8 лекция Міндеттемелер есебі
бет 1/5 Дата 08.02.2023 өлшемі 112,71 Kb. #66161 түрі Лекция
Байланысты:
Міндеттемелер есебі Дәріс мақсаты Ұйымның міндеттемелерінің жіктелуі мен оның бухгалтерлік есебінің жүргізілуін меңгеру. Дәріс сұрақтары Міндеттемелер анықтамасы , олардың жіктелуі.. Несиелер бойынша міндеттемелер есебі. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу. Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуі. Міндеттеме дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Міндеттеме жіктемесі Бухгалтерлік баланстағы міндеттемелер жіктемесі Қысқа және ұзақ мерзімді займдар Қысқа және ұзақ мерзімді туынды қаржылық құралдар Басқада қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер Қысқа және ұзақ мерзімді саудалық және басқада кредиторлық берешек Қысқа және ұзақ мерзімді резервтер Табыс салығы бойынша ағымды салықтық міндеттеме Жұмыскерлерге сыйақы Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер Басқада қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер Міндеттемелерді анықтау белгілері - міндеттеме осы уақытта немесе өткен кезеңдердің нәтижесінде пайда болуы мүмкін, мысалы: сатып алынған тауарлар; - міндеттеме кредиторлық берешек ретінде пайда болуы мүмкін, егер олар болашақта шаруашылық байланысты сақтау қажеттілігі туындайтын болса ; - міндеттеме қайтарылуы мүмкін, бірақ ол нақты бағалауды білдірмейді, өйткені болашақ төлемдер ықтималдылық теориясына сәйкес; - міндеттеменің орындалуы мерзімі нақты болмаса да, анықталған болуы керек; ол ұзартылуы мүмкін. Бухгалтерлік есепте міндеттемелер бойынша көрсетіледі Міндеттемелердің пайда болуы ; Міндеттемелерді бағалау; Міндеттемелерді жіктеу. Достарыңызбен бөлісу: