жоғарыда айтылған тезисті əрі қарай толықтырады. Тесттер мен сұрақ-жауаптар арқылы толық бір ұлттың мінез-құлығын, бірегейлігін анықтау мүмкін емес деп санайды. Егер Сорокин бұрын əлеуметтік бүтіндікті «бөліктері бір бағытта іс-əрекет етісіп жəне бір мақсатты көздейтін тұтастық» деп санаса, кейіннен ол былай деп тұжырым жасайды: «Индивидтер жинағы тəртіптерінің көріністері арқылы қандай да болмасын  күрделі топтың, соның ішінде ұлттың мінезін (бірегейлігін) нақ анықтау мүмкін емес».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет