9. 1С химиялық реакция жылдамдығы Педагогтің аты-жөні



Дата13.10.2022
өлшемі83,1 Kb.
#42982

Бөлім:

9.1С Химиялық реакция жылдамдығы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар.
№2көрсетілім «Әртүрлі реакциялар жылдамдығы».
№ 6зертханалық тәжірибе
«Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.2.1 -реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру
9.3.2.2 -реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Реакция жылдамдығы ұғымын меңгереді.
Факторлардың реакция жылдамдығына әсерін анықтайды.
Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут



Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу.
Сынып оқушыларын 3 топқа біріктіреді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Кезекші келмеген оқушылар тізімін хабарлайды. Сынып 3 топқа бірігеді. Оқушылар сабақтың кезеңдерімен, бағалау жүйесімен танысады.







5 минут

«Өткенге саяхат» әдісі
Оқушылардың өткен сабақ өтілген есептерді шығару деңгейін анықтау мақсатында есептер береді.

Тапсырма

  1. 260 г. барий нитраты мен 220 г. калий сульфаты ерітінділерін қосқан кезде түзілген тұнбаның массасын есептеңдер?

  2. 42,6 г. алюминий нитраты бар ерітіндіге 16 г. натрий гидроксиді бар ерітіндіні құйды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңдер.

Жалпы 2 ұпай

Көршіңмен алмас әдісі бойынша бір-бірін тексереді.



Жұмыс дәптері

Жаңа сабақ
10 минут



Көршіңе түсіндір әдісі
1-топ: Химиялық реакция жылдамдығы
2-топ: Гомогенді реакция жылдамдығы
3-топ: Гетерогенді реакция жылдамдығы

Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі, сол уақыт ішінде оқулықтағы мәтінмен танысады, топ ішінде талқылап, сосын көрші екі топқа түсіндіреді.




Дескриптор:

  1. Жаңа сабақты меңгереді. 1 ұпай

  2. Жаңа сабақты сынып оқушыларына түсіндіреді. 1 ұпай

9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Жаңа сабақты бекіту
5 минут

«Ойлы болсаң озып көр» әдісі
Жеке жұмысқа арналған тапсырма беріледі.
Тапсырманы орындау барысы саралаудың қарқын тәсілі бойынша жүргізіледі.

Тапсырма
1-есеп 58-бет
А затының айрылу нәтижесінде оның концентрациясы 10 минутта 0,6 моль/л-ден 0,4/моль-ге азайды. Реакция жылдамдығын есептеңдер.
2.А+В=АВ химиялық реакция теңдеуі.Егер А затының бастапқы
концентрациясы с= 1 моль/л, 4 секундтан кейін c=0.6 моль/л болса, реакция жылдамдығы

  1. А затының айырылу нәтижесінде оның концентрациясы 5 минутта 0,9 моль\л-ден,0,4моль\л-ге дейін азайды.Реакция жылдамдығын есептеңдер.




Дескриптор:

  1. Есептеу формуласын анықтайды. 1 ұпай

  2. Есептің мәнін табады. 1 ұпай

9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

10 минут

№ 6 зертханалық тәжірибе
«Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері»
1-топ: Температураның әсері
2-топ: Әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері.
3-топ: Реагенттер бетінің әсері

Оқушылар жұмысты бастамас бұрын химия кабинетінде жұмыс жасау ережесін еске түсіреді.
Жұмыстың жүргізулі барысымен танысып, төмендегі кестені толтырады:

Жұмыстың барысы

Бақылаулар

Қорытынды













Дескриптор:

  1. Зертханалық жұмысты бақылау кезінде байқалған өзгерістерді анықтайды. 1 ұпай

  2. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасайды. 1 ұпай

Химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтар, зертханалық жұмыс дәптері

10 минут

Ойлан, тап әдісі
Жұптық жұмысқа арналған тапсырма
Күрделі есептерді шығару арқылы оқушылар өздерінің химия пәні бойынша есептерді шығару дағдыларын арттырады

Тапсырма
Химиялық реакция кезінде А+В=С теңдеуіне сәйкес жүреді. Тәжірибе нәтижесі мынадай:

Конц

А

В

С

Бастапқы

2,7 моль/л

2,5 моль/л

0

30 минуттан соң

2,5 моль/л

?

?

Кестедегі сұрақ белгісі орнына концентрацияларды және берілген уақыттағы реакцияның орташа жүру жылдамыдығын есептеңіз.

Дескриптор:

  1. А заты үшін химиялық реакция жылдамдығын есептейді. 1 ұпай

  2. Реакция жылдамдығын қолдана отырып, В, С заттарының концентрациясын анықтайды. 1 ұпай

Жұмыс дәптер, үлестірме, қағазы




Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған тапсырма

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша жүзеге асады.



Тапсырма
Химиялық реакция кезінде А+В=С теңдеуіне сәйкес жүреді. Егер:
а) В затының концентрациясын бұрынғына қалдырып, А затының концентрациясын 2 есе арттырсақ
б) А затының концентрациясын бұрынғына қалдырып, В затының концентрациясын 2 есе арттырсақ
в) екі заттың да концентрациясын 2 есе арттырсақ
г) бір заттың концентрациясын 2 есе арттырып, екінші заттың концентрациясын 2 есе азайтсақ
д)егер қоспада газтәрізді заттар әрекеттеседі деп есептеп, әрекеттесуші қоспаға қысымды 2 есе арттырсақ, реакция жүру жылдамдығы қалай өзгереді?
Жауабы: а)2 есе артады
Б) 2 есе артады
в)4 есе артады
г)өзгермейді
д) 4 есе артады



Дескриптор:

  1. Берілген шарт бойынша реакция жылдамдығы қаншалықты өзгеретіндігін анықтайды. 1 ұпай

Үлестірме қағаз, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы
Рефлексия
3 мин.
Үйге тапсырма

Бір минут әдісі

2-есеп 58-бет



Оқушылар сабаққа кері байланыс береді.








«12.10.2022» ДОIЖО А.Төлегенова Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет