В.В. Воронкованың жетекшілігімен жүргізілген КСРО Педагогикалық ғылымдар Академиясы дефектология ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің көпжылдық зерттеулері нәтижесінде алынған төрт типологиялық ерекшеліктерге сәйкес зерде бұзылыстары бар балаларды анықтау мүмкіндігін берді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде авторлармен мектеп оқушыларын 4 типологиялық топқа бөлетін оқушылардың білім алу мүмкіндіктері бойынша оқушылардың педагогикалық жіктемесі жасалды.Егер мұғалім бұл оқушыларды пәндік-практикалық қызметтерге үнемі үйретсе, болып жатқан шынайы әрекеттердің, өзгерістердің мағынасын, мәнін түсінікті түрде жеткізсе оқыту нәтижелі болады. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі мұны ескеруі және оқушыларды тиімді ынталандыруы тиіс.