зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?
Оқулық “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” заманы. 12–14-беттер.
Тірек сөздер: жоңғар хандығы, әскери-көшпелі мемлекет, шапқыншылық.
ресурстар: Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. - Т.3.
- Алматы: Атамұра, 2002. – 121-150 бб.
сабаққа дайындық: Қазақстан тарихының ауыр да қасіретті беттерінің бірі болып табылатын
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасы мен жоңғарларға қарсы
Отан соғысының басталуының тарихи маңызы туралы білім беруге ұмтыла
отырып, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары туралы тарихи
және әдеби шығармалардан арнайы үзінділер дайындау керек. Бұл тари-
хи оқиғалардың халықтың әдебиетінде көрініс табуы қасіртті кезеңдерге
қарамастан халық әрқашан өзінің болашағы мен тәуелсіздігі жолында күш
біріктіре алатындығын, бұл оқиғаның халықтың ұлттық сана-сезімінің
қалыптасуында үлкен рөл атқаратындығын түсінуге көмектеседі.
сабақтың деректі материалдары: Жоңғар әскерлерінің Қазақтан аумағына басып кіруінің сызбасы берілген
карта, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары бейнеленген
фильмдерден (мысалы “Жаужүрек Мың бала”) үзінді, суреттер, “Елім-ай”
жырының үзіндісі жазылған слайд, Ықылас атындағы ұлт-аспаптар музейінің
экспонаттары, күйлер.
сабаққа әдістемелік нұсқау: Сабақты аралас сабақ түрінде ұйымдастыра отырып, сабаққа әдебиет
пәнінің мұғалімін шақыруға болады. Мүмкіндік болса, музыка тарихымен
айналысатын маманды да тартуға болады. Пікір алмасу, баяндау, ой бөлісу,
ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін
арттыру әдістерін пайдалану керек.
сабаққа қатысты ескертпелер: Сабақты Ш.Уәлиханов, А.Затаевич сияқты ғалым-зерттеушілер кезінде
жазғып қалдырған Абылай ханның “Қайран елім” күйін ойнату немесе
Қожаберген жыраудың “Елім-ай” дастанынан үзінді оқу арқылы бастауға
болады. Одан әрі сабақты “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама басталуы”
мен оның зардаптарын, әдебиет пен музыкадағы көрініс табуымен байла-
ныстыру керек.