№88 (8439) 8 қараша, сейсенбі, 2016 жыл Газет 1939 жылдың



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.01.2017
өлшемі20,38 Mb.
#1526
1   2   3

Азиз БАТЫРБЕКОВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Қазақ халқында елім деп еміреніп, ұлтым деп өмірін ел-жұртын қорғауға, 

туған жерін, атамекенін басқыншылардан азат етуге арнаған батырлар 

жеткілікті. Бүгін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елі мен жерін жау-

дан қорғаған, өмірлерін ат үстінде өткізген, жалпы қазақ жұрты қолбасшы 

деп құрмет тұтатын бірқатар батырларды мақаламызға арқау етпекпіз.

ХАЛЫҚҚА ҚОРҒАН 

БОЛҒАН 

БАТЫРЛАР


Осыдан  екі  жыл  бұрын  асқар  таудай  ардақты 

әкеміз, отбасының тірегі бола білген қамқоршымыз 



Бейсенбаев Айдархан Әбдіұлы өмірден өткен еді. 

Көңілден бір кетпеген, ойымыздан шықпаған қадірлі 

әкеміз егер тірі болғанда 10 қараша күні 65 жасқа то-

лар еді. Қайтейік, бұл күнді көруді әкемізге жазбапты. 

Марқұм әкеміз көзінің тірісінде отбасымыздың тірегі, 

шаңырағымыздың  ақылшысы,  айналасына  сыйлы, 

дос-жарандарына қадірлі, ағайынға құрметті жан бола 

білді. Ол кісі қарапайым еңбектің адамы болып, 43 

жыл күріш өсіру ісімен айналысты. Әкеміздің жатқан 

жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болғай. 

Қадірлі жан ең сыйлы болған халқыңа,

Өмірден өттің адал болған қалпыңда.

Тәубе айтып, шүкір дейміз құдайға,

Ізіңді жалғар ұл-қызың қалды артыңда.

Күн сайын саған құран бағыштап жүр,

Соңыңда қалған ұрпағың мен жарың да.

Топырағыңды торқа етіп Жаратқан,

Жаның жүрсін жұмақтың төр бағында.



Еске алушылар: жұбайы Бибайым, ұл-қыздары, бауырлары, 

келіндері, күйеу балалары және немерелері.

Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 қазандағы №5/9 шешімі.

Мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5629 болып 2016 жылдың 26 қазанында енгізілген.

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі 

басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына және 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу ту-

ралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 18-бабының 

5-тармағына сәйкес  Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, 

білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын са-

тып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

2. «Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы      01 қазандағы 

№44/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 

қазандағы №5182 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қазандағы «Өскен өңір» газетінің 

№83 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.



Шиелі аудандық мәслихаттың                     Шиелі аудандық мәслихат                                                                           

         сессия төрағасы                                                   хатшысы

          Ә.Әбдіқадырова.                                             Ә.Оразбекұлы.

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________________ М.Делмұханов

____________________2016 жыл



О преставлении социальной помощи на приобретение топлива

Решение маслихата Шиелийского района  от 12 октября 2016 года №5/9.

Введен в список Государственной регистрации под №5629  от 26 октября 2016 

года.

В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О мест-

ном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и с пун-

ктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля  2005 года «О государствен-

ном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» 

Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

1. Предоставить социальную помощь на приобретение топлива специалистам соци-

ального обеспечения, образования, культуры, спорта и  ветеринарии,  проживающим и 

работающим в сельских населенных пунктах за счет средств местного бюджета  в раз-

мере 4 (четыре) месячных расчетных показателей. 

2. Признать утратившим силу решение «О преставлении социальной помощи на при-

обретение топлива» от 01 октября 2015 года №44/5 (зарегистрировано в реестре госу-

дарственной регистрации нормативных правовых актов №5182 от 20 октября 2015 года 

, опубликовано в газете «Өскен өңір» от 28 октября 2015 года № 83).

3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней 

после дня первого официального опубликования.



Председатель сессии Шиелийского            Секретарь Шиелийского                 

 

районного  маслихата                               районного маслихата         

           А.Абдыкадырова.                                         А.Оразбекулы.

«СОГЛАСОВАНО»

Руководитель государственного учреждения «Управления координации 

занятости и социальных программ по Кызылординской области»

____________________ М.Дельмуханов

____________________2016 год



ҚАЙРАН, ӘКЕ, КӨҢІЛДЕН БІР КЕТПЕЙСІЗ

              

№88 (8439) 8 қараша, сейсенбі  2016 жыл

Osken_onir@mail.ru

Меншік иесі:

жауапкершiлiгi 

шектеулi серiктестiгi

Телефондар:

Бас директор - 8(7242)70-00-36

Бас редактор - 4-46-22

Бас редактордың орынбасары - 4-47-32

Жауапты хатшы, есепші

Факс: 4-49-07.

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттiгiнде 19.06.2014 

ж. қайта тiркелiп, №14410-Г куәлiгi берiлген. “ скен  ңiр” аудандық газетi 

ҚР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi жүйесi” талаптарына сәйкес 

сертификатталған. Газет әр аптаның  сейсенбі, сенбi  күндерi шығады. 

Қолжазбалар  ңделедi және керi қайтарылмайды.

Жеке авторлардың пiкiрi редакцияның түпкiлiктi к зқарасын бiлдiрмейдi.

Газет редакцияның компьютер орталығында терiлiп, 

беттелiп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында 

басылды. Тел: 8(7242) 40-06-68.

Газеттiң таралымы бойынша 8(724) 32 4-47-32  және 

8(7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.  

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан к шесi, №4. 

Таралымы 5870.   Тапсырыс №1346.

жауапкершiлiгi 

шектеулi серiктестiгi

Мекен-жайымыз: 120700, Қызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru

Кезекші редактор Азиз БАТЫРБЕКОВ.

Бас директор

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

 Шиелі аудандық 

« скен  ңір» газетінің  редакциясы

Бас редактор

Нұрболат ПІРІМБЕТ

44

СОҢҒЫ БЕТ

СОҢҒЫ БЕТ

Халыққа міндетті әлеуметтік сақтандыруды кеңінен 

түсіндіру мақсатында «100 сұрақ – 100 жауап» айдарын 

ашып отырмыз.

(Басы өткен санда)

– Маусымдық жұмыстарда неме-

се тұрақсыз сипаттағы жұмыстарда 

істейтін азаматтар үшін олардың 

табыстары қалай есептеледі?

–  Жұмыс  істеу  кезеңінде  аза-

мат  алынған  табыстан  аударады, 

ал, жұмыс жоқ кезеңде немесе МЕТ 

2%-ы көлемінде өз бетінше аудара-

ды,  немесе  тұрғылықты  орны  бой-

ынша  жұмыспен  қамту  орталығына 

жұмыссыз ретінде хабарласуға тиіс. 

Бұл жағдайда оның орнына жарна-

ларды мемлекет аударады.

–   Қ Р   ж ұ м ы с   і с т е й т і н 

ш е т е л д і к т е р г е ,   е ң б е к ш і 

м и г р а н т т а р ғ а   м е д и ц и н а л ы қ 

көмек қалай қамтамасыз етіледі? 

(Литваның, Ресейдің тәжірибесі)

–  Қазақстан  Республикасының 

«Міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру туралы» заңының 2-бап 

2-тармағына  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының аумағында тұратын 

шетелдіктер  және  азаматтығы  жоқ 

адамдар,  сондай-ақ,  оралман-

дар,  егер  басқасы  қолданыстағы 

заңмен  көзделмесе,  Қазақстан 

Республикасының  азаматтарымен 

бірдей құқықтарды қолданады және 

міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру  жүйесінде  міндет-

т е м е ле р д і   а т қ а р а ды .   Е ң б е к ш і 

мигранттарға  медициналық  көмек 

м е м ле к е т а р а л ы қ   к е л і с і м д е р 

шеңберінде  көрсетіледі.  Мысалы, 

Еуразиялық  кеңістіктің  бес  елінің 

(Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Ар-

мения  және  Беларус)  аумағында 

жедел  және  шұғыл  медициналық 

көмек тегін негізде көрсетіледі. Егер 

мұндай  келісімдер  болмаса,  онда 

еңбекші мигранттар ҚМС шеңберінде 

және  ортаға  қауіп  төндіретін  ауру-

лар кезінде тегін медициналық көмек 

алады. 

–  Жұмыссыздарға,  өзін-өзі 

нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға 

және елдің экономикалық белсенді 

емес  халқының  басқа  да  сана-

тына  медициналық  көмек  қалай 

қамтамасыз етіледі? Елімізде олар 

қанша?

–  Статистикалық  деректер  бой-

ынша,  өзін-өзі  нәтижесіз  жұмыспен 

қамтығандардың саны ҚР қазіргі таңда 

500 мыңнан астам адамды құрайды. 

Бұл халық санаты 2020 жылға дейін, 

жоспарлық госпитализациялау, яғни, 

адамның  өмірі  мен  денсаулығына 

қауіп төнбейтін жағдайлардан басқа 

барлық медициналық қызмет пакетін 

алады. Сонымен қатар, аталған халық 

санатына мүмкіндік ұсынылады: а) а) 

тұрғылықты орын бойынша жұмыспен 

қамту  орталығына  хабарласуыңыз 

қажет, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен 

жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа 

орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер 

ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда 

сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және 

бұл жағдайда мемлекет, белгіленген 

уақыт ішінде, әлеуметтік медициналық 

сақтандыру қорына сіз үшін салымдар 

төлеу бойынша міндеттемені өз мой-

нына алады.  б) салық органдарында 

жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге ала-

сыз және сіз мәлімдеген табыстың не-

месе табыс болмаған жағдайда ми-

нималды  еңбекақы  төлемінің 2%-ы 

көлемінде салымдар жасауға болады. 

в) егер сізге алдындағы екі нұсқалар 

жарамаса,  онда  сізге  өз  бетінше 

екінші деңгейдегі банк тер арқылы ми-

нималды  еңбекақы  төлемінің 2%-ы 

көлемінде Медициналық сақтандыру 

қорына салымдар жасауға болады.                                               



–  МӘлМС  кезінде  төлемшінің 

ө л і м і   ж а ғ д а й ы н д а   ж и н а л ғ а н 

қаражатты  туыстарына  беру 

қарастырылған ба? 

–   Ж о қ ,   қ а р а с т ы р ы л м а ғ а н, 

әлеуметтік медициналық сақтандыру 

жинақтаушы жүйе болып табылмай-

ды. Әрбір төлемші салымдарының со-

масынан тәуелсіз, барлық халық са-

наттары медициналық қызметтерге 

бірдей рұқсат алады.

–  МӘлМС  шеңберінде  АИТВ-

инфекциясы:  механизмі  қандай, 

с а қ т а н ды р у   т і з б е с і не   к і р е д і 

ме,  қаржыландыру  және  т.б. 

(қаншалықты қозғалады)?

– АИТВ-инфекциясымен байланы-

сты, әлеуметтік-маңызды аурулардың 

т і з і м і не   к і р е т і н   м е д и ц и н а л ы қ 

қызметтермен қамтамасыз ету, тегін 

медициналық  көмектің  кепілденген 

көлемі шеңберінде ұсынылады және 

сақтандыру пакетінің кеңеюіне бай-

ланысты қорға беріледі.

Жалғасы бар.

100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП

Ол өзінің бос уақытында күнделікті шашқа, 

қолға, мойынға тағатын әшекейлер жасаумен ай-

налысады.  Негізі  бұл  жұмыс  оның  мамандығы 

емес. Индираның негізгі мамандығы – мұғалім. 

Бала күтімінде демалыста отырған уақытында 

әлеуметтік желіден неше түрлі әшекейлерді көріп 

қатты қызығады. Содан «неге осындай дүниелерді 

өзім  жасап  көрмеске»  деген  ой  туып,  алғаш 

мойынға тағатын алқа  жасайды. Туған күн неме-

се мейрамдарда достары мен туыстарына өзінің 

жасаған бұйымдарын сыйға береді. Жылтыраған 

дүниеге қызығушылығы басым арулар Индираның 

жасаған  әшекейлеріне қызығушылық танытып, 

тапсырыс берушілердің саны артады. 

Біздің  кейіпкеріміз – Индира  Іскендірова 

түрлі-түсті  нақышпен  өрнектелген,  шебер  бе-

дерленген әшекейлерге бала кезден қызығады 

екен. Кез келген қыз сұлу да әсем көрінгісі келеді 

емес пе? Ғаламтор беттерінде сұлулық әлемін 

қалт  жібермейтін  қолөнерші  өзіне  неше  түрлі 

әшекейлерді жасап, оны инстаграм парақшасына 

салады. Содан бастап Индираның интернеттегі 

тұтынушылары көбейді. 

Әшекей  заттарға  қажетті  фурнитураларды 

алғашында Алматыдан тапсырыс беріп алдыр-

татын. Кейіннен  интернеттен  көріп, Қызылорда 

қаласында  да  арнайы  фурнитура  сататын 

дүкендер  бар  екенін  біліп,  сол  жаққа  тапсы-

рыс  беріп  алдыртатынын  айтты.  Сондай-ақ, 

қолөнердің бұл түрімен бала кезден қызығушылық 

оянғанын  айта  келе,  бұл  жұмысты  оған  ешкім 

үйретпегенін жеткізді. Ең бастысы қызығушылық 

пен  төзім,  жақсы  идеялар  көп  болса,  мұндай 

әшекейлерді әрбір ару өзі-ақ жасап алуына бо-

лады дегенді тілге тиек етті. Мәселен, күнделікті 

тағатын (білезік, шашқа тағатын сәнді әшекейлер) 

бұйымдарды әркім өзінше, өз қиялымен киіміне 

түстес  сәнді  етіп  жасауға  әбден  болады. 

Индираның  қолынан  шыққан    әшекейлерді 

көрген өзім базарға арнайы барып білезік, алқа, 

тойларға тағатын сәнді бижутериялардың бағасын 

білдім. Бір ұққаным, дайын әшекейден гөрі қолдан 

жасалған бұйымдар сапалы әрі қолжетімді бағада. 

Халықтың қалтасына ауыр тимейтіндей әрі көздің 

жауын алатындай дүниелерді базардан емес, Ин-

дира қолөнершіге тапсырыс беріп, алуларыңызға 

болады. Бүгінде сүйікті жар, аяулы ана, ибалы 

келін атанып отырған Индира екі ұл тәрбиелеп, 

бірлігі жарасымды шаңырақ иесі. 

Айнұр НАЗАРОВА.

ҚОЛӨНЕР


Қазіргі дағдарыс 

жағдайында қалтаға 

салмақ түсірмей, аз 

шығынмен көздің жа-

уын алатын әшекей 

бұйымдарды қолдан да 

жасауға болады. «Қыздың 

көзі қызылда» демекші, 

сұлулыққа қызықпайтын 

ару жоқ шығар. Осы 

тұста сәнді киіммен қатар 

әшекей заттарыңыз да 

әсем болғанын қалаймыз. 

Түрлі тастардан жасалған 

«бижутериялар» бүгінде 

сәнге айналған. Осын-

дай сәнді дүниелерді 

қолдан жасап, көздің жа-

уын алатын әшекейлерді 

жасап жүрген жерлесіміз 

Индира Іскендірованы 

жұртшылық онша біле 

бермейді. 

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Нұр-Зере» ағылшын тілін оқыту курсы. Балалар үшін 5-7 жас, оқушылар 

үшін 1-11 сынып аралығы. Оқу ұзақтығы 3 айлық курс. Оқу баланың жас 

ерекшелігіне, қабілетіне қарай топқа бөлініп, жеке дара оқытылады. Оқу 

3  бағытта  жүргізіледі  (грамматикалық,  фонетикалық,  сөйлеу  дағдысын 

қалыптастыру). Ағылшын әліпбиінен бастап, жоғары деңгейлеп оқытамыз. 

Топ 6-7 оқушыдан құралады. Жазылу жүріп жатыр.  Мекен-жайымыз: Шиелі 

ауданы, орталық алаң, «Кафетерий» ғимараты 2 этаж, 3 кабинет. Байланыс 

телефондары: 8-775-997-97-21, 8-775-522-21-59. Instagram: nurzere_shieli.

ЖАЛЮЗДЕР ЖАСАЙМЫЗ

МАМАН ҚАЖЕТ

Көлденеңнен,  тігінен,  ролл-перделер,  бамбукты,  күн  мен  түн 

еуропалық үлгіде. Өлшеу және орнату тегін. Байланыс телефон-

дары: 25-1-15, 8-778-470-30-04, 8-775-933-72-22.

Авто-электрик мамандығы бар, 25-26 жас шамасында маман 

қажет. Оқуын әрі қарай жалғастырамыз. Хабарласу тел: 8-701-

166-08-04.

МӘСЕЛЕ

Қандай  заманда  да  ел  іші  дау-



дамайсыз болмағаны анық. Жалпы, 

қазақ тарихында жер мен жесір және 

отбасылық, ағайынішілік дауы көп 

қаралып, осылардың төңірегінде би-

шешендер бас қосып отырғандығы 

да белгілі. Ежелден ел ішінде ұрыс-

керіс пен төбелес, екеуара қақтығыс 

болмады емес, болды. Бірақ, баба-

ларымыз дәл қазіргідей болмашыға 

арызданып,  алқа  бидің  берекесін 

алып  жатпайтын.  Ел  ішіндегі  екі 

тентектің  еркелігін  төбедегі  биге 

апармай  мәселені  өзара  шешіп, 

бір  бітімге  келетін  еді.  Қала  берді 

мұндай  жағдайларға  мән  беріп  те 

қарамайтын. Тағы бір айта кететін 

жәйт  ол  кездің  адамдары  сөзге 

тоқтап, әділдік пен туралықты мой-

ындайтын. Төрелік етуші би ағалар 

бір  ауыз  сөзбен  дүйім  жұрттың 

мәселесін шешіп, халық та сол бір 

ауыз сөзге тоқтаған. 

Арыға  бармай-ақ  қояйықшы, 

ө т к ен   ғ а с ы р д ы ң   т о қ с а н ы нш ы 

жылдардың  өзінде  қоғамда  дәл 

қазіргідей арызданушылық болмаған 

е д і .   А д а м д а р   қ а нш а   ж е р д ен 

біреуден қиянат көріп, алаяқтық пен 

әлімжеттіктің құрбаны болып жатса 

да мүмкіндігінше сабыр етіп, әліптің 

артын  бағатын.  Сол  кездегі  орын 

алып жатқан адам тонау, ұрлық, кісі 

затын тартып алу секілді қылмыстық 

әрекеттерге арыздануды өздеріне ар 

санайтын. Ел тыныштығын алдыңғы 

орынға  қойып,  ағайын  арасында 

бірінің үстінен бірі арызданып жат-

пайтын.  Арағайындық  сақталып, 

ел үлкеннің сөзінен, ақсақалдардың 

пәтуасынан ары аса алмайтын. Ал, 

қазір  ше?  Бүгінгі  жағдай  мүлдем 

бөлек.  Қазір  әр  сөзің  елеусіз  қал-

майды. «Жеке өміріме аралас ты», 

не болмаса «арыма тиетін сөз айт-

ты» – деген  желеулермен  сотқа 

ш а ғ ы м д а н у д а н   ш а р ш а м а й т ы н 

болдық. Әрине, елімізде адам құқын 

қорғау басты назарда тұратындығы 

белгілі.  Дей  тұрғанмен  жалған, 

көре  алмаушылық  әрекеттермен 

жазылған арыздар белең алып ба-

рады. Бұл кінәсіз жанның жүйкесін 

тоздырып, өміріне өшпестей күйе бо-

лып жағылары сөзсіз. Осы күні арыз 

жазуға  да  да  әбден  машықтанып 

алған сияқтымыз. Арыздың өзін та-

быс көзіне айналдырып, күнделікті 

күнкөріске пайдаланып жүргендер де 

бар. Тіпті, өз кінәсін мойындап келіп, 

жәбірленушінің кешірімін алған сәтте, 

қарсы арыз жазатындарға не дерсің. 

Ар-ұятты артқа тастап құлқынының 

құлы болғандар көбейіп тұр.  

Алысқа ұзамай-ақ жуырда ғана 

Нартай  Бекежанов  ауылындағы 

оқиғаны  мысалға  келтіріп  өтейік. 

Атақты  ақын  атындағы  ауылда 

анадайдан мен мұндалап тұратын, 

көрген сайын көргің келе беретін му-

зей бар. Бір кісілер «осы музей дұрыс 

жұмыс  жасамайды.  Қашан  барсақ 

есігі құлып тұрады», – деп жоғары 

жаққа арызданыпты. Содан не керек, 

теріс пиғылды адамдардың көздегені 

болып, арыз бойынша музейге тексе-

ру келеді. Бірақ, «аққа құдай жақ» 

–  демекші  олардың  жазған  арызы 

негізсіз  болып  шыққан  екен.  Сон-

да  музейдің  жұмысы  дұрыс  жүріп 

тұрған ғой. Қызметкерлері де өз ісіне 

адалдықпен қарайтын болып отыр. 

Бұл секілді мысалдар жетіп артыла-

ды. Барлығын тізбелеу ретсіз болар. 

Арызқойлықты өзіне абырой санаған 

мұндай  кісілер  өз  дегендерінің  бо-

луы  мақсатында  ештеңеден  тан-

байды.  Оларға  сенің  болашағың 

мен жағылған жаласының жылдар 

бойы соңыңнан еріп жүретіні қызық 

емес. Бар мақсаты – көздеген ада-

мына деген іштегі қыжылды осылай-

ша ақтару.Соңынан сол ісіне масат-

танып «аяғын аспаннан келтірдім-ау 

бәлемнің» – деп,  өзгелерге  доқ 

көрсету.  Ал,  осындай  негізсіз 

жаланың  адамдардың  қаншама 

уақытын  алып,  денсаулықтарына 

нұқсан  келтіргені  оны  ойландыр-

майды  да.  Біз  бұл  жерде  адам-

дар  мүлдем  арыз  жазбасын  де-

ген пиғылдан аулақпыз. Тек арыз-

ды да ақылға қонымды етіп, қандай 

да бір негізге сүйеніп жазса дегіміз 

келеді.  Жалпы,  қоғамда  мұндай 

бейберекет  арыз  жазудың  көбеюі 

жақсылықтың нышаны емес. Кешегі 

кеңестік кезеңде қаншама асылда-

рымыз  осындай  негізсіз  жаланың 

құрбаны болды емес пе? Бір сәт осы-

ны да ойланғанымыз жөн. Жалпы, 

негізсіз арызқойлық елдің бұзылып, 

адамдардың  бойындағы  адамдық 

қасиеттің  жоғала  бастағандығын 

ә ш к е р е ле й д і .   Ө й т к ен і ,   ә р б і р 

жазылған арыздың артында қалай 

дегенде  де  қылмыс  пен  арсыздық 

тұрады. Қазақта: «Кесек-кесек дау-

жанжал  кер  кеткеннің  аулында. 

Кесек-кесек  өтірік  кер  кеткеннің 

аузыңда» – деген тәмсіл бар. Ауы-

лымыз бен ауызымыздың кері кеткені 

кімге  сын?  Әрине,  сол  ауылдың 

ақшашты аналары мен ақсақалды 

аталарына сын. Үлкенді, көпшілікті 

тыңдамайтын жастарға мін. Көпшілік 

орта, той жиындарда аруақты ата-

ларымыз,  жаужүрек  бабалары-

мыз, ауызы дуалы би-шешендеріміз 

бар іргелі елміз деп мақтанып, ма-

саттанып  жатамыз.  Өткенімізбен 

біз  мақтанамыз,  ал,  бүгінгі  сіз  бен 

біздің  іс  әрекетімізбен  болашақ 

ұрпақ  қалай  мақтанбақ?  Қазір  ел 

іші алатайдай бүлініп, бір арыздың 

кесірінен кісі өлімі орын алып жатса, 

обалы кімге?  Егер жазылған арыз 

анық болып жәбірленуші тараптың 

кінәсі  мойындалып  жатса  жөн.  Ал, 

әдейілеп қасақана жазылған арыз, 

арсыздықтың  үлкені  емей  неме-

не?  Биыл  міне,  ата-бабаларымыз 

аңсап  күткен  тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығына  аяқ  бастық.  Мәңгілік 

елдікті мұрат еткен ұлттық жоспары-

мыз бар. Ұрпақтарымыздың игілігі 

үшін жасалып жатқан бүгінгі жұмыс 

және осының басы-қасында жүрген 

нарқасқа жігіттеріміздің жігерін құм 

етіп, қит етсе түртпектеп,бірімізді-

біріміз көзге шұқып,төрдегі басымыз-

ды төменге тартқан тірліктің абырой 

әпермесі анық. Сондықтан, «Біріңді 

қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі 

бос» – деген дана Абайдың асыл сөзі 

әрбір қазақтың жүрегінде жалын бо-

лып, жанып тұрса дегіміз келеді.



Елдос ЖҮСІП.

Иә, қазір сот пен про-

куратура мекемелерін 

жағалап жүрген адамдар 

жетерлік. Керек десеңіз 

таңғы асын сот залында от-

ырып ішетіндер де бар. 

Неге бұлай? Шындығында 

сол құзырлы мекемелердің 

есігін жағалап, сабылып 

жүргендердің барлығына 

дерлік жаланың жапа-

сы жағылып, қоғамдағы 

әділетсіздікке жаны 

күйгендер ме? Жоқ әлде, 

ел ішіндегі болмашы ұсақ-

түйек мәселені сот төріне 

апарып, түймені қайтсем 

түйе етемін деген ниет 

пе? Қалай десек те, қазір 

қарап отырмай арызда-

нып жүргенді жөн санайтын 

жандар да жетерлік. 

VІ  шақырылған аудандық 

мәслихаттың кезектен тыс  

6 сессиясын шақыру туралы

  

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі 

басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 

23 қаңтардағы  Заңының 10 бабының 2 тармағын, 18 бабының 4 тармағының 

1)-тармақшасын басшылыққа алып ШЕШІМ  ЕТЕМІН:

1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 6 сессиясы  2016 жылдың 

11  қарашасында      аудан  әкімдігінің  мәжіліс  залына  сағат 09-30 ға  

шақырылсын.

Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін: 

2016-2018  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  туралы»  аудандық 

мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №48/5 шешіміне  өзгерістер енгізу 

туралы  


2. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 6 сессиясына аудан әкімі, оның орын-

басарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.

3. Аудандық мәслихат хатшысына, тұрақты комиссияларының төрағаларына  

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін-өзі  

басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10 бабының 3 тармағының  

талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс  6  сессиясын дайын-

дау және өткізу тапсырылсын.

           Аудандық мәслихаттың 



                  сессия төрағасы:                                  А.Әбдіқадірова.

ТҮРТПЕКТЕЙ ТАРТУ, АЯҚТАН ШАЛУ 



АБЫРОЙ ӘПЕРМЕЙДІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет