№9- дәріс Дәріс тақырыбы: Ерітінділер Дәріс жоспары


Ерітінділердің концентрацияларын көрсету тәсілдері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#133208
1   2   3   4   5
Байланысты:
LXUIJCGTRHCF28112023143027

Ерітінділердің концентрацияларын көрсету тәсілдері. 
Ерітіндідегі еріген заттың мөлшері сан жағынан концентрация арқылы 
анықталады. Концентрация дегеніміз ерінідінің белгілі масса мөлшеріндегі 
немесе көлеміндегі еріген заттың масса мөлшері. 
Ерітіндінің концентрациясын 
проценттік (массалық), молярлық, 
моляльдік, нормальдық
және 
титр
арқылы белгілейді. 
 
Проценттік концентрация
100 г ерітіндідегі еріген заттың грамм 
санымен өлшенеді. Мысалы, 10

ас тұзының ерітіндісі дегеніміз ерітіндінің 
100 грамында 10 грамм ас тұзы ерігенін немесе бұл ерітіндінің 100 грамында 
10 грамм ас тұзына (100 –10 =90 ) 90 грамм су келетінін көрсетеді. 
Сонымен ерітіндінің проценттік концентрациясын табу үшін 100 грамм 
ерітіндіде неше грамм еріген зат бар екенін табу керек. 
Ерітіндінің проценттік концентрациясын табу үшін пропорция құрады 
немесе мына формуланы пайдаланады: 
m
еріген зат 

=
_____________
m
ерітінді 
%-пен есептесе:
m



___
100% 
m

m
1
-
еріген заттың массасы.


m
2
-
ерітіндінің массасы.
 
Молярлық (мольдік) концентрация.
Молярлық концентрация 1 литр 
ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады.
Егер 1 литр ерітіндіде еріген заттың 1 молі болса, ондай ерітіндіні бір 
молярлы ерітінді дейді. Мысалы ас тұзының бір молярлы ерітіндісін даярлау 
үшін оның бір молін, яғни 58,8 (


23г + 35,5г 

58,5 г) грамын өлшеп алып 
1 литрлік өлшеуіш колбаға салып ерітеміз де, ерітіндінің көлемін су құю 
арқылы бір литрлік деңгейге (колбаның мойнындағы сақинаға) дейін 
жеткіземіз. Децимолярлы ертінді даярлау үшін ас тұзы молінің 0,1 См алып, 
ерітіндінің көлемін бір литрге жеткіземіз.
Ерітіндінің мольдік концентрациясын См әрпімен белгілейді. Мысалы, 
1 молярлы ерітінді 1М, екі молярлы ерітінді 2М, децимолярлы ерітінді 0,1М, 
сантимолярлы ерітінді 0,01М, миллимолярлы ерітінді 0,001М деп 
белгіленеді.
Ерітіндінің молярлық концентрациясын мына формула бойынша 
есептеп шығаруға болады:

См 

---- моль/л, 


Мұндағы См – молярлық концентрация (моль/л); m - еріген заттың граммен 
алынған массасы; 

- еріген заттың молі; V – ерітіндінің литрмен алынған 
көлемі. 
Моляльді концентрация.
 
С
m
-еріген заттың мольмен алынған 
мөлшерінің еріткіштің массасына қатынасы 
С
m
(KСl) =1.5 моль/кг Н
2
О 
 
Нормальдық концентрация.
Ерітіндінің нормальдық концентрациясын 
1 литр ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттік массасының санымен 
анықтайды. 1 литр ерітіндіде 1 эквиваленттік масса еріген болса, бір 
нормальды, 2 эквиваленттік масса еріген болса, екі нормальды деп атайды. 
Нормальдық концентрация көп жағдайда Сн әрпімен белгіленеді. 
Мысалы, бір нормальды ерітінді 1 Сн, екі нормальды ерітінді 2 Сн, 
децинормальды ерітінді 0,1 Сн деп белгіленеді.
Ерітінділер дайындағанда қышқылдардың, негіздердің және тұздардың 
эквивалеттік массасын мына жолдармен табады. 
Қышқылдардың эквиваленттік массасын табу үшін молінің массасын 
сутек атомдарының санына бөлу керек, мысалы: 
Э(Н
3
РО
4


98 г/моль /3 

32,66 г/моль 
Негіздердің эквиваленттік массасын табу үшін олардың мольдік 
массасын гидроксид санына бөлу керек, мысалы: 
Э(Са(ОН)
2
)

74 г/моль / 2 

37 г/моль 
Тұздардың эквиваленттік массасын табу үшін олардың молдік 
массасын металдың атом саны мен валенттілігін көбейткеннен шыққан санға 
бөлу керек, мысалы: 


Э(АІ
2

4
)

342 г/моль / 2 



342 г/моль / 6 

57 г/моль 
Ерітінділердің нормальдық концентрациясын мына формула бойынша 
табады: 
Сн 

ЭV
m

Мұндағы Сн – ерітіндінің нормальдық концентрациясы; m – еріген 
заттың граммен алынған массасы; V – ерітіндінің литрмен алынған көлемі; Э 
– еріген заттың эквиваленттік массасы. 
Лабораторияда ерітіндінің концентрациясын 
титр
арқылы белгілеу 
жиі қолданылады. 
Ерітіндінің 1 миллилитріндегі еріген заттың граммен 
алынған мөлшерін титр дейді
. Титрді мына формула арқылы табады: 
Т 

1000
Э
Сн

Т – титр; Сн – нормальдық концентрация; Э – еріген заттың эквиваленттік 
массасы. 
Мысалы 0,1 нормальды фосфор қышқылының титрын табайық: 
Т(Н
3
РО
4


003266
.
0
1000
66
.
32
1
.
0


г/мл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет