8-СЫНЫП АЛМАТЫКІТАП
ГЕО ЗЕРТТЕУ ƏДІСТЕРІ,КАРТОГРАФИЯ
Бір дұрыс жауапты белгіле
1. Өткен геологиялық дəуірлердегі физикалық-географиялық
жағдайлар туралы ғылым
А геоморфология С гидрогеология
В палегеография Д тарихи география
2. Павлодар қаласында Ертіс өзенінің тік жарлы жағасындағы жер
телімі
А «Тірсек-Қарағайлы» С «Зеренді»
В «Шынтүрген шыршасы» Д «Қаздар қонысы»
3. Сахалин аралын сипаттаған географ
А В.Геблер С Ю.К.Ефремов
В Михлуко-Маклай Д А.Никитин
4. Н.Н.Баранский «Бұнда барлық орталықтар шалғайда, ал шалғай
жерлер шөлді орталықта болды», – деп жазған аймақ
А Ресей С Қазақстан
В Оңтүстік Сібір Д Қашғария
5. Шымкент қаласының бұрынғы атауы
А Черняев С Гурев
В Ақмешіт Д Торғай
6. «Страбоннан біздің күнге дейін. Географиялық көзқарастар мен
идеялар эволюциясы» атты кітаптың авторы
А К.Риттер С Н.К.Мұқитанов
В А.Гумбольдт Д Ш.Уəлиханов
7. Азия мен Африканы бөлетін канал
А Панама С Босфор
В Киль Д Суэц
8. Гренландия аралы тиесілі мемлекет
А АҚШ С Исландия
В Дания Д Ресей
9. Африка құрлығында орналасқан аралдар
А Суматра,Ява,Калимантан
В Мадагаскар,Гудзон,Тасман
С Карпентария,Гвинея,Канар
Д Мадейра,Сокотра,Канар
10.Деректер туралы мəліметтер
А дереккөздер С семантикалық карта
В метадеректер Д синтаксистік ақпарат
11.Картада интерактивті диаграммалар, графиктер жəне басқа да
бейнелі элементтер құрастыруға болатын бағдарлама
А гиперссылка C Paint
В Power Point D PowerView
Төменде берілген кестені толтыр
12.
ТАҚЫРЫПТЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ БӨЛІНУІ
Физикалық-географиялық
карталар
Қоғамдық-географиялық карталар
Көпнүктенің орнын толықтыр
13.Уақыттық кезеңдер бойынша география ғылымы ...................
(физикалық география), ................., ........................ (қоғамдық
география) болып бөлінеді.
14.Географияда бірде-бір əдіс жеке дара қолданылмайды.
.................................. бұл туралы: «Біреуі басқаның орнына емес, біреуі
басқалармен бірге», – деп жазған болатын.
15.Ой тұжырымының негізгі екі формасын бөліп көрсетуге болады. Олар
па йымдаудың жалпыдан жекеге жəне жекеден жалпыға қарайжолын
қарастырады жəне ................ мен ................ деп аталады.
16. 1998 жылға дейін əлемде атауы қарапайым «астана» ұғымын
білдіретін бір ғана ........................ болды. Қазақстандық ...........– екінші
қала.
17. ....................... – далалық жəне т.б. арнайы зерттеулер барысында
жиналған материалдарды өңдеу
18.................. дегеніміз – деректерді ыңғайлы формаға келтіру
19.Аннотацияның ұсынылатын орташа көлемі – ............................
20.Көпшіліктің алдында сөз сөйлеген кезде зерттеушілер ұсынылған
мəліметтердің көрнекі болуын қамтамасыз етуге тырысады. Бұндай
мақсаттар үшін ..........................................................ең кең таралған
формалар
Достарыңызбен бөлісу: |