85. Абылай ханның Жоңғар билеушісінің тұтқынында болған кезін суреттейтін Үмбетей толғауындағы тарихи шындықтың көрінісін Ш. Уәлиханов, А. Левшин еңбектерімен, кейінгі Көкбай Жанатайұлы туындысымен байланыстыра отырып талдаңыз



бет1/3
Дата18.05.2023
өлшемі19,97 Kb.
#94636
  1   2   3
Байланысты:
ХАНДЫҚ 85-86-87


85.Абылай ханның Жоңғар билеушісінің тұтқынында болған кезін суреттейтін Үмбетей толғауындағы тарихи шындықтың көрінісін Ш.Уәлиханов, А.Левшин еңбектерімен, кейінгі Көкбай Жанатайұлы туындысымен байланыстыра отырып талдаңыз.
1738-1741 жылы Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Шын мәнінде Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында аса үлкен алаңдаушылық туғызып, оны босатып алу мәселесі үлкен саяси оқиғаға айналған еді. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Осы кезеңдегі Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттарына қарағанда бұл деректің де шындықтан аса аусай еместігі байқалады.
Сұлтан Абылай өзімен замандас хан-сұлтандардың қай-қайсысынан болсын қулығы мен ақылы жағынан басым, оның бойында қуатты билеушіге тән қасиеттің бәрі бар. Ол Орыс императорымен де, Қытай Боғдыхандарымен де, тіл табысып, іс жүзінде тәуелсіз билеуші болды.
Ш.Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батылдығын, тапқырлығы мен ақылдығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді».
Шыңғыс хан арқылы Жошыдан өрбіген әулет ішінде Абылайдың қазақ халқы үшін сіңірген еңбегі тарих бетіне алтын әріптермен жазылып қалды. Бүгінгі мемлекетігімздің шекарасы да Абылай сілтеген ақ алмас қылыш пен болат найза арқылы қалыптасқан еді. Абы­лай хан­ның көре­гендікпен жүргізген ішкі және сыртқы са­яса­ты ба­рысын­да Қазақ хан­дығы қуат­ты, біртұтас мем­ле­кет­ке ай­нал­ды.
Абылай өзіне сенген, ерген қара ормандай халқын еркіндік, елдік тұғырына қалай көтерсе, халқы да оны солай көтерді, ардақтады. Аңыз, жырларға арқау қылды. Үмбетей жырау Абылайдың тұсындағы ірі батырлар мен билерді: «...Керейде батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Абылай сенің тұсыңда, Сол бесеуі болыпты-ай! – деп жырға қосқан. Атақты Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. халықтық батырлар жекелеген шайқастардың ғана емес, қазақ-жоңғар соғысының барысын өзгертіп, нәтижесін анықтауға қомақты үлес қосқан...



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет