8 тaқырып. Тұлғааралық қабылдау әсерлері. Тұлға және топ (әлеуметтік-психологиялық ықпал ету). Мақсаты



Дата22.05.2023
өлшемі29,56 Kb.
#95813
Байланысты:
№8 тaқырып. Тұлғааралық қабылдау әсерлері. Тұлға және топ (әлеуметтік-психологиялық ықпал ету).


8 тaқырып. Тұлғааралық қабылдау әсерлері. Тұлға және топ (әлеуметтік-психологиялық ықпал ету).


Мақсаты: студенттерге қарым-қатынастағы тұлғааралық қабылдау, тұлға мен топ арасындағы бір-біріне ықпал ету мәселелері туралы ақпарат беру. Әлеуметтік психологиядағы бұл мәселелерге қатысты ақпараттарға шолу жасау, түсіндіру.
Міндеттері:

  • тұлғааралық қабылдау мен топаралық қабылдау ұғымдарының мәнін ашу;

  • тұлға және топтың бір-біріне ықпал ету жолдарын түсіндіру;

  • коммуникациядағы вербальды және вербальды емес құралдарды сипаттау.

Тәжірибелік сaбaқтың тaпсырмaлaры



  1. «Себет» әдісі (ауызша әртүрлі сұрақтарға жауап беріңіз).

  • Қарым-қатынастың перцептивті жағы дегенді қалай түсінесіз?

Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді. Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр. Қарым-қатынастың перцептивті аспектісі дегеніміз – адамның адамды қабылдауы, түсінуі және бағалауы. Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметтік детерминантасы (себептері) деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. Алғаш енгізген Дж. Брунер. Бірақ қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, жалпы әлеуметтік перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция, жеке адамдардың өзара қабылдауы туралы айтылады. Сонымен бірге адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл жағдайда адамдардың бір бірін тануы, түсінуі деген ұғым тұрғысында қарастырылып лтыр. Адамды тану ұғымы сыртқы пішінін ғана қабылдаумен қатар, оның өзін ұстауы, мақсат мүдделері, ой, қабілеттері, эмоциялары, бағдарлары тұрғысында өзіндік ой елестерінің қалыптасуын қамтиды. Және де қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы эмоциялық қатынастардың пайда болуы да қамтылады. Сонымен, әлеуметтік перцепция – адамның сыртқы белгілерін қабылдау, оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.

- Коммуникацияның вербалды емес құралдарына нелер жатады?


Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 пайызы – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.

Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.


Вербальды емес коммуникативті техникалар дегеніміз – өзара әрекет етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербальды емес қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинестикалық, тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады.



  1. «Жалғасын тап» әдісі.

  • Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататынкүрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу.

  • Қарым-қатынастың негізгі қызметтері: 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпараталмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты); 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

  • Рухани қарым-қатынас – достар арасындағы тұлғааралық

Қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе
Алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы
Арқылы түсінеді. Мұндай қарым-қатынас адамдардың бірбірін жақсы білуі арқылы орнайды.

  • Қарым-қатынастың құралдары - тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқу жатады.

Қарым – қатынас стилдері – бізде кездесетін жағдайға немесе жағдайларға байланысты әр түрлі қарым-қатынас стилі болуы мүмкін. Бұлар:
1 пассивті қарым-қатынас стилі
2 агрессивті қарым-қатынас стилі
3 Пассивті-агрессивті қарым-қатынас стилі

  1. 4 Белсенді қарым-қатынас стилі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет