Ретикулоэндотелиалық лейкоз – жілік майында, талақта, лимфа түйіндерінде және бауырда ретикулярлық торшалардың артық ұлғайып кетуімен сипатталады. Қанда моноциттің өте көп болады
3. Ретикулоэндотелиалық лейкоз –жілік майында, талақта, лимфа түйіндерінде және бауырда ретикулярлық торшалардың артық ұлғайып кетуімен сипатталады. Қанда моноциттің өте көп болады.
Клиникалық белгісіне қарай лейкоздар – жіті және созылмалы болып бөлінеді.
Клиникалық белгісіне қарай лейкоздар – жіті және созылмалы болып бөлінеді.
1. Лейкоздың жіті түрінде – зат алмасу бұзылады, анемияға шалдығады, арықтайды т. б.
2. Лейкоздың созылмалы түрінде – мал азық уақыт бойы дені сау секілді жүреді, малдар арықтағандықтан және әр түрлі аурулардан (қарсы тұру қабілетінің төмендеуінен) өледі.
Лейкоздың этиологиясы мен патогенезі.
Лейкоздың пайда болуының теориялары:
1). Вирустық теория – 1908 жылы Эллерман мен Бангом ауру құстың фильтратын сау құсқа жұқтыру арқылы тауық жұмыртқасын ауруға (эритробластозға) шалдықтырған. Кейінгі жылдары лейкозбен ауырған сиыр ұлпасынан вирус бөліп алды, оны БЛВ – бұқа лейкоз вирусы деп атады, оны С және ірі қара вирусының топтарына жатқызады.
2). Радиациялық теория – көптеген лейкоздардың пайда болуы белгісіз, өйткені лейкозбен ауырған малдардың барлығы бірдей сәулеге шалдыға бермейді. Алайда Хиросима мен Нагасакиде лейкозбен ауырғандар көбейген (бізде де Семей – ядролық полигон).
2). Радиациялық теория – көптеген лейкоздардың пайда болуы белгісіз, өйткені лейкозбен ауырған малдардың барлығы бірдей сәулеге шалдыға бермейді. Алайда Хиросима мен Нагасакиде лейкозбен ауырғандар көбейген (бізде де Семей – ядролық полигон).
3). Химиялық теория – лейкоздың пайда болуы – триптофан, тирозин, эндогенді лейкогенез кезінде эстрогенді гормондар секілді патологиялық алмасу өнімдерінің ағзаға жиналуымен байланыстырады.
Лейкоз патогенезі – қалыпты қан құрайтын ұлпалардыңмалигнизациялануына (қатерлі емес торшалардың қатерлі ісік торшаларына айналуы) тығыз байланысты. Малигнизация әр түрлі факторлардан: экзогенді және эндогенді канцерогендік заттардан, сәуле әсерінен, вирустардың енуінен т. б. факторлардан пайда болады.