Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
СЕМИНАР
Пәні: Сахна тілінің лингвистикалық поэтикасы
Тақырыбы: Ұлттық мінез
Орындаған: Арыстан Асема
Әли Шұғыла
Избасханова Разия
Кеулимжаева Аружан
Тимурова Адина
Тұрсын Жансая
.
Тексерген: Тымболова А.О.
Алматы, 2023 жыл
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» - деген мазмұны терең сөзі қанша заман өтсе де өзектілігін жоймай, мәні арта түсуде. Осы жердегі ұлттық мінез деген не? ұлттық мінез дегеніміз – белгілі бір ұлттың өзіне ғана тән, өзгеше мінез-құлықтарының жиынтығы емес, жалпыадамзаттық мінез-құлықтардың өзгеше әмбебап жиынтығы.
Н.А. Ерофеевтің «Туманный Альбион. Англия и англичане глазами русских» атты еңбегіндегі ұлттық мінез туралы талдауларынан үзінді келтірейік:
«Көпшілігіміз неге америкалықтар – іскер, италиялықтар музыкаға жақын болады деген пікірдеміз? Әлде осы екі ел ішінде санақ жүргізіп, осыны анықтаған біреу бар ма? Әлдекімдердің байқағаны мен алған әсеріне қарап, неге әлдебір халыққа бүйрегіміз бұрса, керісінше келесі бірін жақтырмай жатамыз? Бір қызығы – бұл сезімдерімізді өзімізбен бірге ала кетпей, балаларымызға, немерелерімізге мұра еткендей табыстап кетеміз. Шешімін күтіп жатқан осы сияқты мәселелер жетерлік.
Осындай аса күрделі мәселелердің бірі, тіпті ең күрделі мәселе десек те орынды, ол – әрбір этникалық бейненің маңызды бөлігі болған ұлттық мінез.
Әр халықтың тұрмыстық сана деңгейіндегі ұлттық мінезі бар екені шүбәсіз. Әсіресе мұндай ой өзге этникалық ортаға түскенде туындайды. Сол қауым адамдарының көп тұрғыдан өзіңізден өзгешеленетінін, мәселен, өмір салты, тұрмысы, кейде тіпті кескін-келбеті, іс-әрекеті сіздікінен мүлде басқа екенін байқағаныңызда, тұжырымыңыз беки түседі. Еріксіз бұл ерекшеліктер мен айырмашылықтардың туындауы кездейсоқтық па, әлде олар ортақ, терең бір негізден бастау алып, осы халықтың айрықша болмысына, ұлттық мінезіне кеп құйыла ма деген сұрақтарға жауап іздей бастайсыз. Бәлкім сол халықтың мінезін түсіну арқылы бүкіл ерекшелігін, болмысын ұғатын дәрежеге жетерміз. Сондықтан ұлттық мінезді сол халықтың бүкіл өмірін, болмысын, тіпті тарихын ашып беретін кілт деуге болады».
Ұлттық мінез жайында қатты сын айтқан көрнекті неміс жазушысы Генрих Бёлл болды. «Орыстар – міндетті түрде қауға сақалды, сезімге берілгіш, қияли, голландиялықтар – епсіз, аңғал, ағылшындар – өркөкірек не оқу соққан, француздар – тым сезімтал не тым ақылды, немістер – музыкадан басқаға мойын бұрмайтын не тұздалған қырыққабаттан бас алмайтын, венгрлер – өр көңілді, жұмбақ, шырпыдай тез тұтанатын қызба» деп әр халыққа таңылған ұлттық мінезді әжуа қыла отырып, оны «беллетристік наным» деп атайды.
Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, тұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандылық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, еш уақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қаңсатқан көзсіз батырлық, “мың өліп мың тірілген” кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық - білдің ұлттық мінезімізді жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.
Достарыңызбен бөлісу: |