Салықтар, басқада міндетті және ерікті төлемдер бойынша есеп айырысулардың есебі
Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды: заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және т. б.
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:
3110 - «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;
3120 - «Жеке табыс салығы»;
3130 - «Қосылған құн салығы»;
3140 - «Акциздер»;
3150 - «Әлеуметтік салық»;
3160 - «Жер салығы»;
3170 - «Көлік құралдарына салық»;
3180 – «Мүлік салығы»;
3190 - «Басқа да салықтар».
Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды , яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.
3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 4310 шотта есепке алынады.
Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 «Жеке табыс салығы» шот кредиттеледі және 3350 және басқа шоттар дебеттеледі.
3130 - «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.
Акциздік салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Шаруашылық операция мазмұны
Дебет
Кредит
Жабдықтаушының шоты төлемге қабылданды:
Шикізаттар мен материалдар құнына
1310
3310, 4110
ҚҚС сомасына
1420
3310, 4110
ҚҚС сомасы есепке жазылды
3130
1420
Ағымдағы банктік шоттан жабдықтаушы шоты төленді
3310, 4110
1030
Сатып алушыға өткізілген өнім немесе тауарлар үшін шот көрсетілді
1210, 2110
6010
ҚҚС сомасы және акциздер есептелді
1210, 2110
3310, 4110
Алынған ҚҚС және төленген ҚҚС және акциздер арасындағы айырма ағымдағы банктік шоттан төленді