Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Тест А-1
1.Төмендегі екі жағдайдың қайсысында мұзға көп жылу беріледі:
А) мұзды балқыту кезінде;
Б) мұзды t-5ºC –тан t=0 ºC –қа дейін қыздыру кезінде.
Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы с=2,1, меншікті балқу жылуы.
а) А жағдайында; б) Б жағдайында; в) екі жағдайда да бірдей жылу мөлшері жұмсалады;
г) есептің шарттары бойынша жылу мөлшерлерін салыстыру мүмкін емес;
д) дұрыс жауап жоқ.
2.Болат шардың ішкі энергиясы артады, егер ...
а) шарды 2м биіктікке көтеріп қойса;
б) шарды 2ºC-қа қыздырса;
в) шардың жылдамдығын 2м/с-ке арттырса;
г) 2см-ге созылатын серіппеге іліп қойса;
д) дененің ішкі энергиясы тұрақты шама.
3.Қалайы тұрақты температурада балқиды.Балқу кезінде оған берілетін энергия ... түрленеді.
а) оның бөлшектерінің қозғалыс энергиясына;
б) қалайы кесегінің кинетикалық энергиясына;
в) оның бөлшектерінің өзара әрекеттесу энергиясына;
г) қалайы кесегінің потенциальды энергиясына;
4. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...
а) 12 ºC; б) 0 ºC; в) 37 ºC; г) 59 ºC; д) 75ºC.
Достарыңызбен бөлісу: |