8-дәріс. Салт-дәстүрдің теориялық және діни негіздемелері мен оның ағартушылық арналары Дәстүр латынның «trаditiо»



бет32/32
Дата09.05.2022
өлшемі0,57 Mb.
#33136
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Хасан АМАНҚҰЛ,

«Мұнара» газеті, №23, 2020 жыл
«ЕҢ ТӘТТІСІ – СЫЙЛАСТЫҚ»
Жалпы халық арасында «сыйластыққа, татулыққа жететін ештеңе жоқ» деген жақсы мәтел бар. «Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы» деп сыйластықты сырбаздықтың сыны етіп қарастырған. Ал, Саққұлақ би сыйластықтың мәртебесі турасында: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», − деген екен.

Сыйластық «сіз, бізден» басталады да, шынайы адал қарым-қатынасқа, сырластыққа, достыққа ұласады. Бұл достардың арасында болатын сыйластық. Халық нақылында «Сырласуға дос жақсы, сыйласуға жат жақсы» делінеді.

Сондай-ақ, ағайын адамдардың, мақсат-мұраты бір жандардың бір-бірін құрметтеп, сыйлауы жақсы тәрбиенің белгісі. Қазақ халқында «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мәні терең өсиет сөз бар. Яғни жақын адамдардың араздастыруға, бір жамандық қылуға ниеттенген пиғылы бұзық адам олардың бір-бірін жат адамдай сыйлағанын көргенде арам ойынан айнып, қастық қарекетінен түк шықпайтындығын ұғынады. Өйткені олардың арасындағы өзара құрмет, сыйластық күшті. Араларынан ат алдырмайтын татулықтары берік. Бір-біріне «сіз-біз» десіп, жайылып жастық, иіліп төсек болып тұрады. Жақсысын асырады, жаманын жасырады. Ендеше осы өсиетті орындаған жандар ешқашан жағымсыз жағдайда қалмайды. «Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый күтпе» деген мақал да осындай мағынада айтылған.

Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786) сыйластыққа былай деп шақырады:


Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,

Бұл үйректей болыңыз,

Судан суға шүйгумен

Көлден көлге қоныңыз.

Байлар ұғлы шоралар

Бас қосыпты десін де,

Маң-маң басып жүріңіз,

Байсалды үйге түсіңіз.

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!
Қазақ арасында қалыптасқан осындай сыйластық пен құрметтің бір негізі төл діні – Исламда жатыр.
عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ الْمُؤْمِنَ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًا»، وَشَبَكَ أَصَابِعَهُ. رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.
Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, мүмін мүмін үшін (біртұтас) құрылыс сияқты, бірін-бірі бекітіп тұрады», – деп, саусақтарын айқастырған.
عَنْ أَبِي ذَرِّ الْغِفَارِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «اِتَّقِ اللهَ حَيْثُمَا كُنْتَ، وَأَتْبِعِ السَّيِّئَةَ الْحَسَنَةَ تَمْحُهَا، وَخَالِقِ النَّاسَ بِخُلُقٍ حَسَنٍ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.
Әбу Зар әл-Ғифариден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, жамандығыңның артын оны өшіретін жақсылықпен ұластыр әрі адамдармен көркем мінезбен қарым-қатынас жаса», – деп өсиет еткен.
Kazislam.kz
ӘПСАНА
Жаратқан Ием дін иелерін жинап, жер беруге шақырыпты. Қашан да кешігіп жүретін қазақ бұған да кешігіп барыпты. Барса, адамдар толып отыр.

Күтіп алушы: «Қай жерді таңдайсыз: алдын ба, артын ба, ортасын ба?»- деп сұрапты. Қазақ, «алды болса, сын болар; арты болса, мін болар; ортасы болса, сол жөн болар,»- деп, ортасын таңдаған екен

Ішке кірсе, дөңгелене отырған топтың ортасында жалаңаш қыз билеп тұр екен. «Ай, мынау не деген сұмдық!»- деп айқайлап, қызға шапанын жауыпты. Жан-жағына қараса, олар бірдеңелерін оқып, жалбарынып, сыйынып жатыр екен.

Келгеніне көңілі толмаған Қазақ домбырысын шертіп «Айхай, дүниеге» салыпты. Өлеңін айтып болып, қызға қараса, жапқан шапаны шақ болып, биіне ерекше сән беріп тұр екен. Сол кезде құлағына: «Қызға шапаныңды жауып, қасиетке ие болдың. Ән салып, үнге ие болдың. Жетісу мен Екісудың арасы сенің жерің болсын», -деген дыбыс келеді. Содан Қазақ: «Ұрпағың жалындап болмасын көзі мұң, Басыңа қиындық түскенде, қасыңда болсыншы төзімің. Әдетің, ғұрыпың, салт-дәстүр жаңғырсын, тастасаң тозығын, дәріпте озығын!» - деген батаға ие болған екен.



Осы батаның арқасында Қазақ өзінің әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрін сақтап келеді, енді ғаламданудың ұйытқи соққан дауылына да төтеп берері анық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет