9-10 практикалық сабақтар тақырыбы


«Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. «Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б. Әдебиетке қатысты мақалалары



бет10/14
Дата17.10.2023
өлшемі71,16 Kb.
#116916
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия) (копия)

2. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. «Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б. Әдебиетке қатысты мақалалары
Қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов мұрасының қомақты біл бөлігі — публицистика. Ол алуан тақырыпқа мақалалар жазып, елдің санасын оятты. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы барлық алаш қайраткерлері сияқты Ахаң да бірнеше тақырыптарға қалам тартып, ағартушылық идеяларды халық арасында орнықтыруға тырысты. Оның кез-келген мақалалары сол саламен көп жыл айналысқан маманның жазғаны секілді әсер қалдырады. Не жазса да, мәселені тереңнен қозғайды, жұртшылыққа мол мәлімет береді. Көтеріп отырған мәселесін өте жетік біледі және оны оқырманға өте ұғынықты тілмен баяндайды. Әсіресе, «Қазақ» газетінде жарияланған мақалалары арқылы ұлтқа жетекші болып, бағыт-бағдар берушінің ролін атқарды. Академик Серік Қирабаев айтқандай, «Ахмет пен Міржақып шығарған «Қазақ» газеті олардың көркем туындыларында көтерген идеяны ашық публицистика тілімен халыққа тікелей жеткізуге қолайлы жағдай туғызды» /1, 10/.
А.Байтұрсынов көсемсөздерінің ішінде көзге айрықша түсетін екі мақаласын айтуға тиіспіз. Бұл екі мақала да әскери тақырыпқа арналған. Екеуі де 1914 жылы жазылған. «Қазақ» газетінде жарияланған. Біріншісі «Соғысушы патшалықтар», екіншісі «Бұ заманның соғысы» деп аталады. Осы мақалаларды оқып отырып, ғалымның бұл тақырыпты әскери ғылыммен өмір бойы айналысқан адам секілді жіліктеп тұрып талдайтынын көреміз. Ол қарастырып отырған мәселесін соғыс тактикасына жетік тәжірибелі қолбасшы сияқты талдайды. Халықаралық ахуалға баға береді. Бір-біріне өштесіп, жауығып отырған елдердің географиялық сипаттамасын беруді де ұмытпайды. «Европа патшалары көптен берлі өзара соғысқан жоқ. Өзара соғыспай, өзгелермен соғысып, я тіпті соғыспай тыныш отырып, соғысқан патшалардың арасына билік айтып, үлкен ауылдың сыбағаларын алып, жай отыратын еді. Екі ұлық патшаның арасынан соғыс шықса, ол соғысқа, араларында байласқан уағдалары бойынша, басқалары да кірісіп, соғыс ұласып, ұлғайып, ақыры немен тынарына көз жетпей, бәрі де өзара соғысудан тартынушы еді. Соғыспаса да, қарау-жарақтарын бәсекемен сайлап, соғысатындай күтініп, бірін-бірі аңдумен келе жатыр еді» /2, 275/, — дейді ол «Соғысушы патшалықтар» атты мақаласында. 
Ахаңның бұл мақаласының жазылу мақсатын былай түсіндіруге болады. Европадағы халықаралық ахуалдың қалай өрістегеніне Ресейдің жағдайы тікелей байланысты болмақ. Жауласушы мемлекеттердің бәсекесінде Ресей жеңіске жете ме, әлде жеңіліс таба ма деген мәселе өте маңызды. Өйткені Ахаң Ресеймен тағдыры тоғысқан қазақ жұртының келешектегі тағдырына алаңдайды. Сол тұрғыдан көзі ашық, көңілі ояу оқырманға жеткілікті мәлімет беруге тырысады. Қазақ халқын алдағы уақытта күтіп тұрған оқиғалардан хабар береді. Тосын жаңалықтың бәріне елең ете қалатын халыққа сабырға шақыратын, сабасына түсіретін ой айтады. Әр түрлі себеппен болып жататын соғыс пен қақтығыстардың өзін тарихтың заңдылығы деп түсіндіреді: «Тарих жүзіне көз салсақ, таласпаған, соғыспаған халық көрінбейді. Бұл күндегі халықтар да, қанша ғылымды, өнерлі, білімді, мейірімді болдық десе де, аталарынан ұзап алыс кете алған жоқ». Соғыспай тұратын күйге әлі жеткен жоқ»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет