М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға немен аяқталады?
А) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп, кешірімге кісі жіберді.
В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал жан тәсілім қылды.
С) Боранды түні Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, Жамал талып кетті.
Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады.
[1]
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсіп, ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын кім?
А) Текебай В) Қабылбек С) Момыш
Үбиан
[1]
3.Д.Исабеков «Әпке» драмасы бойынша кейіпкерлер сөзін сәйкестендір .
КЕЙІПКЕР
КІМНІҢ СӨЗІ?
Қамажай
Ничего, ничего, мамуля. Қуаныш атаулының ойда жоқта болғаны жақсы. Күнбұрын білген қуаныш - қуаныш емес.
Нәзила
Сонымен, тоқ етерін айтсам, бақыт дегеннің өзін бірнеше салаға бөлуге болады. Отбасындағы, қызметтегі, махаббат, тағы-тағылар саласында...
Қорытып айтқанда, бақыт деген – жеңіс немесе жеңіске апарар күрес.
Темірбек
Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын. Енді бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.
Омар
Теміржан, қой, қарағым. Сені ... сені бөтен деп ... Тойды жасаймыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз. Ақша деген табылады...
Ермек
Мінезім солай. Не тапсам да, тілімнен табатын шығармын. Бірақ сені келемеждеп не табам? Мен... бәрін түсінем. Түсінем деп жүріп ештеңе байқамағына таңғалам... Адам жанының бұл да бір жұмбақ сыры ғой. Айтқаның дұрыс болды. Шын жүрегімнен тілектеспін.
[1]
Қай кейіпкер сөзі ? «Апа, енді мен үшін жаманатты болмаңыз, маған
енді, Ғали болмаған соң,бәрібір, суға батырып, отқа жандырса да, ықтияр бере беріңдер, алла тағала менің маңдайымды ашайын десе,Ғалиды мұндай қылмас еді»
А) Жұман
В) Шолпан
С) Жамал
D) Ғали [1]
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның прологын анықтаңыз.