8-сынып Тақырыбы: Оқшау сөздер Мақсаты



Pdf көрінісі
Дата21.01.2017
өлшемі104,48 Kb.
#2327

    8-сынып 

 

Тақырыбы:

 Оқшау сөздер 



Мақсаты:

 

Сабақтың мақсаты: 



1. Оқшау сөздердің негізгі белгілеріне қарап түсінік беру,түрлерін ажырату, 

тыныс белгісіне тоқталу,өз бетімен талдау дағдысын қалыптастыру; 

тапсырмаларды беру арқылы қорытынды шығаруға үйрету; 

логикалық ойлау әдістерін қлыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге 

баулу; 

2. Оқшау сөздерді ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы 



көркем,бейнелі сөз ретінде пайдалану,ұшқырлыққа тәрбиелеу; 

3.Ой-өрісін,сөз байлығын дамыту;  

Сабақ процесінде қолданылған ұлағатты сөздер арқылы адамгершілік 

сезімдерін жетілдіру ; 



Түрі:

 жаңа материалды оқып үйрену сабағы 



Әдісі:

 талдау, ізденіс, салыстыру 

Типі: кіріктірілген сабақ қазақ тілі, орыс тілі 

Көрнекілігі:

 кестелер, сызбалар, қосымша мәлімет 



Сабақ барысы:

 

І . Қызығушылықты ояту:

 

а) Психологиялық даярлық 

Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып, 

Ана тілін білмеу қандай заңдылық! 

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда 

Ана тілің жасау керек- мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, 

ақын М. Шахановтың  туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын 

өнегеге толы өлеңімен  бастайық. 



ІІ. Мағынаны тану.

 

салыстырмалы ассоциация «Оқшау», «Вводные слова» 

 

Өзге сөздермен байланысқа түспейді 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды 



 

Қаратпа сөздер 

                          Қыстырма сөздер-            Одағай сөздер - 

тыңдаушының назарын               сөйлеушінің айтылған        айтушының көңіл- 

аудару үшін қолданылады.          пікіріне  әр түрлі                 сезімін білдіреді. 

Тыңда, далам, Жамбылды!          көзқарасын білдіреді          Пай, айтасың ау! 

Оқшау сөздер 


Сөз түзелді, тыңдаушы,               Бәсе, осы сөз менің де        Па, шіркіннің                                                                                                                                

сен де түзел                                   құлағыма тиген еді.             дауысын-ай! 

                                                        Сөйтіп, Қара Көже            

                                                        атанып кетті. 

Оқулықпен жұмыс. 66

-жаттығу. (шарты бойынша орындау). 

Семантикалық карта.

 

 

Мысалдары 

                               Түрлері  

Қаратпа сөз 

Одағай сөз 

Қыстырма сөз 

Байғұс  –  ау, 

саған 


не 

болған? 


 

 



«Қош бол,  Қараой» 

 



 

Аға, бұл кімнің аты? 

 

 



Хан, 

әрине, 


ғажайып 

мешіт 


салу, 

хан 


жарлығынан,  не  ұзақ  өмір 

сүруден  емес,  адам  көңіл 

күйінің  шаттануынан,  не 

үлкен  арманнан  туатынын 

білген жоқ 

 

 



Әйтеуір,  осы  қос  аққуын 

көрсе,  сол  сәтте  Берке  хан 

бәрін ұмытатын 

 

 



Бұл нешінші қара сөз?

 

    Отыз бірінші қара сөз ( оқшау сөздерді таптыру) 

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: 

 әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; 

екінші-сол естіген нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, 

тұшынып, ынтамен ұғу керек; 

үшінші-сол  нәрсені  ішінен  бірнеше  уақыт қайталап,  ойланып,  көңілге  бекіту 

керек; 

төртінші-ой-кеселді  нәрселерден  қашық  болу  керек.  Егер  кез  болып қалса 



салынбау керек. 

 Сәйкестендіру  



1.

 

Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай!       қыстырма 



2.

 

Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз.                    одағай 



3.

 

Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында.             Қаратпа 



ІІІ Толғаныс

«Менің асыл арманым» эссе жазу. Оқшау сөздерді қолдану 



1. Оқшау сөздердің негізгі қызметі не? 

А) сөйлем мүшесі болады 

В) сөйлемге түрлі мағына береді 

2. Қыстырма сөз деген не? 

А)

 



Тыңдаушының назарын аударады 

В) Сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді 



3. Одағай  сөзді белгіле. 

Тәйірі сол да қиын ба?

 

А)сол да      В)тәйірі 



4. Сөйлемдегі қыстырма сөздің мағынасы. 

Менің байқауымша,ол

- сабырлы,ілтипатты адам. 

А)сенер-сенбестік   В)мойындау 



5. Қаратпа сөз қатысқан сөйлем қайсы? 

А)Сөйлей бер, ақ домбырам, күмбірлеген. 

В)Сабақ басталып, біз тапсырма орындай бастадық. 

6. Одағай сөздің неше түрі бар?

 

А)5  В)3 



7. Күннің суытатын сыңайы бар, сірә. 

Қыстырма сөздің орнын көрсет.

 

А)басында        В)соңында 



8. Оқшау сөздің тыныс белгісі.

 

А)үтір В)сызықша 



9.Одағай сөзден жасалған есімшені тап

 

Зал ішінен алақайлаған сәбилердің даусы шықты.

 

А)зал ішінен       В)алақайлаған 



10.Ал,

 Бәке, бұған не дейсіз? Қаратпа сөзді тап 

А)ал, Бәке          В)бұған не дейсіз 



 

Бүгінгі тақырыбымызда  дана кемеңгер Абайдың оқылған қара сөзінен өнеге 

алып, болашақта еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болу өз 

қолдарыңызда.  Өтілген тақырыпты  өмір тәжірибелеріңізде ұтымды қолдана 

біліңіздер.  

Бағалау:

 жауап берулеріне қарай бағалау 



Үйге  тапсырма:

    Көркем  әдебиеттен  сөздерге  он  мысал  сөйлем  тауып       



жазу 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет