8 Дәріс. Публицистика тіліндегі корреспонденция мен көркем очерктің ерекшеліктері Публицистика (лат publіcus – «көпшілік», «әлеумет») термині «қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау» деген ұғымда жұмсалады
Публицистика (лат. publіcus – «көпшілік», «әлеумет») термині «қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау» деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Жазбаша түріне газет, журналдардағы мақала, очерк т.б.; ауызша түріне шешендік сөздер жатады.
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін маңызды, дәл сол кезеңде мәні зор мәселелер тақырып болады.
Мысалы: саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер.
Үндеудің мақсаты – жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, олардың санасына ықпал ету. Ол көбіне газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.
Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері: Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер: Демократия, өркениет, тәуелсіздік туы, саяси партия, қаржы дағдарысы т.б.
Баға беруші сөздер: Еңбек озаты, көшбасшы, ұлтжандылық, бәсекеге қабілетті, ұрпақ сабақтастығы т.б.
Стандарт тілдік бірліктер: Арнайы тілші репортажы, жаһан жаңалықтары, тілшіміз әңгімелейді, хабардар етеміз т.б.
Перифразалар: Ақ алтын – мақта, күріш. Қара алтын – көмір,
мұнай. Көгілдір отын – газ т.б.
Қос сөздер: Қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгітнасихаттық т.б.
Бұйрық рай тұлғасы: Ана қадірін білейік, жұмыла жасайық, табысқа
жетіңдер т.б.
Қаратпа сөздер: Жарқырай бер, Димаш! Арғы беттегі ағайын,
халің қалай? т.б.
Инверсиялық орын тәртібі, риторикалық сұрақтар т.б.:
Үлгі болса ұлысы, қадірлі болар ұланы. Бүгінгі күннің өзекті мәселесін ашып көрсете алдық па? Қоғамға мұндай түбегейлі өзгерістер қажет пе?
Публицистикалық стильдің жанрлық түрлері. Публицистикалық стильдің жазбаша түрі: мерзімді баспасөз; ауызша түрі: радио, теледидар хабарлары, деректі кино.