8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Оқулық Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру. 15–17-беттер. Тірек сөздер



Pdf көрінісі
бет6/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Оқулық
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру. 15–17-беттер.
Тірек сөздер: Қарақұм жиналысы, Табын Бөгенбай батыр, Аягөз шайқасы.
ресурстар: 
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. — 
Т.3. — Алматы: Атамұра, 2002. – 121-150 бб.


7
сабаққа дайындық: 
Жоңғар мемлекетінің күшеюі мен олардың қазақ жерлерін басып алу 
соғыстарының мақсаттарын талдай отырып, Жоңғар шапқыншылығына 
тойтарыс берудегі Қарақұм жиналысы мен 1718 жылғы Аягөз шайқасының 
маңызы туралы оқушылардың тиянақты білім алуына мүмкіндіктер беру. 
Қазақ хандығының тәуелсiздiгiне мейлiнше қауiп төндiрген басты жауы 
әскери-көшпелі мемлекет – Жоңғария мен Қазақ хандығы арасындағы 
жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысының күшеюінің 
себептерін, осыған орай қазақ билеушілері мен батыр-билерінің елді қорғау 
жолындағы күресті ұйымдастырудағы жетістіктері және билеуші топтар 
арасындағы алауыздықтың қандай қасіретті салдарларға алып келгендігін тал-
дай отырып, оқушылардың сыни көзқарас пен өткеннен сабақ алу қажеттілігі 
туралы қөзқарастарын дамытуға мүмкіндік беру.
сабақтың деректі материалдары: 
Жоңғария мемлекетінің картасы, Қайып және Әбілқайыр сұлтандар, та-
бын Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет батыр суреттері, Гавердовский 
жазбасынан үзінді берілген слайд, диаграммалар, кесте-тіректер. 
сабаққа әдістемелік нұсқау: 
Сабақтың түрін аралас сабақ түрінде өткізе отырып, пікір алмасу, баяндау, 
ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық 
қабілетін арттыру әдістерін пайдалану керек. 
сабаққа қатысты ескертпелер: 
Мұғалім алдын-ала даярлаған жоспарының негізінде оқушылардың 
жұмысын ұйымдастырады. Ол жоспарда мынадай мәселелер қаралуы мүмкін. 
1. Жоңғарияның күшеюi Қарақұм жиынының мақсаты 
2. Табын Бөгенбай батыр бастаған қазақ батырларының азаттық күрестегі 
орны 
3. Аягөз шайқасы мен оның тарихи маңызы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет