8-сынып бойынша тестік ж±мыстар


Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі



бет3/19
Дата16.10.2023
өлшемі1,06 Mb.
#116551
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
8-synypa-arnalan-test-zhmystary

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Тест А-1


1.Төмендегі екі жағдайдың қайсысында мұзға көп жылу беріледі:
А) мұзды балқыту кезінде;
Б) мұзды t -5ºC –тан t =0 ºC –қа дейін қыздыру кезінде.
Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы с=2,1 , меншікті балқу жылуы 340 .
а) А жағдайында; б) Б жағдайында; в) екі жағдайда да бірдей жылу мөлшері жұмсалады;
г) есептің шарттары бойынша жылу мөлшерлерін салыстыру мүмкін емес;
д) дұрыс жауап жоқ.
2.Болат шардың ішкі энергиясы артады, егер ...
а) шарды 2м биіктікке көтеріп қойса;
б) шарды 2ºC-қа қыздырса;
в) шардың жылдамдығын 2м/с-ке арттырса;
г) 2см-ге созылатын серіппеге іліп қойса;
д) дененің ішкі энергиясы тұрақты шама.
3.Қалайы тұрақты температурада балқиды.Балқу кезінде оған берілетін энергия ... түрленеді.
а) оның бөлшектерінің қозғалыс энергиясына;
б) қалайы кесегінің кинетикалық энергиясына;
в) оның бөлшектерінің өзара әрекеттесу энергиясына;
г) қалайы кесегінің потенциальды энергиясына;
4. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...
а) 12 ºC; б) 0 ºC; в) 37 ºC; г) 59 ºC; д) 75ºC.
5.Массасы 1кг мыстың балқу кезінде ішкі энергиясы қаншаға артады?
а) 0,38 кДж; б) 210 кДж; в) 352 кДж; г) 175 кДж; д) 0.
6. 100ºС температурадағы массалары бірдей мөлшердегі су мен су буының ішкі энергиялары U бірдей бола ма?
а) = ; б) > ; в) < ; г) нақты жауап беру мүмкін емес.
7.Сұйықтың булануы неге тәуелді?
а) тек сұйықтың тегіне;
б) тек сұйық бетіндегі желге;
в) тек сұйық бетінің ауданына;
г) тек сұйықтың температурасына;
д) а-г жауаптарда көрсетілген барлық жағдайларға.
8. Мұздың температурасы 0ºC.Мұзға қойылған алюминий куб толығымен мұзға батып кету үшін, алюминий кубты алдын-ала қандай температураға дейін қыздыру қажет?
а) 84 ºC; б) 255 ºC; в) 123 ºC; г) 212 ºC; д) 167ºC.
9. Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%. Құрғақ термометр және ылғал термометр көрсетулері үшін қандай теңбе-теңдік орындалады?
а) = ; б) < ; в) > ;
г) нақты жауап беру мүмкін емес;
д) бөлменің температурасына тәуелді болуы мүмкін.
10.Массасы m денеге қандай да бір жылу мөлшерін бергенде оның агрегаттық күйі өзгерген жоқ. Осы жағдайда денеге берілген жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?
а) Q=q·m; б) Q= ·m; в) Q= cm( ); г) Q=L·m; д) Q=0.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет