8сынып Алгебра 01.03.2021ж
Сабақтың тақырыбы: Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы
Сабақтың мақсаты: 8.3.3.1
таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;
Конспект
Бейнеролик: https://www.youtube.com/watch?v=Q8AlYONyatQ
Кездейсоқ шаманың барлық қабылдайтын мәндерінің жиынын жалпы жиынтық дейміз.Көп жағдайларда жалпы жиынтықтың әрбір элементін өңдеп зерттеу мүмкін бола бермейді.Мұндай жағдайларда оның кездейсоқ алынған бір бөлігінің элементтерін зерттеп, алынған қасиеттерді жалпы жиынтықтың қасиеті ретінде қабылдайды. Мұнда жалпы жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін таңдалым деп атайды.
Кездейсоқ шаманың мүмкін болатын мәндерін біліп қана қоюмен кездейсоқ шаманы толық сипаттай алмаймыз. Ол үшін әрбір жеке мәндерінің байқалу жиілігін білу қажет. Мысал: Мұғалім 8 сыныпта оқитын 40 оқушыға математика сабағынан 9 есептен тұратын тест жұмысын өткізді және тексерген кезде әр оқушының неше есепті дұрыс орындағанын белгілеп отырды, сонда мынадай тізбек шыққан. Бұл кездейсоқ шамалар:
6, 5, 4, 0, 4, 5, 7, 9, 1, 6, 8, 7, 9, 5, 8, 6, 7, 2, 5, 7, 6, 3, 4, 4, 5, 6, 8, 6, 7, 7, 4, 3, 5, 9, 6, 7, 8, 6, 9, 8, 6, 5, 4, 0, 4, 5, 7, 9, 1, 6, 8, 7, 9, 5, 8, 6, 7, 2, 5, 7, 6, 3, 4, 4, 5, 6, 8, 6, 7, 7, 4, 3, 5, 9, 6, 7, 8, 6, 9, 8
Мәліметтерді талдау оңай болу үшін ,реттеп орналастырайық
0, 1, 2, 3, 3, 4, 4, 4, 4, 4,5, 5, 5, 5, 5, 6, 6, 6, 6, 6, 6, 6, 6,
7, 7, 7, 7, 7, 7, 7, 8, 8, 8, 8, 8, 9, 9, 9, 9.
Алынған мәліметтерді кестеге түсірейік. Бірінші қатарда кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері, ал екінші қатарда осы санның қатарда неше рет қайталанғаны көрсетілген.
Бұл абсолют жиілік кестесі деп аталады.
Жиіліктердің қосындысы тексерілген жұмыстың жалпы санына тең 40.
Жалпы, жиіліктердің қосындысы қатардағы мәліметтердің жалпы санына тең болады. Бұл мысалдағы кездейсоқ шама- дискретті шама.
Салыстырмалы жиілік
Кейде абсолют жиілік кестесінің орнына салыстырмалы жиілік кестесін толтырады. Салыстырмалы жиілік деп жиіліктің қатардағы шаманың жалпы санына қатынасын немесе(жалпы мәліметтер санына) проценттік қатынасын айтады. Біздің мысалда шаманың жалпы саны ( жалпы мәліметтер саны) – ол оқушы саны, яғни 40.
Мысалы 9 балл жинаған оқушылар санын сипаттайтын салыстырмалы жиілікті есептейік: 4 : 40*100=0,1*100=10
Дұрыс шығарылған есептер саны
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Салыстырмалы жиілік % (n:40*100)
|
2,5
|
2,5
|
2,5
|
5
|
12,5
|
15
|
20
|
17,5
|
12,5
|
10
|
Салыстырмалы жиіліктер қосындысы 100% болады.
Кітаптан №4.1-4.3 есептерді орындаңдар
Үйге жұмыс:№4.4 есеп
Оқушылар тапсырма жауаптарын Ок.Едусқа немесе ватсапқа жүктейді
Достарыңызбен бөлісу: |