8 сынып Қмж лары (білім беру ұйымыныңатауы) Қысқамерзімді (сабақ)



бет46/56
Дата06.10.2023
өлшемі2,47 Mb.
#112990
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
8 СЫН ҚМЖ

Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-21


Бөлім:

Тіршілік қауіпсіздігі

Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда)




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы



Сабақтыңмақсаты

адамгершіліктің, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін аңықтай отырып құқықтық тәрбие беру.

Құндылықтарды дарыту

оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігі арытады.


Сабақтыңбарысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Ұйымдастыру кезеңі.
І Психологиялық тренинг Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп, тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)



Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
.

Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2.

Сабақтың ортасы

Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу)
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
8. Ұрлық түбі, қорлық.
9. Өтірікшінің құрығы, бір - ақ тұтам.
10. Тура биде, туған жоқ.
11. Туғанды биде, иман жоқ.
12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.
14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
Сұрақ-жауап. (Мұғалім оқушыларға слайд тапсырмалары борйынша сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады)
1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет?
Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы?
Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды?
Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық - деген не?
Бостандық - бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді?
Бостандық және өз қалауымен орындамалық - бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.)
1. Құқық -----------------------------------------А - Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б - Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г - Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д - Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е - Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж - Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З - Құқығы бар ел тұрғыны
Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; суретпен жұмыс.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет