38. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы. Түркі халықтары мен басқа халықтар арасында тарихи таным, білім – ауызша сөйлеу дәстүрінде пайда болды. Tарихи аңыздар — әр халықтың тарихи білімінің ең қызықты, есте қаларлықтай нысаны. Тарихи аңыздар пайда болған сәттен бастап халықтың тарихи сұраныстарына қызмет етіп, халықпен бірге жұмыс істейді. Тарихи аңыз, белгілі бір кейіпкердің қатысуымен белгілі бір оқиғаға байланысты пайда болған тарихи поэма уақыт талаптары мен талаптарына сәйкес, баяндаушылар мен тасымалдаушыларға байланысты өзгерістерге ұшырайды. Халық ауыз әдебиеті материалдарын тиімді пайдалана білу. Eл тарихы мәселелерін дұрыс түсіндіруде бірден-бір айқын, дұрыс жол. Қазақ халқы ауызша тарих пайда болуы және дамуының барлық кезеңдерінен өтті, және бұл процесс әртүрлі жанрларда көрінді:
1. аңыз айту;
2. Хроникасы;
3. классикалық және лиро-эпостық жырлар ;
4. тарихи поэма;
Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546 жылдарыКашмирде парсы тілінде жазылған еңбегі – “Та’рих-и-Рашиди”. Бұл еңбек – Моғолстан мен оған іргелесаймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма.Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптердеМоғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихысуреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед ХайдардыңКашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөзболады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуытуралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралыайтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырғажуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатыстыжерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кеңтараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған.Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Жетісуды билегенәмірші – Поладшы Дулати. Хайдар Дулати оның жетіншіұрпағы болатын. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы тілдерін жетік білген. Ол Жамал Қаршидің, Рашид ад-Диннің, Жувейнидің, Əбдіразақ Самарқанидің еңбектерінзерттеп, тарихи шығармаларына арқау етті.
XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың ең алғашқы жылдарында жазылған түркі ескерткіштерінің бірі – Жалаири Қадырғали Қосымұлының қолынан шыққан тарихи туынды «Жамиғат-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»). 1602 жылы жазылып аяқталған бұл шығарма ғалымдар назарына ілігуі – XIX ғасырда өмір сүрген татардың ағартушы ғалымы Ибрагим Халфиннің есімімен тығыз байланысты. Ол еңбектің бір көшірмесін 1819 жылы Қазан университетінің кітапханасына тапсырады. Қадырғали би еңбегі – ортаазиялық тарихи шығармалар дәстүрінде жазылған еңбек. Сонымен қатар автор сол тарихи кезеңдегі мәдени дамудың деңгейі мен сипатына сай жазба тарихпен қатар, жатқа айтылған тарихты да жақсы меңгерген. Өйткені, ол өмір сүрген тарихи кезеңде көшпелі түркі қоғамдарында ауызша тарих айту дәстүрі кең тараған еді. Шежірелер жинағында берілген шежірелік материалдар, түркі халықтары арасында кең тараған Едіге жайлы эпостан үзінді, пайдаланылған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер соның айғағы. Алайда, Қадырғали би еңбегінің құндылығы – қазақ халқы өз өкілінің қаламынан туған жазба тарих болуында. Бұл шығармада қазақ тарихына қатысты деректер аса көп емес, дегенмен сол азын-аулақ мәліметтің өзі ғылыми маңызы зор, оны басқа сол тұстағы ескерткіштерден кездестіре алмаймыз. Өйткені, Қадырғали мәліметтері қазақ қоғамына тән процестерді сырт көз арқылы емес, іштен қарауға көмектеседі.