№8 зертханалық жұмыс



бет3/6
Дата14.11.2022
өлшемі4,33 Mb.
#49881
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№8 ИКТ каз Графика

Жұмыстың мазмұны:


1-тапсырма. Corel Draw графикалық редакторы.


Corel Draw бағдарламасымен визитка әзірлеу:

  1. «Тіктөртбұрыш» құралын тандап, тіктөртбұрыш суретін саламыз. Жоғарыдағы сол жақта орналасқан тіктөрбұрыш көлемін тігінен 50, көлдеңінен 90 етіп өзгертеміз.




  2. Тіктөртбұрыштың жанына визиткада болуға тиіс мәтінді енгіземіз, аты-жөні бөлек, телефоны бөлек, мекен-жайы бөлек етіп. Ол үшін «Мәтін» құралын тандап, параққа мәтінді жазамыз.

Қаріпті (шрифтті) визиткаға сыйатындай етіп өзгертеміз.

3. Визитканы құрастырамыз. Құрастырудың бірнеше стандартты ережелері бар:
Көлдеңінен құрастыру:

  • Жоғары сол жаққа - компанияның логотипін қоямыз;

  • Төменгі сол жаққа - мекен-жай;

  • Төменгі оң жаққа – телефон;

  • Жоғары оң жаққа - компанияның аты ;

  • Визитканың ортасына - иесінің аты-жөні, лауазымы.

Тігінен құрастыру (жоғарыдан төмен қарай):
- компанияның аты;
- логотип;
- иесінің аты-жөні, лауазымы
- телефон;
- мекен-жай.




Құрастыру үшін: «Указатель» құралының көмегімен алып барамыз. Әр түрлі объектілерді түзеу үшін Упорядочить -> Выровнять и распределить -> … «Выровнять центры по вертикали» немесе «Выровнять центры по горизонтали» таңдаймыз.



Немесе бағыттауыштар көмегімен, яғни сызғышты жылжыту арқылы орындауға болады (Сызғышты қосу үшін Вид -> Линейки)

4. Мәтінді қойған соң түс пен басқа элементтер қосуға болады.

1 нұсқа (қарапайым)


Атына және бөлетін сызыққа түс береміз, ол үшін обьектіні таңдап, (үстінде бір рет шертеміз) палитрада: егер объектінің ішін бояу үшін тышқанның сол жақ батырмасын, ал егер контурын бояу үшін оң жақ батырмасын басамыз.

Егер палитра қосылмаса: Окно –> Цветовые палитры. CMYK палитрасын қолданған дұрыс, себебі сандық баспа осы түстік схемаға негізделген.



2 нұсқа (іскерлік)
Бірнеше тіктөртбұрыштар сызамыз және олардың өзін және контурын сәйкес түске бояймыз.

Құралдар панелінен Интерактивная прозрачность таңдаймыз. Тіктөртбұрыштар түсіне өзгерістер енгіземіз (линейная прозрачность).




3 нұсқа (фонмен)


Компьютерде бар суретті (кәдімгі jpeg) тасымалдау арқылы Corel-ға қоямыз (немесе Файл - >Импорт арқылы қоюға болады).
Визитка өлшемін өзгерткен тәсілмен алынған суреттің өлшемін 90*50 өзгертеміз және визитканың астына қоямыз. Ctrl+PgDn пернелер көмегімен фонды жазудың астына қоямыз.
Фонға да ашық түс береміз, мұнда «Линейная прозрачность» емес, «Однородная» береміз.
Логотип фонда айқын көріну үшін оған «Интерактивная тень» құралының көмегімен көлеңкесін береміз. Бұл көлеңкені аты жөніне де қоюға болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет