№9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,78 Mb.
#1638
  1   2   3   4   5   6   7

 №9 (1244)          3

 наурыз  

2015 жыл, сейсенбі

 

„



«Адамдықты  айт,  ерлікті  айт,  батырлықты 

айт,  Ел  бірлігін  сақтаған  татулықты  айт!» 

деп жырлаған  Жамбыл  абыздың туған күні- 

ақпанның  соңғы  күні.  Әрі  эпик,  әрі  айтыс 

ақыны, абыз жырау шын мағынасындағы биік 

парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны 

қалыптастырушы.  Өткен  ғасырдың  Гомері 

атанған ақынның туған жері саналатын біздің 

облысымыздағы  оған  көрсетілер  құрмет  аз 

емес.  Ағымдағы  жылы  жыр  алыбы  Жамбыл 

Жабаев 169 жасқа толды.

ғасыр 

абыз

Наурызбек САРША

Жүз жасаған Бәйтеректің туған күніне орай Тараз қаласы 

Төле би көшесінің бойындағы ақын ескерткішіне гүл қою 

рәсімі  өтті.  Оған  облыс  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев  арнайы 

қатысты.  Алдымен  жыр  алыбының  еңселі  ескерткішінің 

алдында  мектеп  оқушыларының  шығармашылығы  тама-

шаланды. Талантты ұл-қыздардың бір парасы жүз жасаған 

ақынның  өлеңдерін  нақышына  келтіріп  жатқа  оқыса,  жас 

ақындар Жамбыл Жабаевқа деген балаң жүректерін жарып 

шыққан  арнау  жыр-шумақтарын  ақтарды.  Мың  бұралған 

бишілермен қоса әуелеген ән, күмбірлеген күй жарасымын 

тапты. Осыдан кейін, ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі орын 

алды.  Облыс  басшысы  Кәрім  Көкірекбаев,  қала  басшысы 

Нұржан Календеров  сонымен қатар, облыс, қала әкімдігінің 

барлық басқармаларының өкілдері, өңіріміздегі жоғары оқу 

орындарының басшылары, ҮЕҰ мен жастар бірлестіктерінің 

мүшелері де өз ықыластарын жеткізіп, ақын тұғырын гүлмен 

көмкерді.  Облыстың  Құрметті  азаматтары,  зиялы  қауым 

өкілдері және әдебиет жанашырлары да осы игі шара бары-

сынан  табылды.  Жамбылдың  ұлылығы  оның  тек  ақындық 

шеберлігімен ғана емес, халық ақындарының жасампаздық 

рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. 

Оның сөздері ұранға айналғандығын гүл қою рәсімінен тағы 

да сезіне алдық.



арнайы шығарылым

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер 

күні мерекесіне орай өткізілетін әуезді де 

әсерлі кештің куәсі болуға шақырамыз.    

 2015 жылдың 8 наурызында орталық 

«Достық» алаңында кешкі сағат                

18-00 де қазақ эстрада жұлдыздары Қайрат 

Түнтеков пен Серік Ибрагимов Тараздың 

сұлуларына арнап концерт қояды. Күтеміз! 

Қапы қалмаңыздар!

Құрметті Тараз қаласының 

тұрғындары мен қонақтары! 



ҚАлА-ҚАрбАлАС

2

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №9 (1244), 3 нАурыз 2015 Жыл 



Таза өңір – көТеріңкі көңіл

 

„



 Қала аумағында абаттандыру, көгеріштендіру және санитарлық  тазалық айлығын жоғары деңгейде өткізу 

жайын талқылаған жиын Тараз қаласы әкімдігінде  өтті. 



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аталмыш  басқосуды  қала  әкімінің 

орынбасары  Ерік  Көшербаев  жүргізді. 

Жиынға  Жамбыл  облысы  әкімдігі 

басқармаларының  басшылары,  де-

партамент  директорлары,  мекемелер 

мен  кәсіпорындар,  қала  әкімінің  бас                          

инспекторлары, кәсіпкерлік және бизнес 

өкілдері  қатысты.  Аталған  басқосуда 

көпшілікке  Тараз  қаласы  аумағында 

абаттандыру,  көгеріштендіру  және 

санитарлық тазалық жөніндегі екі айлығы 

негізінде қабылданған Қаулы танысты-

рылды. Осы екі айлық аясында алғашқы 

сенбілік  2015  жылдың  28  ақпанынан 

бастау  алады.  Сонымен  2015  жылдың 

1  мамырына  дейін  үздіксіз  сенбіліктер 

ұйымдастырылып отырмақ. Осы аралықта 

әрбір мекеме, басқармалар, инспекторлар 

және  кәсіпкерлерге  өздеріне  бекітілген 

көшелерде, саябақтарда, скверлер мен ал-

леяларда және өз мекемелерінің аумағында 

санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу 

міндеттелмек.  Бұл  шара  барысында 

арық жүйелері тазаланып, қыстан қалып 

кеткен күл-қоқыстар шығарылып,  түрлі 

ағаш көшеттері отырғызылатын болады. 

Осындай игілікті істерді атқару жолында 

қала әкімінің орынбасары Ерік Көшербаев 

сала басшыларына немқұрайлылыққа жол 

бермей, тиянақты жұмыс атқаруды талап 

етті.  Сонымен  қатар  өткізгелі  отырған 

екі айлық – алда келе жатқан 8 наурыз 

бен  Ұлыстың  Ұлы  күні,  Жеңістің  70 

жылдығы  және  басқа  да  аталып  өтетін 

мерекелерге  дайындықтың  баспалдағы 

екенін баса айтты. Сенбіліктерге жол по-

лиция қызметкерлері қол ұшын созатын 

болса, күл-қоқыс тастайтын полигондар 

тегін қызмет ұсынады. 

- Ендігі жерде ұйымдасқан түрде, «бір 

жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» 

тірлікті  атқарсақ,  ортақ  межеге  қол 

жеткіземіз,- деп атап өтті Ерік Көшербаев. 

Сондай-ақ жиында былтырғы жіберілген 

олқылықтар  турасында  да  ой  айтыл-

ды.  Мәселен,  теміржол  және  аэропорт 

қызметкерлері  ұжымы  сенбіліктерге  ат 

үсті қарағаны мәлім болды. 

* * * 


Тазалық  жұмыстарын  тиянақты  әрі 

тыңғылықты  өткізуді  жоспарлаған  қала 

басшылығы  сенбіліктің  «бісмілләсін» 

өздері  бастап  берді.  Қала  әкімінің 

орынбасары  Ерік  Көшербаев  бастаған 

топ  қалалық  әкімдік  маңына  шырша 

отырғызды. Өзге қызметкерлер сол маңды 

күл-қоқыстан  арылтып,  арық-атыздарға 

тазалық  жұмыстарын  жүргізді.  Биылғы 

қала аумағын абаттандыру, көгеріштендіру 

және  санитарлық  тазарту  көктемгі  екі 

айлығына    қаладағы  барлық  мекеме, 

ұйымдар, кәсіпорындар, оқу орындары да 

қатысады  деп күтілген. Дегенмен алғашқы 

сенбілік жұмыстарына жалпы -1630 адам 

қатысты. Тазалық жұмыстарына арнайы 4 

көлік жұмылдырылып,  көлемі -35 тонна 

болатын  күл-қоқыс  шығарылса,  жалпы 

ұзындығы 2300 метрді құрайтын арық таза-

ланды. Сондай-ақ жалпы саны 580-ге жуық 

талдар мен бағаналар сырланып, әктелді. 

Десе де, осы күнгі сенбілік жұмыстарына 

мүйізі қарағайдай кәсіпорындар мен ме-

кемелер, оқу орындары қатыспаған. Атап 

айтқанда, «Энерджи Тараз» ЖШС, «Им-

стальком» АҚ, «ЖамбылГипс» АҚ, «Та-

разТрансЭнерго» мекемесі, «Баласағұн» 

концерт  сарайы,  «Қазақтелеком»  АҚ, 

«Гелиос», «Қазмұнайгаз» май құю стан-

салары, «ҚазКом» банкі, қалалық әскери 

бөлім, «Кеден департаменті», М.Х.Дулати 

атындағы  ТарМУ,  №1  қалалық  балалар 

ауруханасы,  «Мекен-Жай  Тараз»ЖШС, 

«Дәрі-дәрмекті  сараптау  орталығы», 

Саңырақ батыр көшесіндегі  кәсіпкерлік 

нысандар  және  бірқатар  моншалар  мен 

дәріханалар.  Сонымен  қатар  былтырғы 

жылы да осындай тазалық жұмыстарына 

салғырттық  танытқан  «Қазақстан  темір 

жолы» ҰК» АҚ-ы  – Жамбыл жол бөлімшесі 

мен әуежай ұжымдары биылда сол әдетінен 

айнымай отырған сыңайлы. Бір сенбіліктің 

өзінен қаланың кейбір жерлері әжептәуір 

тазаланып  қалды.  Сенбіліктің  енді  ғана 

басталғанын  ескерсек,  тазалық  шарала-

рына  қаланың  әрбір  тұрғыны  бей-жай  

қарамай    ат  салысса,  нұрланған    өңір, 

баршамызға көтеріңкі көңіл сыйламасына 

кім кепіл?!   

Елбасы сайлауы – елдік сын

g

 Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қолдау мақсатында            



Тараз мемлекеттік институтында дөңгелек үстел өтті.

Айару ЕРҒАЛИ

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Кеңесі үстіміздегі 

жылдың 14 ақпанында Астанадағы Бейбітшілік және 

келісім сарайында елімізде биыл президенттік сайлау 

өткізу туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі 

кезде халықаралық сарапшылар, қазақстандық қоғам 

қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кәсіпорын 

басшылары, еліміздің түкпір-түкпірінен жұмысшылар 

мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері ҚХА Кеңесінің 

бастамасын қолдап, өз ынтымақтастықтарын білдіріп 

жатыр. Айта кетейік, Қазақстан Президентінің сайла-

уын биыл өткізу туралы бастама ел Парламентінің қос 

палатасының да мақұлдауына ие болды.

Осы орайда Қазақстан Халқы Ассамблеясының 

кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы 

ұсынысын қолдау мақсатында Тараз мемлекеттік 

институтында «Елбасы сайлауы – елдің сынағы» 

атты  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өтті.  Шараға 

институттың профессор-оқытушылар құрамы мен 

студенттері қатысты. Аталмыш бастамаға қолдау 

білдіру  үшін  қазақ  филологиясы  кафедрасының 

оқытушысы Тұрсынай Абдықадырова, қашықтықтан 

оқыту  кафедрасының  меңгерушісі  Бақыт  Мыр-

забеков,  тарих-география  кафедрасының  доценті 

Зағира Тоқбергеновалар өз ойларын ортаға салды. 

Олар сөздерінде  Президент сайлауын өткізу туралы 

ұсынысты қолдайтындықтарын жеткізді. Сонымен 

қатар Қазақ тарихына да тоқталып өтті. Ел Президенті 

жүргізіп  отырған  сындарлы  саясаттың  жемісі  – 

бүгінгі Қазақстанның кейіпінен аңғаруға болатынын 

атап өтті. Өзге мемлекеттердегі орын алып жатқан 

саяси оқиғалар турасында ой бөлісіп, біздің елдегі 

бейбітшілік пен бірліктің қанаты мығым екендігін сөз 

етті. Сондай-ақ, білімгерлер атынан сөз алған тарих-

география мамандығының 4 курс білімгері Сайын 

Құрбан мерзімінен бұрын өткелі отырған президент 

сайлауы тұрақтылық пен тыныштықтың факторы бо-

лып табылатынын атап өтті. Жастардың аталған баста-

маны толықтай қолдайтындықтарын жеткізді. Жиын 

соңында Тараз мемлекеттік институтының ректоры, 

тарих ғылымдарының докторы  Дария Қожамжарова 

Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынысын қолдай 

отырып, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу 

бастамасын халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс 

шешім екенін баса айтты. 


нұр оТАн

3

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №9 (1244),  3 нАурыз  2015 Жыл 



«Нұр ОтаНмеН» - 

Нұрлы бОлашаққа

g

 Еліміздегі іргесі ірі саяси көшбасшы ұйымға 



айналған «нұр отан» партиясына биыл 16 жыл 

толып отыр. осыған орай  партия облыстық филиа-

лында мерекелік жиын өтті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы 

облыстық  филиалының  қызметкерлері, 

С а я с и   к е ң е с   м ү ш е л е р і ,   п а р т и я 

ардагерлері,  «Партияның  50  тұлғасы» 

жобасының  қатысушылары,  бастауыш 

партия  ұйымдарының  төрағалары,  ҮЕҰ 

жетекшілері  мен  елдің  ертеңгі  буынын 

қатайтар  «Жас  Отан»  ЖҚ  белсенді  жа-

стары түгел қатысып, партияның тарихы-

мен  танысып  қана  қоймай,  бүгінге  дейін 

атқарған  ауқымды  жұмыстарымен  қатар, 

жеткен жетістіктерімен де бөлісті. Жиын-

ды облыс өнерпаздары  шағын концерттік 

бағдарламасымен ашып берді. 16 жылдың 

қарсаңында партияның аудандық филиалда-

рында «нұротандықтардың» қатары тағы да 

белсенді жаңа мүшелермен толығып отыр. 

Партия  облыстық  филиалы  төрағасының 

орынбасары  Шәбден  Тілеумұрат  өзінің 

қалыптасу мен даму жолында талай сыннан 

өтіп, айтарлықтай зор жетістіктерге жеткен 

партия  16  жылдың  ішінде  жалпыұлттық 

сенімге ие болғанын айта келе, аталмыш 

ұйымның шежіресінен де бірталай шежірелі 

сыр шертті. «Партия құрылған уақыттан бері 

мемлекеттің,  азаматтардың  мүддесі  үшін 

және ел бірлігін нығайту мақсатында жұмыс 

жасайтынын  нақты  істермен  дәлелдеді. 

Бүгінде партияның жаңа Саяси доктринасы 

Тәуелсіздік  жылдары  қалыптасқан  және 

уақыт сынынан өткен басты құндылықтарды 

нығайтуға бағытталып отыр» - деді Шәбден 

Тоқтасынұлы.  Партияның  тарихына 

елеулі  үлес  қосқан  Партия  ардагерлері 

Төлепберген Исаев, Қаржаубай Бекболатов, 

Гүлжамал Нурлихина, Қасымхан Төлендиев 

көшбасшы партияның тарихы Қазақстанның 

Тәуелсіздігінің  ажырамас  бөлігі  екенін 

 

„



он күн бойы облысымыздың барлық ауданын қамтыған ақпараттық автокеруен 

жұмысы облыс орталығында қорытындылады. 

белсенді жастар белесі

Айша БАҚЫТ

Ағымдағы  жылдың13-23  ақпан 

аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің 

жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жа-

стар орталығының» ұйымдастыруымен ҚР 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол 

– болашаққа бастар жол» атты Қазақстан 

халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жа-

стар арасында түсіндіру бойынша «Нұрлы 

жол  –  жастар  жолы»  атты  облыстық 

ақпараттық  автокеруені  аудандарға 

шыққан болатын.  Шараның қорытындысы 

Тараз қалалық мәдениет үйінде «Нұрлы 

жол  –жастар  жолы»  атты  облыстық 

қорытынды форумға ұласып, оған ҮЕҰ 

мен  жастар  қоғамдық  бірлестіктерінің 

төрағалары  және  облыстың  белсенді 

жастары қатысты. Форумда Жамбыл об-

лысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері 

басқармасының    басшысы  Еркебұлан 

Құралбаев  алда  ауыр  экономикалық 

дағдарыстың  келе  жатқанын  айта  келе, 

Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа ба-

стар жол» атты Жолдауы осы дағдарысты 

еңсеруге арналғандығын тілге тиек етті. 

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы 

Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас 

Отан»  Жастар  қанатының  Атқарушы 

хатшысының  орынбасары  Мадияр                                                                                         

Таймаев, «Мерей» музыкалық мектебінің 

бас  директоры  Светлана  Бойка,  Жуалы 

ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жа-

стар орталығы» мекемесінің нұсқаушысы 

Мейіржан Телеушов, облыс әкімдігі жастар 

саясаты мәселелері басқармасының «Жа-

стар орталығы» мекемесі директорының 

орынбасары Талғат Шайхиевтер сөз алып, 

әр  Жолдау  сайын  жастарға  етене  көңіл 

бөлініп келе жатқаны күш-қуат беретінін 

атап өтті. Сонымен қатар экономикалық 

дағдарысты еңсеруге таптырмас жол –Жол-

дау екендігін бірауыздан қолдады. Шара 

соңында Елбасы жолдауын насихаттауға 

сүбелі үлестерін қосып жүрген біршама 

жастар басқарма тарапынан Алғыс хат-

тармен марапатталды. Жиын жастардың 

патриоттық концертіне ұласты.    

 

„



Халыққа қызмет көрсету 

орталығында қала тұрғындары тегін 

құқықтық кеңес алды.

Әділет кеңес береді



Сейділдә ТӨРЕН

«Нұр  Отан»  партиясы  орталық  аппараты  және 

ҚР  Әділет  министрлігінің  бастамасымен  «Әділет 

кеңес береді» атты республикалық акция жұмысын 

бастады. Аталмыш акция Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы 

негізінде партияның 2015-2025 жылдарға арналған 

жемқорлыққа  қарсы    бағдарламасы  шеңберінде 

іске  аспақ.  Осы  акция  негізінде  Халыққа  қызмет 

көрсету  орталығында  қоғамдық  қабылдау  болып 

өтті. Қоғамдық қабылдауға қала тұрғындары әртүрлі 

мәселелер бойынша кеңес алды. «Нұр Отан» парти-

ясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Балжан Пернебекова мен Тараз қалалық 

Әділет басқармасының  басшысы Гүлнар Кушекова 

қабылдауға келген азаматтарға кеңестер берді. Шара 

барысында адвокаттар, заңгерлер мен сот орындау-

шылар өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын 

жүргізді.  «Нұр  Отан»  партиясы  Тараз  қалалық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балжан 

Пернебекова: «Бұл шара бір жылда бірнеше рет өтеді. 

Сонымен қатар осы акция бір жерде өтуімен шектеліп 

қоймай, жергілікті жердегі оқу орындары мен түрлі 

кәсіпорындарда да жалғасын табады.  Мүгедектер 

үйіне барып өткізуді де жоспарлап отырмыз. Мақсат 

- халыққа құқықтық кеңес беру болып табылады. 

Сонымен қатар қоғамның мемлекеттік органға деген 

сенімін арттыру. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа 

бармауы үшін осындай құқықтық кеңестер керек-ақ»  - 

деді. Аталмыш акция  осы жылдың 15 мамыр, 14 тамыз 

және 30 қазан күндері жалғасын табады деп күтілуде.

 

„



м.Х.Дулати атындағы Тарму  

м.Үркімбаев атындағы «Жастар» 

сарайында Жамбыл облысы 

әкімдігінің жастар саясаты 

мәселелері басқармасының ұйытқы  

болуымен «заманауи қоғамдағы 

жастардың тәлім тәрбиесінің бүгіні 

мен ертеңі» тақырыбында облыстық 

семинар болып өтті.  

Тәрбиелі жас – 

ел ертеңі

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Семинар жұмысына облыс әкімінің орынба-

сары Ерқанат Манжуов, «Нұр Отан» партиясы 

облыстық  филиалы  төрағасының  орынбасары 

Шәбден Тілеумұрат, Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері, «Асыл арна» телеарнасының бас ди-

ректоры Мұхамеджан Тазабеков, ҚР мемлекеттік 

қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бой-

ынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  департаменті 

басшысының  орынбасары,  тәртіптік  кеңестің 

төрағасы  Ғалым  Тұрсынбаев,  М.Х.Дулати 

атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің 

ректоры Махметғали Сарыбеков қатысып, жа-

стар тәрбиесіндегі ойларымен бөлісті. Қазіргі 

таңда жастарға барлық жағдай жасалғандығын 

ескерген аға буын өкілдері оңтайлы тәрбие беру 

жолдарын айтты. Сонымен қатар «Қазақстан - 

2020 - болашаққа жол» атты тұжырымдаманы 

және «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезінде 

көзделген  мәселелерге  жастардың  барлық  са-

наттары  енгізілгені  сөз  болды  жиында.  1999 

жылға қарағанда қазіргі таңда жастардың саны 

630 мыңға көбейген, ал жоғары білімі бар жа-

стар 4 есеге ұлғайған. Осындай жағдайларды 

ескерген мемлекетіміз жастарға арналған түрлі 

бағдарламаларды жүзеге асыруда. Атап айтар 

болсақ, «Жастар кадрлық резерві», «Дипломмен 

– ауылға!», «Сәтті қадам» сынды бағдарламалар 

жастар  көңілінен  шығуда.  Егер  жастар  сая-

саты осы беттен  танбай жұмыс  атқарса,  онда 

мемлекетіміз  кешенділік  пен  жүйелілікке  қол 

жеткізері анық.

баса айтып, бүгінгі күні де «Нұр 

Отан» партиясы Елбасының басты 

тірегі болып отырғанын атап өтті. 

Жиын барысында «Асар» Жамбыл 

облыстық мүгедектер ұйымының 

одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің 

төрағасы  Руслан  Төлегенов 

Партияның «Кедергісіз келешек» 

атты жобасы денсаулығында мүкісі 

бар, мүмкіндігі шектеулі жандардың 

ө м і р   с а п а с ы н   ж а қ с а р т у ғ а 

бағытталған және тұрақты жұмысқа 

орналастыру,  кедергісіз  орта 

қалыптастыру, мүгедек жандардың 

құқықтарын тиімді жүзеге асыру 

үшін құқықтық мүмкіндікті өрістету 

жолындағы басты бағдар екендігін 

баса  айтты.  Жиында  жастар  да 

алға қойған мақсаттары мен елдік 

саясатқа қолдау білдіретіндіктерін 

жеткізді. Партия облыстық филиа-

лы жанындағы «Жас Отан» Жастар 

қанатының белсенді мүшесі, «Кеңес 

беру орталығының» жетекшісі Саин 

Құрбан партия Доктринасындағы 

құндылықтар  мен  оны  жүзеге 

асыруға  бағытталған  жастардың 

аяқ  алысымен  таныстырып  өтті. 

Бұдан  әрі  партия  облыстық  фи-

лиалы  төрағасының  орынбаса-

ры  партия  ардагерлері  Т.  Исаев,                                    

Қ.  Бекболатов,  Г.  Нурлихина,                       

Қ.  Төлендиев  пен  «Қазақстан 

темір жолы» Ұлттық компаниясы» 

АҚ  филиалы  Жамбыл  темір  жол 

бөлімшесінің директоры Дәулетбай 

Есімбековке және партия облыстық 

филиалы жанындағы Жемқорлыққа 

қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық 

кеңе стің  төрағасы  С ембек 

Сейдәзімовқа  Елбасының  саяси 

ұстанымдары  мен  нақыл  сөздері 

жазылған кітаптарды сыйға тарту 

етті.  Сонымен қатар мерекелік шара 

барысында  «Қазфосфат»  ЖШС 

Минералды тыңайтқыш зауытының 

бөлім басшысы Талғат Рысқұлов, 

№1 қалалық перзентхананың бас 

дәрігері Шолпан Жапарқұлова, №50 

орта мектептің мұғалімі Эльмира 

Тәттібай,  «ҚазТрансГазАймақ» 

А Қ   Ж Ө Ф   д и р е к т о р ы н ы ң 

кеңесшісі  Нүркен  Иманали-

ев,                                       Жамбыл облыстық 

ауруханасының  кәсіподағынан 

Гүлнар Төребекова мен «Запчась» 

зауытының  2  санаттағы  инженер 

маманы  Олжас  Жүнісбаев  Пар-

тия  Тараз  қалалық  филиалының 

арнайы  Алғыс хатымен марапат-

талды.  Сондай-ақ,  мерекелі  жи-

ында  партия қатарына облыстық 

«Арай»  жастар  газеті  ЖШС 

директор-бас  редакторы  Гүлнұр                                                                                     

Ембердиева,  «Вынхуа»  дүнген 

мәдени орталықтары қауымдастығы 

қоғамдық  бірлестігінің  жа-

стар  қанатының  көшбасшысы                                                                                                   

Зайнуддин  Махусеев,  Зейнеткер 

Хадиша Оспанова, облыстық Әділет 

Департаментінің  іс  жүргізушісі 

Хабиба  Маханова,  «ASTEL»  АҚ 

инженері  Серік  Хасанов  және 

«Інжу» балабақшасының директо-

ры Гүлмира Қуатбек қабылданды.


САйлАу - 2015

4

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №9 (1244),  3 нАурыз  2015 Жыл 



тараз қаласы әкімінің

шешІмІ

26 ақпан 2014 жыл       №8                        Тараз қаласы



Сайлау учаскелерін құру  туралы

«Қазақстан  республикасындағы  сайлау  туралы» 

Қазақстан республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі 

Конституциялық заңының 23- бабына  және «Қазақстан 

республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және 

өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан республикасының 

2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 33- бабына сәйкес 

қала әкімі ШЕШІм ҚАбылДАДы:

1.  Қосымшаға  сәйкес Жамбыл  облыстық  аумақтық 

сайлау  комиссиясының  келісімімен  Тараз  қаласы 

аумағында сайлау уачскелері құрылсын.

2.  осы  шешімнің  орындалуын  бақылау  қала  әкімі 

аппаратының  басшысы  Жандос  Сәрсенбайұлы 

Өмірзақовқа жүктелсін.

3.  осы  шешім  әділет  органдарында  мемлекеттік 

тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алағаш рес-

ми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                        н.Календеров

Ш е ш і м   Қ Р   Ә М   Ж а м б ы л   о бл ы с ы н ы ң   Ә д і л ет 

Департаментінде  мемлекеттік  тіркеудің  тізіліміне 

28.03.2014 жылы №2139 болып енгізілді.

тараз қаласы әкімінің

2014 жылғы 26 ақпандағы

№8 шешіміне қосымша

№ 1 сайлау учаскесі

Шекарасы: Қарасай алқабы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет