Жылу машиналары. Тест А-2
1. Егер идеал газдың сыртқы ортамен жылу алмасусыз атқарған жұмысы ішкі энергияның артуына тең болса, онда газбен қандай процесс жүрді?
а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;
г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.
2.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-ін арттыруға болады, егер ...
а) қыздырғыштың температурасын арттырса;
б) салқындатқыштың температурасын арттырса;
в) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде арттырса;
г) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде кемітсе;
д) салқындатқыштың температурасын арттырып және қыздырғыштың температурасын төмендетсе.
3.Автомобиль 50км жолға 5,67кг бензин жұмсайды.Егер автомобильдің жылдамдығы 90км/сағ, ал ПӘК-і 22% болса, онда қозғалтқыштың қуаты қандай?
а) 14,7 кВт; б) 28,6 кВт; в) 32,5 кВт; г) 36,8 кВт; д) 22,3 кВт.
4. Суретте газдың 1-күйден 2-күйге ауысу графигі көрсетілген.Газдың жасаған жұмысын
а
Р, Па
1
2
нықтаңдар?
3·102
а) 750 Дж;
б) 150 Дж;
в) 1200 Дж;
г
V (м3)
) 300 Дж;
д) 600 Дж;
1
3
5. Қозғалтқыш цилиндрі жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылғаннан кейін, поршень жоғары қарай қозғалып,жанғыш қоспа сығылады.Осы такт қалай аталады?
а) сору; б) сығу; в) жұмыстық жүріс; г) шығару; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Термодинамиканың ΙΙ-заңына сәйкес…
А. Жылу өздігінен салқын денеден ыстық денеге өте алмайды.
Б. Қыздырғыштан алған жылуды түгелімен механикалық жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.
В.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-і әрқашанда 100%-тен кем.
а) тек А; б) тек Б; в) тек В; г) А,Б және В; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q=U+A; в) A= −U ; г) Q= −U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8. Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай?
а) 23 %; б)46 %; в) 77 %; г) 30 %; д) 66 %.
9. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі...
а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;
б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;
в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;
г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10.Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%.Қозғалтқыштың қыздырғыштан алған жылу мөлшері оның салқындатқышқа берген жылу мөлшерінен неше есе көп?
а) 1,67; б) 3,22; в) 2,7; г) 2,5; д) 1,32.
Достарыңызбен бөлісу: |