«№8 жалпы білім беру мектебі» кмм даму жоспары бойынша 3-жылдық жұмысының талдауы Тақырыбы



бет1/3
Дата30.07.2022
өлшемі259,18 Kb.
#37979
  1   2   3
Байланысты:
жоспарының талдауы




«№8 жалпы білім беру мектебі» КММ даму жоспары бойынша 3-жылдық жұмысының талдауы
Тақырыбы: Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын күшейту, оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, оқу сапасын тұрақтандыруды қалыптастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
Мақсаты: Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу және оқушылармен жеке жұмыстарын жандандыру арқылы, оқушылардың білім сапасын арттыру және шығармашылық іздену жұмыстарын жандандыру.



Басымдықтар

Күтілетін нәтижелер

1. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу, жеке жұмыстарын жандандыру және біржүйелілікті қалыптастыру арқылы, мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің әдіс- тәсілдері мен жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру;

- Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру кезінде жаңа тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігі артады;
- Оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жандандыра отырып, білім сапасын арттырады;
-Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы арқылы ынтымақтастық орнайды.

2.Оқушылардың олимпиадаға, ғылыми жұмыстарға қатысуын жандандыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру

- Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;
-Мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасауларына көңіл бөліп, шығармашылықлық іздену жұмыстары жанданады.

3.Мұғалімдерге өзін- өзі бағалаумен кері байланыстың маңызын түсіндіре отырып, оқыту үдерісін жетілдіру;



- Мұғалімдер өзін- өзі бағалауды үйрену мен қолдану арқылы кері байланыстың маңызын түсінеді;
- Оқытудың үдерісін жетілдіру арқылы өзін - өзі бағалауды біледі

4. Мұғалімдердің жаңа тәсілдерді оқыту үдерісінде жүзеге асыруы арқылы оқушыларға жан -жақты сындарлы білім беру;



- Сабақта жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сындарлы білімі қалыптасады;
- Оқушылардың оқу сапасы артады

5.Ата-аналар қоғамдастық жұмыстарын жетілдіре отырып, оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру.

- Ата-аналар қоғамдастығы жұмысының нәтижесінде оқушылардың оқу белсенділігі артады
- Ата-аналар қоғамдастығы арқылы ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында ынтымақтастық қалыптасады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет