85. Абылай ханның Жоңғар билеушісінің тұтқынында болған кезін суреттейтін Үмбетей толғауындағы тарихи шындықтың көрінісін Ш. Уәлиханов, А. Левшин еңбектерімен, кейінгі Көкбай Жанатайұлы туындысымен байланыстыра отырып талдаңыз



бет2/3
Дата18.05.2023
өлшемі19,97 Kb.
#94636
1   2   3
Байланысты:
ХАНДЫҚ 85-86-87

Мұхтар Әуезовше тарқатсақ, «Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң сол қазақтың қазақ болуына, басы қосылып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».

86.Үмбетейдің ел арасының ер құны, жесір дауына байланысты тұстардағы қызметін көрсететін туындыларының мәні мен маңызын түсіндіріңіздер.
Бұқар жыраудың төсек тартып, жатып қалған шағында Үмбетай қасында болып, ұстазын соңғы сапарға шығарып салған.Жаудын беті қайтарылып, Орта жүз Сарыарқаны тұрғылықты мекеніне айналдырғаннан кейін Үмбетай қарт батыр Бөгенбайдың қасында қанжығалы руының жыршысы, биі болып жүрген. Әртүрлі даулы мәселелерге араласып әділ төрелігін айтып, елдің тыныштығын қорғаған. Бұл кезде ел арасына жік түсіретін жер дауы, жесір дауы көп еді. Бірде найман мен арғын арасында осындай жесір дауы шығып, найман жағынан келіссөзге Ақтамберді жырау мен Қабанбай батыр келген. Сонда ашуға басқан Ақтамберді:
«Уа, Қарт Бөгенбай
Құяр жауын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пәлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа,
Ақбөкен келіп жығылар
Алдын қазып орласа,
Пенденің бағы ашылмас,
Маңдайы қалың сорласа,
Дұшпан қорлап не қылмақ
Бақыт басқа орнаса.
Қынаптан қылыш суырмай,
Қырысқан жау бүлк етпес,
Жуылмай қатың қанымең
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң, қане, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес,
Дарабоздай қолбасы
Абыройын кірлетпес.
Ұрын келген күйеу қайда,
Жесір қайда тіл өтпес?
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес.
Еліңді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратамыз осы кеш!… — деп сөз бастаған екен.
Сонда қанжығалы жағы үндемей, тосалып қалған шағында Үмбетай:
Ей, Ақтамберді, Қабанбай(
Суытпа босқа түсіңді,
Қайырма онша тісіңді,
Сыр тазасы не керек,
Тазарт әуел ішіңді.
Салмақтасаң айта ғой,
Хан алдында күшіңді.
Елімді иесіз деймісің,
Ерімді киесіз деймісің,
Алты арысқа білдірмей,
Басып жеймін деймісің?
Батпаң батпан мінің бар,
Қабанбай бітім қылыңдар», — деп жауап қайырған екен.
Елдің екі арысы Хан-батыр Бөгенбай мен Дарабоз Қабанбайдың арасындағы бұл түйісу, әрине әрі қарай ушығуы мүмкін емес еді. Кескілескен майданда үзеңгілес болған, әскери жорықтардың ашы-тұшысын бөліскен екі батыр бітімге келіп, дау өзінің оңтайлы шешімін табады. Ақтамберді және Үмбетай арасында да бұрынғы достық қайта орнайды, сонымен арғын мен найман бәтуаласады.
Үмбетайдың халық арасына кең тараған толғауларының бірі ол Бөгенбай батырдың өліміне арналған ұзақ жоқтауы еді. Батырдың ерлік жолын айта келе, жырау Абылай ханның, басқа да батырлардың қазақ тарихындағы орнын белгілейді. Өмірінің соңғы жылдарын Ереймен жерінде өткізіп, Бөгенбайдың балалары Тұраналы, Тұрымбет, немересі жас би Бапандарға ақыл-өсиет айтып, жастарға өзі куәгер болған замандағы қазақ қаһармандары жайлы жырларын толғаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет