№9- дәріс Дәріс тақырыбы: Ерітінділер Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата03.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#133208
1   2   3   4   5
Заттардың ерігіштігі 
 
Суда қатты, сұйық және газ тәрізді заттар ериді. Заттардың суда 
ерігіштігі олардың табиғатына байланысты болады. ерігіштігіне байланысты 
барлық заттарды жақсы еритін, нашар еритін және іс жүзінде ерімейтін деп 
үш топқа бөледі. Бірақ тіпті ерімейтін зат болмайды. Суда жақсы еритін 
заттарға қант, калий нитраты (қатты заттар), шарап спирті, күкірт қышқылы 
(сұйық заттар), аммиак, хлорсутек (газдар) т.б. жатады. 
Суда нашар еритін заттарға гипс, қорғасын сульфаты (қатты заттар), 
күкірт эфирі, бензол (сұйық заттар), азот, оттек (газдар); іс жүзінде ерімейтін 
заттарға күміс хлориді, шыны, алтын, күміс (қатты заттар), керосин, өсімдік 
майлары (сұйық заттар), инерті газдар т.б. жатады. 
Заттардың ерігіштігіне температура және қысым әсер етеді. Көптеген 
қатты және сұйық заттардың ерігіштігі температураның артуына байланысты 
артады. Температураның ерігіштікке әсері зат еріген кезде жылу бөлінетін 
болса, онда бұл заттың ерігішітігі температура жоғарылаған сайын кемиді, ал 
егер зат ерігенде жылу сіңірілетін болса, температураның жоғарылауына 
байланысты заттың ерігішітігі артады (5-сурет). 
Көптеген тұздар ерігенде жылу сіңіретіндіктен температураны 
жоғарылатқанда оладың ергіштігі артады. Тек кейбір кристаллогидраттар 
түзетін сусыз тұздар (CuSO
4
, CаSO
4
, Na
2
SO
4
, FeSO
4
және т.б.) еріген кезде 


жылу бөлінетіндіктен, олардың ерігішітігі температураның жоғарылауына 
байланысты кемиді, ерігіштік қисықтарында сынық болады. Мысалы
Na
2
SO
4
.
10Н
2
О тұзының еруі 6- суретте көрсетілген. Құрамында суы бар 
молекуланың ерігіштігі температура өскен сайын тез артады, ал сусызданған 
молекулалардың ерігіштігі төмендейді, себебі қисықтың бірінші сынығы тек 
дегидратация процесін, ал екінші сынығы кристалдық тордың бұзылу 
процесіне энергия көп жұмсалады - ол эндотермиялық процесс. 
5- сурет. Сусыз тұздардың еруіне температураның әсері 
6- сурет. Натрий сульфатының еруіне температураның әсері. 
Газдардың ерігіштігі температураның өсуне байланысты төмендейді. 
Тұрақты температурада газдардың ерігіштігі қысымның артуына байланысты 
өседі. Сұйықтың белгілі көлеміндегі еріген газдың салмақ мөлшері қысымға 
тура пропорционал болады. Бұл Генри заңына аз еритін және иондарға 
ыдырамайтын газдар бағынады.


Заттардың ерігіштігі сан жағынан 100 г еріткіштегі (судағы) еріген 
заттың мөлшерімен өлшенеді. Еріген заттың бұл мөлшері оның ерігіштік 
коэффициенті немесе ерігіштігі деп аталады. Мысалы, 0
0
С температурада 100 
г суда 130 г калий иодиді ериді. Егер осы температурада қаныққан ерітіндіге 
осы тұздың бірнеше түйірін тастап, қанша араластырса да ол ерімейді. 
Зат еріген кезде екі түрлі процесс жүреді. Бірінші заттың ерітіндіге өтуі 
немесе еруі, екінші еріген заттың қайтадан ерітіндіден бөлініп кристалға 
айналуы. Заттың еру жылдамдығы мен қайтадан кристалдану жылдамдығы 
тең ерітіндіні қаныққан ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде белгілі бір уақыт 
ішінде қатты заттан ерітіндіге көшетін молекулалар немесе иондар санына 
тең. Белгілі бір температурада зат ары қарай ери алмайтын ерітіндіні қанық 
ерітінді дейді.
Концентрациясы қанық ерітіндінің концентрациясынан аз ерітіндіні 
қанықпаған ерітінді дейді. Белгілі бір температурада заттың біраз мөлшері 
әлі де ери алатын ерітіндіні қанықпаған ерітінді дейді.
Еріген заты көп ерітіндіні концентрлі деп, ал еріген заты аз ерітіндіні 
сұйытылған деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет