8 сынып География. Материктер мен мұхиттар 0-үзік Мақсат



Дата29.09.2023
өлшемі35,64 Kb.
#111662
Байланысты:
ТЕСТЫ


8 сынып
География. Материктер мен мұхиттар
0-үзік
Мақсат: VII сыныпта өткен курс бойынша бағдарлама мен мемлекеттік стандартқа сай оқушылардың білім, білік, дағдыларын айқындау.
Тақырыптар: «Жер беті табиғатының басты ерекшеліктері», «Еуразия. Мұхиттар мен материктер табиғатының әртүрлілігі».
1 нұсқа
Тапсырма №1 (І. Білу).
Тапсырманы тест түрінде орындаңдар. Дұрыс жауабын таңдаңдар:
1. Жер шарындағы ең кіші материк:
А) Африка.
В) Солтүстік Америка.
С) Оңтүстік Америка.
D) Антарктида.
Е) Австралия
2. Африкадағы ХХ ғасырдың басындағы тәуелсіз елдер:
А) ОАР, Египет
В) Алжир, Либия
С) Либерия, Эфиопия
D) Тунис, Марокко
Е) Судан, Нигерия
3. Евразияда көлдердің солтүстік-батыста жиі орналасуының себебі:
А) Мұздықтардың қазу әрекеті
В) Климат ерекшеліктері
С) Жер бедерінің сипаты
D) Адамның шаруашылық әрекеті
Е) Жер қыртысындағы жарықтарды ң болуы
4. Льянос - бұл
А) Ылғалды экваторлық ормандар
В) Субтропиктік дала
С) Шөлейт
D) Ориноко саваннасы
Е) Бразилия саваннасы
5. Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде ғылыми еңбектер жазып қалдырған ғалым:
А) Дж. Кук
В) Ф. Магеллан
С) Н. Н. Миклухо-Маклай
D) А. Тасман
Е) Х. Колумб
Тапсырма №2 (ІІІ. Қолдану).
Сәйкестендіру:

  1. Африка

  2. Еуразия

  3. Солтүстік Америка

  4. Онтүстік Америка

  5. Антарктида

  6. Австралия

А) Аконкагуа
В) Гибралтар
С) Конго
D) Костюшко
Е) Мак Кинли
F) Эребус

Тапсырма №3 (ІІ. Түсіну).
Терминдерге анықтама беріңдер:
1. Сельва
2. Экзогендік күштер
Тапсырма №4 (ІІІ. Қолдану).
22 маусымда қай жерде күн қысқа: солтүстік немесе оңтүстік жарты шарда? Жауаптарыңды түсіндіріңдер:
Тапсырма № 5 (ІV. Талдау).
Толық жауап беріндер:
Неге Аустралияның өзендерінің көбі материктің шетінен ортасына қарай ағады?
Тапсырма №6 V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Кез-келген түрде әлемнің бір мемлекетіне (таңдау бойынша) сипаттама құрыңдар (досыңа хат, саяхатшының күнделігі, туристік бағдар және т.б.).
2 нұсқа
Тапсырма №1(І. Білу).
Тапсырманы тест түрінде орындаңдар. Дұрыс жауабын таңдаңдар:
1. Африкадағы ең жоғары дамыған ел:
А) Египет
В) Алжир
С) Намибия
D) ОАР
Е) Эфиопия
2. Аустралиядағы жаз айларының аралығы:
А) Шілде-тамыз аралығы
В) Қыркүйек-қазан аралығы
С) Желтоқсан-ақпан аралығы
D) Наурыз-мамыр аралығы
Е) Маусым-шілде аралығы
3. Алясканы ашып, зерттеуге үлес қосқан орыс саяхатшылары:
А) Колумб, Магеллан.
В) Кортес, Макензи.
С) Гудзон, Кабот.
D) Беринг, Чириков.
Е) Амундсен, Скотт.
4. Евразияның күшті тілімделген жағалаулары:
А) Оңтүстігі мен шығысы
В) Шығысы мен солтүстігі
С) Солтүстігі мен батысы
D) Батысы мен шығысы
Е) Солтүстігі мен оңтүстігі
5. Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекет:
А) ОАР
В) Египет
С) Алжир
D) Сомали
Е) Мозамбик
Тапсырма №2 (ІІІ. Қолдану).
Сәйкестендіру:

  1. Африка

  2. Еуразия

  3. Солтүстік Америка

  4. Онтүстік Америка

  5. Антарктида

  6. Австралия

А) Анды
В) Монблан
С) Атлас
D) Тасмания
Е) Мисиссипи
F) Белинсгаузен

Тапсырма №3 (ІІ. Түсіну).
Терминдерге анықтама беріңдер:
1. Льянос
2. Экзогенді күштер
Тапсырма №4 (ІІІ. Қолдану).
22 желтоқсанда қай жерде түн қысқа: солтүстік немесе оңтүстік жарты шарда? Жауаптарыңды түсіндіріндер:
Тапсырма № 5 (ІV. Талдау).
Толық жауап беріндер:
Халқы біркелкі бөлісіп орналасқан материк жоқ. Кез-келген материктің мысалы ретінде осы құбылыстың себебін түсіндіріңіз.
Тапсырма №6 V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Кез-келген түрде әлемнің бір мемлекетіне (таңдау бойынша) сипаттама құрыңдар (досыңа хат, саяхатшының күнделігі, туристік бағдар және т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет