Түпкі түйін. Соған байланысты сіздерге бірнеше психологиялық ұсыныстар, кеңестер беріледі: 1.Өзін-өзі түсінуге деген талпыныс. Өзінің күшті және әлсіз жақтарын қабылдау.
2.Тәуелділікті жеңу. Психологиялық тәуелділік – күрделі байланыстар болып табылады.
3.Стресске төзімділік.Стрессті басқару – бұл өзін-өзі бақылау.
4.Ойлау тәсілін өзгерту.Барлық уақытта оң шешім қабылдай білуге үйрену.
5.Визуализация. Өзіңізді бақытты сезінуге ПОЗИТИВТІ ОЙЛАУ көмектеседі! ОЙ – бұл адам еркін басқаратын нәрсе!!! Позитивті ойлау – бұл сіздің болайын деп жатқан өмірге, өзіңізге, өтетін оқиғаларға деген психикалық қатынасыңыз.
Бұл сіздің өмірдегі сәттілік көзі болатын жақсы ойыңыз, сөзіңіз бен бейнеңіз. Позитивті ойлау – бұл бақытты, денсаулықты, кез-келген жағдай мен қабылдайтын шешімнің сәтті аяқталуын күту. Позитивті ойлауда үш негізі бағыт бар: позитивті бағдар, аффирмация, өзіндік позитивті ойлау Позитивті бағдар.
6.Аффирмация – бұл саналанған, нақты құрастырылған позитивті ойлау, адам жаман ойды әдейі жақсымен ауыстырады. Бұл позитивті пікір. Бұл сенім мен күшке толы фразалар.
Оны дауыстап айту арқылы сіздің сөзіңізге сенімділік пен күш ұялайды. Аффирмацияны әр күн қолдану керек. Әрқашан не қалайтыныңызды айтыңыз, олар осы шақта құрастырылу керек және тек Сізге қатысты болуы шарт.
Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қорытынды: Адамның денсаулығы – оның өмiр жасының максималды ұзақ болуымен қатар, физикалық және психикалық сапаларын, оптималды жұмыс iстеу қабiлетiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн дамыту және сақтау процесi, ағзаның қоршаған ортаға бейiмделе алу қабiлетi.
2-қорытынды:Психологиялық денсаулықты сақтау көрсеткіштері кеңістіктегі ахуалды сақтауға байланысты. Психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналарды қамтиды: Өзгелермен қарым-қатынас жасай білу қабілеті.Бұл қарым-қатынастар сенімділікке және оң көзқарасқа негізделеді.
Салауатты қарым-қатынастар тек өнімділікті сақтайды. Бұл сондай-ақ «экологиялық достық» – адамның өзі үшін ыңғайлы ортаны таңдауға қабілеттілігін қамтиды.
Қажеттілік және еңбекке қабілеттілік.Бәлкім, кәсіби қызмет ғана емес, сонымен қатар шығармашылық жағынан қоғамға қосқан үлесі болып табылады. Адамның өзі, оның отбасы және қоғам үшін ақылға қонымды құнды нәрселерді жасауы адам үшін маңызды.
Дербестік.Өз ісі мен таңдауына тәуелсіз болу және жауапкершілік.Әдеп нормаларын түсіну.Өмір сүруге бейімділіктегі нормаларды ұстану.
Эмоционалды тұрақтылық. Адамның өз эмоциясын басқара білуі.
3-қорытынды:Ақыл-ой қабілетін өмір сүру барысында салауатты салтқа үйрету.Өзін-өзі бағалауда деген қарым-қатынасты жақсарту.
Психикалық денсаулықты жақсарту ережелері: 1.Дұрыс тамақтана білу.Тамақтану – психикаға әсер ететін физикалық денсаулықтың негізі.
2.Үнемі физикалық белсенділікті жетілдіріп, жаттығулар жасау денсаулыққа жағымды әсер етеді.
3.Өзіңізде жақсы сезім қалыптастыру адамның көңіл-күйін көтеріп, жақсы әсерге бөлейді, мұның денсаулыққа пайдасы мол. Денсаулықтың саулығы адамғабақытты өмір сүру үшін қажет.
Сәттілік!!!