9 д ә р І с такырыбы: кан және қан түзілудің патофизиологиясы


Жоспар Қанның түйіршіктерінің патологиясы



бет3/7
Дата02.11.2022
өлшемі1,54 Mb.
#46954
1   2   3   4   5   6   7

2. Жоспар

Қанның түйіршіктерінің патологиясы

Қанның жалпы мөлшері (дене массасына - %) – ит – 6,4, мысық – 5,7, қоян – 5,5, тауық – 8,5, адам – 5-9, жылқы – 9,8, сиыр – 8, қой, ешкі – 8,7, шошқа – 4-6.

Қалыпты жағдайда, қанның жалпы массасы дене массасының 5 – 9% құрайды, соның ішінде 55 – 60% сұйық (плазма) бөлігі, 40 – 45% формалы элементтер (Э. Л. Тромбоциттер) жатады.

Л е й к о з д а р қанның ісік сипатындағы ауруы. Мұндайда қан құрайтын мүшелер зақымданады.

Лейкоцитоздан лейкоздың айырмашылығы – қан құрайтын мүшелер өзгереді, лейкоциттер саны үдемелі тұрақты көбейеді, жетілмеген формалар – миеолоциттер, миелобалстар, лимфобластар т. б. пайда болады.

Шеткі қан көрінісінің және лейкоциттер санының өзгеруіне қарай – лейкемиялық, сублейкемиялық, алейкемиялық болып бөлінеді (лейкемия - ақшыл қан – лейкоздар).

Лейкоздардың мынандай түрлері болады:

Лейкоздардың мынандай түрлері болады:

1. Миелоидтық лейкоз (миелоз) – миелоидтық ұлпалардың ұлғаюымен (гиперплазия) сипатталады. Сары жілік майы қызыл түске айналады. Талақта, лимфа түйіндерінде, бауырда, т. б. мүшелерде экстрамодулярлы қан құрау ошағы пайда болады. Жілік майындағы торша элементтерінің көпшілігі – промиелоциттер, миелоциттер, миелобластар болады. Миелоидтық лейкоз кезінде талағы үлкейеді, гранулоциттердің саны көбейеді.

2. Лимфоидтық лейкоз (лимфаденоз) – лимфоидтық ұлпалардың ұлғаюымен, лимфа түйіндерінің, талақтың және бауырдың кенеттен үлкеюімен сипатталады. Ауру өршіген сайын жілік майындағы миелоидты ұлпа лимфоидтық ұлпамен алмасады. Қанда лимфоциттер саны өте көп болады (10 мыңнан 100 мыңға жетеді).

2. Лимфоидтық лейкоз (лимфаденоз) – лимфоидтық ұлпалардың ұлғаюымен, лимфа түйіндерінің, талақтың және бауырдың кенеттен үлкеюімен сипатталады. Ауру өршіген сайын жілік майындағы миелоидты ұлпа лимфоидтық ұлпамен алмасады. Қанда лимфоциттер саны өте көп болады (10 мыңнан 100 мыңға жетеді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет