Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Экстремизм- адамзаттың қасіреті»
(9 «Б» класы)
Тәрбиеші: Бекмағамбетова З.Х.
Ақтөбе, 2022 ж.
Тақырыбы: “Экстремизм- адамзаттың қасіреті”
Мақсаты: Экстремизм және олардың түрлерімен таныстыра отырып,оның зардаптарын, адамзат баласына тигізетін қаупін ұғындыру және алдын алу жолдарын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар жалпы экстремизмнің түрлерімен таныса отырып,ондай
жолға кімдер түседі, сол туралы білім- біліктерін қалыптастыра алады;
Қоғамның әлеуметтік , құқықтық діни сипаттарын ұғына отырып,
ланкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу жолдарын үйрене алады;
Бейбітшіліктің маңызын, мейрімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық
жасай білудің өмірдегі маңызы жөнінде өзіндік көзқарастарын пікірін білдіре алады.
Ресурстар: Тақта,слайд,бейнетаспа.
Сабақ барысы:
I.Қызығушылықты ояту.
“Екі жақты күнделік” әдісі.
Сұрақ:Экстремизм туралы не білеміз?(слайд).Оқушылар өздері білетіндерін айтып, «білемін» бөлігін толтырады.(5 мин.)
Білемін
|
Үйрендім
|
1
2
3
4
5
|
1
2
3
4
5
|
Тәрбиеші сөзі:Я, балалар, экстремизм туралы білетіндеріңізді айттыңыздар. Дұрыс. Экстремизм деген латын сөзі “ең соңғы, ақырғы, төтенше”, “шеттеу”, яғни, орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді.Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни, олардың ойы “тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс”дегенге саяды(слайд). Бүгінгі сабағымызда осы экстремизм туралы кеңірек білетін боламыз.Олай болатын болса, сабағымыздың тақырыбы “Экстремизм – адамзаттың қасіреті” деп аталады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты слайд арқылы көрсетіледі.(3 мин.)
II. Мағынаны тану.
“Кубизм” әдісі. Төрт топқа тапсырмалар беріледі.Оқушылар алдымен жеке, сосын жұппен, топпен жұмыс жасайды. Дайындалуға 7 минут уақыт беріледі.Әр топтан оқушылар тақырыптарын қорғайды. (20 мин.)
1-топ- Саяси экстремизм.
2-топ- Ұлттық экстремизм.
3-топ- Діни экстремизм.
4-топ- Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары.
Бейнетаспа көрсетіледі. “Экстремизм эпидемиясы”
Тәрбиеші сөзі:Экстремизм мен терроризм бүгінгі күні дүниежүзі халқын ерекше алаңдатып отырған мәселе. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі лаңкестік актілер саны жылдан жылға артып отырғаны осының айқын дәлелі.
III. Толғаныс
“Екі жақты күнделік” әдісі бойынша “Үйрендім” бөлімін толтыру.Оқушылар жазғандарын айтып,оқып береді.(5-6 мин.)
Кері байланыс. “Соңғы сөзді мен айтамын” әдісі.
2-3 оқушы өз ойын айтып, қорытындылайды.(3 мин.)
Елімізде тек қана бейбітшілік,тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысу керек.Әр білім алушы сапалы білім алуға,өнегелі азамат болып тырысуы арқылы өз отанына үлес қосады. Аспанымыз ашық,еліміз тыныш болсын!
Рахмет, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!(1 мин.)
Достарыңызбен бөлісу: |