Әр түрлі ортадағы электр тогы. Тест А-2
1.Мыстың электрохимиялық эквиваленті 3·10кг/Кл.Егер ваннадағы ток күші 5000 А болса, бір сағат ішінде катодта шөгетін мыстың массасы қандай?
а) 54кг; б) 0,54кг; в) 540г; г) 5,4кг; д) 540кг.
2. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы қандай заряд тасымалдаушылар арқылы жүзеге асырылады?
а) оң және теріс иондар;
б) электрондар;
в) кемтіктер;
г) бірдей мөлшерде иондар және электрондар;
д) электрондар және кемтіктер.
3. Төрт валентті кремнийге бірінші рет үш валентті индийді, сосын бес валентті фосфорды қосады.Әрбір жағдайда жартылай өткізгіш қандай өткізгіштікке ие болады?
а) бірінші жағдайда − кемтіктік, екінші жағдайда− электрондық;
б) бірінші жағдайда − электрондық, екінші жағдайда − кемтіктік;
в) екі жағдайда да- электрондық; г) екінші жағдайда да −кемтіктік;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
4. Вакуумдік диодтағы электродтардың арақашықтығы .Катод пен анод арасындағы кернеу U.Электронның заряды және оның массасы e және m.Электронның анод пен катод арасындағы қашықтықты жүріп өту уақыты:
а) ; б) ; в) ; г) ; д) .
5. Электролиттік диссоцация дегеніміз:
а) электролит арқылы электр тогының жүруі;
б) ерітілетін зат молекуласының электрондар мен иондарға ыдырауы;
в) ерітілетін зат молекуласының иондарға ыдырауы;
г) оң және теріс иондардың молекулаларға бірігуі;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:
а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальванопластика;
г) рекомбинация; д) гальваностегия .
7. Электролит арқылы 4А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 360мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эквиваленті:
а) 0,4 ; б) 0,5; в) 0,2; г) 0,3; д) 0,6.
8.Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз:
а) вакуумдік диод арқылы электр тогының жүруі; б) жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығуы; в) электр тогының газ арқылу өту процесі;
г) қыздыру нәтижесінде электрондардың шапшаң қозғалуы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Газдардағы электр тогы дегеніміз:
а) газдың иондалуы; б) газ атомдары немесе молекулаларынан электрондардың ажырауы; в) электрондар мен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысы;
г) электр өрісінде үдетілген электрондардың бейтарап молекулалармен (немесе атомдармен) соқтығысуы кезінде олардан электрондарды жұлып шығаруы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Қоспасы жоқ жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі қандай?
а) электронды; б) кемтіктік; в) бірдей мөлшерде электрондық және кемтіктік;
г) иондық; д) мүлде электр тогын өткізбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |